|  |  | 

Жаңалықтар Мәдениет

Берел қорғаны бірегей мұражайға айналды

12-09-murzhai-1

Өр Алтайдың төріндегі Патшалар жазығында елімізде баламасы жоқ ашық аспан астындағы мұражай ашылды. Енді Берел қорғандарына келуші этнотуристер 8,5 метр тереңдікке түсіп, құнды археологиялық қазбаларды жақыннан көре алады.

Бұдан бұрын Шығыс өңірінде археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытудың аймақтық жоспары аясында Берел қорғандарына да қазба жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлағанбыз. Ғалымдар жаз бойы Берелде б.з.д IV ғасырға жататын адам сүйегі мен құрбандыққа шалынған жеті жылқының қаңқалары бар №2 қорғанды қазған болатын. Табылған жылқылардың барлығы да скифтік жануарлар нақышымен, атап айтқанда ежелгі көшпенділер мәдениетінде сирек кездесетін қораз бейнесінде безендірілген. Сонымен қатар қорғаннан қыш құмыралар шықты.

Жуырда Катонқарағай ауданындағы жұмыс сапары аясында қазба жұмыстарымен танысқан облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен құнды жәдігерлерді келушілердің көруіне мүмкіндік жасау үшін қорғанның үстінен бір жарым айдың ішінде шынылы шатыр тұрғызылды. Қатты шыныдан жасалған жабық кешен аумағы – 90 шаршы метр, ал биіктігі жәдігерлер жатқан тереңдіктен бастап 8,5 метрді құрайды.

– Ашық аспан астындағы мұражай – маңызды мәдени құбылыс. Бұл шараның Тәуелсіздік тойының 25 жылдығымен тұспа-тұс келуі баршамызды қуантады. Яғни, біз айтулы мемлекеттік мерейтойға зор ұлттық құндылықтарымызды ала келдік. Осы орайда Зейнолла Самашев бастаған археологтар қауымына үлкен алғыс білдіремін, – деді нысанның тұсаукесер салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

12-09-murzhai-2

Айта кету керек, Берелдегі бірегей кешенмен шетелдік ғалымдар да танысты. Арнайы шақырылған мәртебелі меймандардың бірі, Ресейдің Санкт-Петербург қаласының мәдениет институтының профессоры Николай Боковенко осы іспетті зерттеулер Тува мен Хакасия жерінде жүргізіліп жатқанын жеткізді. Шетелдік ғалымдар қысқа мерзімде мұндай мұражайды ашудың мүмкін бола бермейтінін, Шығыс өңірінде археологиялық табыстарға үлкен көңіл бөлінетіні қуантатынын атап өтті.

10 қыркүйек күні Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы аумағында жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесіне арналған «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оның жұмысына Франция, Оңтүстік Корея, Ресей және Моңғолия мемлекеттерінің дипломаттық корпустарының өкілдері, Қазақстан, Түркия, Ресей, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Польша, Қытай елдерінің үздік археологтары мен түркітанушылары қатысты.

Думан АНАШ,

Шығыс Қазақстан облысы.

12-09-murzhai-3

egemen.kz

Related Articles

  • Алматыда аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы: күдікті ұсталды

    видео кадры Қазнетте аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Видеода белгісіз адам жігітке бірнеше соққы жасайды. Диалогтан жәбірленушінің қандай да бір қаржылық қарызы бар екені белгілі болады. Кадр сыртындағы дауыс оның басынан ұрмауды сұрайды. Скриншот Алматы полициясы күдіктілерді ұстады. “Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • …ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.

    Әлеуметтік желіде осы отандасымызды қызу талқылап жатыр екен. Көбі сын айтып жатыр. Видео жазбаның толық нұсқасы жоқ, пікір-талас тудырған бөлігі ғана тарап жатыр екен. Соған байланысты өз ойымды айта кетпекшімін: Бірінші, отандасымыздың видеосы, фотосы әлеуметтік желіде желдей есіп тарап жатыр. Ол азаматтың (азаматшаның) жеке құпиясы саналатын фотосы, видео жазбасы кімнің рұқсатымен тарап жатыр екен? Өз басым осы постты жазу үшін ол азаматтың (азаматшаның) видеодағы бейнесін қара бояумен өшіріп тастауды жөн көрдім. Және рұқсатынсыз фото бейнесін жеке парақшама салғаным үшін одан кешірім сұраймын. Діни ұстанымы, ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз. Екінші, отандасымыздың діни ұстанымына байланысты айтқан сөздері қоғамда қатты пікір тудырған екен. Тіпті оны “ұлт дұшпаны”

  • ТӘҢІРІ ҚАЛАУЫ ТҮСКЕН ЖАН

    Мандоки Қоңырдың туғанына 80 жыл толуына орай «Тәңірі мені таңдады»  Мұхтар Мағауин Мандоки Қоңыр Иштван – отаны Мажарстан ғана емес, күллі түркі дүниесі қастерлейтін ұлық есімдер қатарындағы көрнекті тұлға. Шыңғыс жорығы тұсында Карпат қойнауындағы мадиярлар арасынан пана тапқан құман-қыпшақ жұртының тумасы Мандоки Қоңыр оннан аса тілді еркін меңгерген, бұған қоса зерттеушілік қарымы ерен, Тұран халықтарының фольклорлық-дүниетанымдық санасын бойына дарытқан ғалым. Ол түркология ғылымымен дендеп айналысып қана қоймай, ХХ ғасырдың төртінші ширегінде Шығыс пен Батыс­тың арасында алтын көпірге айналды, миллиондардың ықылас алқауына бөленді. Яки ол халықтар арасын жақындас­тырған мәмілегер, озықтарға ой салған көреген еді. Замана алға жылжыған сайын мерейтой иелері туралы айтылатын жайттар естелік пен өткен шақ еншісіне көшеді. Көзі тірі

  • Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды

    Алматы көшелерінде тұрған адамдар. 24 қаңтар 2024 жыл. 23 қаңтар сағат 00.09-да Алматыда қатты жер сілкінді. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 264 шақырымда, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған. Жер дүмпуінің магнитудасы 6,7. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі – 5 балл, Шымкентте 2 балл болған. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев адам шығыны мен қираған ғимараттар жайлы ақпарат түспегенін мәлімдеді. ТЖД халықты лифт қолданбауға, тез арада үйлерінен шығып, қауіпсіз аймақ табуға, газ, су және жарықты сөндіруге шақырды. Ведомство халықты сабыр сақтауға үндеді. Ал сағат 00:44-те Алматыда жүр дүмпуі қайталанғаны, екінші жер сілкінісі шамамен 2-3 балл болғаны

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: