Кәрім Мәсімов кетті, Үкімет қалды!
Әлеуметтік желілерде Кәрім Мәсімовтың доғарысқа кетуі туралы қауесет шындыққа айналды. Бүгін, 8-қыркүйекте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалып, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінен босатылды.
Осы Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара беретін болды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалуына байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.
Қазақстан Үкіметіндегі өзгерістер енді орын алатын шығар. Кімді қайдан көргілеріңіз келеді, ұсыныстарыңыз болса айтыңыздар!
Пікір қалдыру