Әбдірдің ұлы еді – Қазақтың перзенті болсын!
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев осы кезге дейін Премьер-министр болғандардың ішінде қазақша жақсы сөйлейтін Нұрлан Балғымбаев, Иманғали Тасмағамбетовтен кейінгі үшіншісі. Экономика ғылымдарының кандидаты деген ғылыми атағы бар. Әкесі – Әбдір Сағынтаев кезінде Жамбыл облысының «Талас» мемлекеттік асыл тұқымды мал зауытында директоры болғаны есте, Социалистік Еңбек Ері. Бүгін Бақытжан Әбдірұлына бүкіл қазақ халқының арман-мүддесі, үкілі үміті тапсырылғандай болып отыр. Қазақша айтқанда «ындыны жарыған» жерден шыққан ғой, бір қайрат көрсетер деп сенеміз. Әйтеуір ана «51 зауытты» жолатпай-ақ экономиканы көтерудің жолдарын тапсыншы?!
Пікір қалдыру