|  | 

Тарих

Белгілі тұлғалардың белгісіз жетістіктері

Белгілі тұлғалардың белгісіз жетістіктері

Аты әлемге әйгілі адамдар туралы мәліметтерге әркімнің-ақ құлағы қанық. Олар жайында біліп, қабілеттеріне сүйсінген жастар ұлыларды үлгі тұтады. Алайда, “білмейтінің тоқсан тоғыз”  дегендей, бұл тұлғалардың өмірінде ақ дақ қалмағандай көрінгенмен, біз білмейтін қасиеттері де жетіп артылады екен. Ендеше, біле жүрейік, ойға түйе жүрейік! Massaget.kz тен алынды.

Уолт Дисней Оскар сыйлығына 59 рет ұсынылған

Тарихта Уолт Дисней басқа адамдарға қарағанда, ең  көп марапатқа ие болып, Academy Awards сыйлығы бойынша көптеген номинация алу арқылы рекорд жасады. Дисней өз мансабында Оскар сыйлығына 59 рет ұсынылып, оны 22 рет жеңіп алған. Ол, сонымен қатар, төрт рет құрмет Оскар сыйлығын иеленді. Солардың бірі, қиялы арқылы кинофильмдерде дыбыс пайдалануды жақсартқаны үшін,ал басқасы Микки Маусты ойлап тапқаны үшін берілген еді. Сонымен қатар, ол Emmy Awards сыйлығымен 7 рет марапатталды.

Альберт Эйнштейн Израиль елінің президенттігіне ұсынылған

Эйнштейн бала кезінде еркін сөйлей алмаған екен. Сол себепті, ата-анасы оның ақыл-есі кем болуы мүмкін деген ойға келеді. Алайда, Альберт Эйнштейн терең білімінің арқасында Израиль елінің президенттігіне ұсынылады. 1952 жылы Хаима Вейзманн есімді президент қайтыс болғаннан кейін, премьер-министр Давид Бен-Гурионнан осындай ұсыныс түседі. «Мен аздап ғылымды ғана білемін, ал адамдар туралы мүлдем ештеңе білмеймін» деп, Эйнштейн президенттіктен бас тартады. Ата-анасы үміт күтпеген бала тек ғылымда жетістікке жетіп қана қоймай, сонымен қатар скрипка аспабында ойнай білген.

Джордж Бернард Шоу — Нобель және Оскар сыйлықтарын бірдей алған жалғыз адам

Ирланд отбасында дүниеге келген ағылшын жазушысы Джордж Бернард Шоу қос марапатты бірдей алған жалғыз адам – ол Нобель сыйлығын 1925 жылы әдебиетке орасан зор үлес қосқаны үшін және 1938 жылы Оскар сыйлығын «Пигмалион» фильмі бойынша жасаған жұмысы үшін иеленді.

Леонардо да Винчи бір қолымен жазып жатқан кезде,
екінші қолымен сурет сала алатын болған

Леонардо да Винчи керемет суретшілімен қатар, өнертапқыш, ғалым, математик, инженер, жазушы, музыкант және тағы басқа қасиеттерге ие болған. Леонардо да Винчи бір қолымен жазып жатқан кезде, екінші қолымен сурет сала алатын болған. Тарихи тұлға керісінше жазу арқылы өз ойларын басқалардан жасырын ұстаған. Оның шығармаларын оқу үшін айна пайдалануға тура келеді.

Леонардо да Винчи Мона Лиза кескіндемесін жасауға 15 жыл жұмыс істеді. Ол 1519 жылы қайтыс болған кезде, туындының бетінде күні жазылып, қолы қойылмаған болатын. Бұл суретшінің ойынша Мона Лиза кекіндемесі аяқталмаған болса керек.

Наполеон Бонапарт суретші әрі жазушы болған

Францияның мемлекеттік қайраткері, қолбасшы, император Наполеон Бонапарттың аты өз кезінде күллі ғаламды дүр сілкіндірген. Оның мықты әскери қабілеттерінен өзге, біз білмейін қырлары да бар болып шықты. Мысалы, Италия ұлттық туының суретін Наполеон Бонапарттың өзі дайындаған. Наполеон, сонымен бірге «Клиссон және Евгения» атты романтикалық туынды жазған. Бұл оқиғада жауынгер мен оның сүйіктісі арасындағы сезім сипатталады. Бұдан өзі мен Дезирэнің арасындағы қарым-қатынастан айқын параллель көруге болады.

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: