|  |  | 

Суреттер сөйлейді Әлеумет

Моңғолия қазақтары қалай өмір сүруде?

Моңғолия қазақтары қалай өмір сүруде? Баянөлгей – Моңғолиядағы қазақтар ең жиі шоғырланған аймақ. 1940 жылы құрылып, моңғолдар тарапынан қазақтарға бөлініп берілген.

 

Ең қызығы, Баянөлгей қаласының да, аймақтағы ауылдардың да шатырлары осылай қызылды-жасылды, түрлі-түсті болып келеді. Көрген, қонаққа келген адамға көтеріңкі көңіл-күй сыйлары анық, деп жазады islam.kz сайты.

 

 

Қонақтарды қаланың кіреберісінен осындай домбыра ескерткіші қарсы алады. Бұл ескерткіш те қаламен жасты болса керек.

 

 

Демалыс күні болғаннан кейін қала орталығында адам аз.

 

 

Өлгейдің негізгі жиындары осы орталық алаңда өтеді.

 

 

Көшеден тақиялы аталар мен жаулықты апаларды жиі кездестіруге болады.

 

 

Алматының “Көктөбесі”, Астананың “Бәйтерегі” сынды қаланы биіктен тамашалайтын “Достық” шыңы.

 

 

Баянөлгей халқына биыл бұрын жоқ мінез көрсетіп, арнасынан тасыған Қобда өзені осы.

 

 

Жергілікті супермаркеттердің бірі.

 

 

Мұнда қазақтың баяғы көшпелі ғұмыры әлі сақталған. Бұл өлкедегі қазақтар жазда қыстық үйлерін бекітіп, жайлауға, киіз үйге көшіп кетеді екен. Ал кейбірі жайлауға кетпесе де, осылай есіктерінің алдына киіз үй тігіп, сонда көшіп алады, жазғы қонағын да сонда күтеді. Моңғолияға жазда барсаңыз, әр қазақтың үйінен осындай киіз үйді көретініңізге кепілдік бар.

 

 

Киіз үйдің ішкі жабдығы шамамен осындай болып келеді. Тек  Әр дүние орнында, рет-ретімен орналасқан. Және осындай киіз үйдің жабдықталуы арқылы үй иесінің әлеуметтік жағдайын байқауға болады.

 

 

Кейбір үйлердің алдында екі киіз үй тұр. Бірі қонақ күтуге, тамақ ішуге арналса, екіншісі – жатын үй.

 

 

Мына кестелердің бәрін үй иелерінің бәйбішелері өздері тіккен. Мұнда қыз балаға – қолөнер меңгеру міндетті.

 

 

Қобдадан Өлгейдегі туыстарына қонаққа келген бала масаға әбден таланыпты.

 

 

Мына бір әжей балаларына үй тігісіп жүр. Уық қадаудың өзі – бір өнер.

 

 

“Үйді өзімізге емес, турист боп келетін ағылшындарға арнап тігіп жатырмыз. Жылда талайын күтіп алып, шығарып саламыз. Балам соларға гид болып ақша табады” дейді әжей. Жалпы, Моңғолия – туристер ең көп келетін, әсіресе өркениет дамыған елдерді ерекше қызықтыратын жұмбақ ел.

 

 

Әжесіне үй тігісуге Айша да келді.

 

 

Үйдің қаңқасы дайын секілді.

 

 

Баянөлгейде жаңа, үлкен үй салып жатқан қазақтарды жиі кездестіруге болады. Мына аға – соның айғағы. Үйдің әбігерімен жүр.

 

 

Мына сәбидің дүниеге келгеніне 10 күн де толмаған екен. Аты да қойылмапты. Қазақтың салтымен көрімдік ұсындық, олар бізді қонақжай дастархандарына шақырды.

 

 

Баянөлгей қазақтарының дастарханынан құрт, ірімшік, жент үзілмейді. Біздегідей кәмпит, пірәндік секілді тәттілер дүкендерде толып тұрса да, дастарханға сирек қояды.

 

 

 

 

 

 

Моңғолия қазақтары шәйді қантпен емес, тұзбен ішеді. Әрі бетінде осылай май қалықтап жүреді.

 

 

Мұндайды көрген қонақ іше алмай алғашында қиналуы мүмкін, бірақ бұл жақтың балалары қант сұрап жыламайды.

 

 

Моңғолия қазақтары – өте қонақжай. Танитын-танымайтынына қарамайды, бір қойын сойып, бірден дәмге шақырады.

 

 

Бұл жақта жас етке қамыр салмайды. Осы күйінде алдыңызға тартады. Қамыр тек сүр етке тиесілі екен.

 

 

Артынан балалардың сыбағасы – қостабақ келеді.

 

 

Еншісіне құлақ тиіп, мәз болған Айзере.

 

 

Ал мына бір бүлдіршін қатықты жақсы көретін секілді.

 

 

Қойдың басын жегізіп, әбден сый көрсеткен соң, үй иесі қысқы соғымнан қалған сүр етін асады.

 

 

Етпен қатар ұсынылатын бұл жақтың қымызы туралы әңгіме бөлек. Еш жерден мұндай тәтті қымызды ішпегеніңіз сөзсіз. Қай үйге, мейрамханаға барсаңыз да, онда міндетті түрде, қымыз болады. Бұл ел қымыздың бабын біледі.

 

 

Сүр етпен жасалатын “Қуырдақ” – Өлгейде жиі жасалатын дәмнің бірі.

 

 

Ата-бабамыздың игі салт-дәстүрін берік ұстанып келе жатқан Өлгей өлкесіне барар болсаңыз, басқа-басқа, бірақ тамақтан қиналмасыңыз анық.

 

 

Қала көшелерінен мотоцикл мінген осындай жігітті көрсеңіз, ол тегін тұрған жоқ.

 

 

Олар осылай кезекке тұрып, “таксовать” етеді. Бір сәтке өзіңізді мотоцикл-таксиде отырған күйде елестетіп көріңізші.

 

 

Баянөлгей көшелерінен түрлі адамдарды кездестіруге болады.

 

 

Фотоға түсіріп жүрген біз секілді жұртқа, таңданыспен қарайды.

 

 

Қалада моңғолдар көп болмаса да, аракідік осылай ұлттық киімін киіп алған моңғолдарды да кездестіруге болады.

 

 

Өлгей базары – тіршіліктің қайнап жатқан ортасы. Мұнда әсіресе, қолөнер өнімдері жиі кездеседі. Сосын түйе жүнінен жасалған заттарға сұраныс көп.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мына екі келіншектің аяқтарындағы етікке қарасаң, қырдан жаңа келген секілді. Жалпы, Өлгей базары маған өзіміз кітаптардан оқитын ХХ ғасырдағы қазақ ауылына түсіп кеткендей әсер қалдырды. Адамдардың жүздері де, киім киістері де, тіпті ықылас-пейілдері де өткен ғасырды елестете берді…

 

 

Моңғолияда ұлттық мерекелер өте жоғары деңгейде тойланады. Жұмыс тоқтап, дүкендер жабылып, жалпыхалықтық тойға айналады. Сондай бір мерекенің үстінен біз де түстік. Қырдағы тойына қатыстық.

 

 

Тойға халық түрлі көлікпен келген.

 

 

Арасында машинамен, мотоциклмен, тіпті атпен келгендері де кездеседі.

 

 

Бәйгеге шабатын тұлпар.

 

 

Моңғолияда күрес жақсы дамыған. Қандай да бір мереке немесе той болсын, міндетті түрде күрес болады. Әрі палуандар моңғолдың күресетін осындай арнайы киімін киіп күреседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеңімпаз палуанды көріп қалайын деп ентелеген жұрт. Құдды “Менің атым – Қожа” фильміндегі Қожа мен Сұлтанның жайлауға барғанда көретін тойы секілді.

 

 

Той әсіресе, балалар үшін қызық. Қалағанын жеп, көңіліндегісін ішіп, асыр салып бір ойнап алатын уақыт. Мұндағы балалардың біздегідей планшет немесе телефон ойнап отырғанын сирек көресіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ балалары тойға осылай ата-әжесіне еріп барады.

 

 

Той – көптен көріспеген құрбылардың кездесетін күні.

 

 

Тойға жиналған халық киіз үйлерге қарай той дастарханына ағылды.

 

 

Оған да атпен барамыз.

 

 

Немесе мотоциклмен де жетуге болады.

 

 

Тойға жиналған ағалардың киімдерінен қазақылықтың иісі аңқиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама 1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. 1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады. 1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім

  • Чунциндегі кездесу

    Тарихи сурет Уақыты: 28 тамыз 1945 ж.; Орыны: Чунцин (重慶) қ-сы; Түсініктеме: Тарихи суретте АҚШ-тың қытайдағы өкілетті елшісі Патрик Херли және Қытай президенті Чан Кайши мен ҚКП төрағасы Мао. Чунциндегі кездесу кезінде диалогқа келе бастаған қытайлық партия өкілдері алпауыт ел АҚШ пен Совет Одағының “қытай саясатын” жаңа дағдарысқа әкелді. Көріністе азаматтық соғысты тоқтатып бүкілқытайлық мәселені шешу болғанымен үлкен қастандықтың басы содан басталды. Алпауыт тараптар қытай картасын өзгертетін жаңа диалогтарды қызу талқылап жатқанда Шығыс Түркістан аумағында бір уақытта үш бірдей уақытша үкімет өмір сүрді. Олар: Бірінші, отставкадағы Шэн Шицай кланы; Екінші, Ву Чжунсинның уақытша үкіметі; Үшінші, Шығыс Түркістан уақытша үкіметі. АҚШ-тың қытайдағы өкілетті елшісі Патрик Херли Шығыс Түркістан аумағын назарға ала

  • Жер сілкінді, ал санамыз сілкіне ме?

    Бірінші, Алматы жер сілкініс белдеуі аймағына жатады, ол ғылымда әлдеқашан дәлелденген, оған құмалақ ашып жаңалық айтудың керегі жоқ. Орталық Азияның қауіпті сілкініс белдеуінің бір жолағы Қазақстанның біраз аймағын қамтып жатыр. Жер кеше сілкінген, бүгін сілкінді, түптің түбінде ертең де сілкінеді және сілкіне береді. Жер- күнәнің көптігі үшін сілкінді деп аңыраған жұртқа құрғақ ақыл айтатын қаймана уағыз қай қоғамда болсын табылады, жер- атеист пен тәңіршілге “Аллаһты еске салды” дейтін міскін ой, асығыс тұспал қай жамағатта болсын табылады, бірақ табылмай тұрғаны ҒЫЛЫМ, мән берілмей тұрғаны да осы. Екінші, жерді кім сілкісе де мейлі, маңыздысы ол емес, онсыз да сілкініс белдеуінде тұрып жатырмыз, “ұйқыдағы” сілкініс пен жанар тау бізде онсыз да баршылық. Мәселе

  • 87. КІП-КІШКЕНЕ ФОТОБОМБА

    Уэббтың MIRI аспабын сынау деректерін қарастырып отырған ғалымдар күтпеген жаңалық ашты. Сынақ кезінде басқа нысан бақыланса да, Уэбб телескопы үлкендігі небәрі 100–200 метрлік астероидты кездейсоқ түсіріп алыпты! Марс пен Юпитер орбиталары арасындағы Негізгі астероидтар белдеуінде орналасқан дене Уэбб көрген ең кішкентай нысан болса керек. Негізгі белдеудегі кішкентай астероидтар ірі көршілеріне қарағанда нашар зерттелген, өйткені оларды осынша қашықтан бақылау қиын. Уэббтың болашақ арнайы бақылаулары астрономдарға мұндағы 1 километрден кіші астероидтарды зерттеп, Күн жүйесінің түзілу модельдерін нақтылауға мүмкіндік береді. Астроном Томас Мюллердің пікірінше, тосынсый үшін Уэббтың осы кішкене денені 100 миллион километр қашықтықтан көре алатын таңғажайып сезімталдығына рақмет айтуымыз керек. Және бұл соңғы тосынсый болмас. Ғылыми ұжым Күн жүйесі жазықтығын (ал Күн

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: