Оксфорд әлемдегі ең үздік университет деп танылды
Британдық Times Higher Education басылымы мен Thomson-Reuters ақпарат агенттігінің бірге жасаған рейтингі бойынша, Оксфорд университеті әлемдегі ең үздік оқу орны деп танылды.
Бұған дейін 13 жыл қатарынан бұл рейтингте америкалық университеттер бірінші орында болған. Бұл жолы Оксфорд бес жыл бойы осы рейтингте бірінші орында тұрған Калифорния техникалық университетін озды.
Үшінші орында калфиорниялық Стэнфорд, төртінші орында британиялық Кембридж, одан кейінгі орындарда Массачусетс техникалық институты, Гарвард университеті тұр. Үздік ондыққа алты америкалық жоғары оқу орны енген. Мәскеу мемлекеттік университеті 188-орын алған.
Бұл рейтингке Қазақстан университеттері енбеген.
Пікір қалдыру