|  |  |  | 

Жаңалықтар Көз қарас Саясат

Орыстар неге Қазақстаннан кетіп жатыр? Не болып қалды?

Есіңізде ме, 90-шы жылдары қазақтың рухы ерекше асқақтап тұрған. Сол тұстары ұлттық мәселе — елдегі өткір, өзекті тақырыптардың бірі еді.

Ширек ғасыр өткесін бұл дүние сәл саябырсыды. Әрине, бірінші кезекте Президенттің арқасында. Қазақ пен қазақтың жерін мекен еткен өзге ұлттарды бір жұдырыққа жұмылдыра алған Нұрсұлтан Назарбаев іс жүзінде татулығы мен тұрақтылығы сақталған мемлекет құрды.

Дәл қазір Қазақстан еліміздегі көптеген ұлт өкілдері үшін «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған ел». Енді ше, өзіңіз алып қараңыз, Қазақстанда қазақ мектептерімен қатар өзбек, ұйғыр, украин мектептері бар. Әр ұлт өз алдына ұлттық-мәдени орталығын құрып алған.

Бұл нені білдіреді? Бұл еліміздегі әрбір азамат тең құқылы деген сөз. Еліміздегі ешбір ұлт өкілдері ешнәрседен кемістік көріп отырған жоқ. Солай.

Соған қарамай, елдегі орыстілді қауым Қазақстаннан көшіп жатыр. Неге? Не болды екен?

Әрине, әрбір отбасының елден көшкен кездегі өз себебі бары түсінікті. Бірақ, тереңіне үңілсек орыстілділерге Қазақстаннан көшуге екі нәрсе түрткі болып отыр. Сіз тыңдаңыз. Біз айтайық.

Алғашқысы. Қоғамда қазақ тіліннің рөлі артып келеді. Қазақшалап айтсақ, мысы басып барады. Тіл ғана емес,

осы елдің, осы жердің қожайыны саналатын қазақтың саны өсуде.

Қазірдің өзінде қазақтардың саны 70 пайызға жақындап қалды. Тәуелсіздіктің елең-алаңында бұл көрсеткіш 50 пайызға да жетпейтін.

Бұл нені білдіреді? Орыстілді қауымға жақпаса да айтайық,

Қазақстан ұлттық мемлекетке айналып келе жатыр. Бір ғана ұлт тұратын, бір ғана ұлт мекен ететін…

Әрине, алаңдатады. Еліміздегі орыстілді азаматтар алаңдайды бұған. Себебі, осы уақытқа дейін мемлекеттік тілді меңгермеген олар. Осы себепті ертеңін ойлайды. Өзінің ғана емес, балаларының да…putin-vladimir-lenin-stalin-matreshka-rl-usmanov

Мәселе неде? Ұлттық мемлекетке айналып келе жатқан Қазақстанда орыстілді қауымға тек екі жол бар.

Бірі – қазақпен сіңісу, оның тілін меңгеру, ділін түсіну. Екіншісі – көшу.

Бұдан кейінгі себеп – Украинадағы оқиғалар. Оның ішінде Донбасс.

Еліміздегі орыстілді қауым Ресей Украинадағы әрекетін қайталап, өзінің «орыс әлемін» идеясын Қазақстанға тықпалар болса, «екі түйенің ортасында шыбын өледінің» тағдырын қайталаудан қатты қорқады.

Себебі, олар Донбасстағы жағдайды естіп, біліп отыр. Олардың екі оттың ортасында қалғысы жоқ.

Қазақстанда қалу немесе Ресейге көшу. Оларға соңғысын таңдаған тиімді.

Серік Мәлеев, «Алтын-Орда» газеті

365info.kz

Related Articles

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: