|  | 

Шоу-бизнис

Қазақстан «ядролық қарудан бас тартқан соң байып кетті»

Қазақстанды Солтүстік Кореямен салыстырады


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын (ортада) ядролық полигонда. 9 наурыз 2016 жыл.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын (ортада) ядролық полигонда. 9 наурыз 2016 жыл.

Америкалық газет Қазақстан «ядролық қарудан бас тартқан соң байып кетті», ал Солтүстік Корея жанталаса қаруланамын деп «құрдымға кетіп барады» деп жазады. Халықаралық баспасөз Қазақстандағы биліктің ауысуы жайлы да сөз қозғаған.

«ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ БАЙЫҒАН ЕЛ»

Американың Washington Times газетінің Қазақстан мен Солтүстік Кореяны салыстырып, «Комментарий» айдарымен жариялаған «Ядролық контрасты зерттеу» мақаласында «Атом бомбасын жасауға жанталасқан Солтүстік Корея құрдымға кетіп барады, ал атом бомбаларынан бас тартқан Қазақстан бай елге айналды» деген ұйғарым жасалған. «Өзінің ядролық оқтұмсықтарын Ресей-анасына, ал адамды ажал құштыратын плутоний «байлығын» Сэм ағайдың қарауына бергеннен кейін Қазақстан 20 жылда Орталық Азияның ең бай еліне, ал ГУЛАГ-қа ұқсаған мемлекет – Солтүстік Корея аштық пен үрей жайлаған тозаққа айналды» деп жазады автор.

Бұған қоса мақалада «Азаматтарының халықтың жан басына шаққандағы кірісі ең жоғары әрі экономикасы дамып келе жатқан ел болғандықтан ғана емес, дипломатиялық көшбасшылығы да тұрақты түрде өсіп келе жатқандықтан Қазақстанды Орталық Азияның жарық жұлдызы атайды» деп жазады. Мақала авторы елдің ЕҚЫҰ, ИЫҰ-на (Ислам ынтымақтастығы ұйымы – ред.) төрағалық етуі мен 2017 жылдың қаңтарынан бастап БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіне бақылаушы ел ретінде мүшелік ететінін де мақтаған. «Ұлттардың орны нені қалайтынына ғана емес, неден бас тартқанына қарай да анықталады. Әлем елдерінің билігі мен инвесторлары Солтүстік Кореядан қорқуды, ал Қазақстанға сенім артуды үйренді» делінген мақалада.

Мақала авторы Дуглас Бертон – АҚШ мемлекеттік департаментінің Киркуктегі (Ирак) бұрынғы қызметкері әрі шетел баспасөзі арасында үшінші жыл қатарынан өткізілген қазақстандық конкурстың финалисі.

МҰРАГЕР ЖАЙЛЫ ЖОРАМАЛДАР

Ал Тайландтың Bangkok Post газеті орнынан сөзсіз кететін Қазақстан президентін кім ауыстыратыны жұрттың көбін алаңдатады деп жазады. «Совет заманынан қалған жалғыз босс – Қазақстан басшысының әлі күнге дейін мұрагері жоқ» деген мақалада «Өзбекстанның ардагер басшысы» қайтыс болғаннан кейін 76 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев «СССР қойнауынан шыққан елді әлі басқарып отырған әрі совет дәуірінің көзі тірі соңғы басшысына айналды» деп жазған.

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ұлыбритания патшайымы Елизавета және принц Филипп Букингем сарайында. Лондон, 4 қараша 2015 жыл.

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ұлыбритания патшайымы Елизавета және принц Филипп Букингем сарайында. Лондон, 4 қараша 2015 жыл.

«Назарбаев өзгелердің ел қоғамында танылуына көп мүмкіндік бермей келеді. Жаңалық бағдарламалардың көбі ол жайлы хабар таратады әрі «Ұлт көшбасшысы» деген ресми атағы бар. …Қазақстанда элита қызметке таласа бастауы мүмкін болғанымен, елдегі қарапайым халықтың көбі тәуелсіздік алғаннан бері басқарып келе жатқан жалғыз президентке әлі бейіл сияқты» делінген мақалада.

Лондондағы GPW консалтинг компаниясы сарапшысы Кейт Моллинсонның сөзіне сілтеме жасаған мақалада «Қазақстандағы билік транзитінің Өзбекстандағы транзиттен айырмашылығы бар. Қазақстан экономикасы әлдеқайда жақсы дамыған. Бұған қоса, бұл елде басшының ауысуынан зардап шегуі мүмкін қилы мүдделер де көп шоғырланған» деп жазылған. Газет жұрттың көбі Қазақстан президентінің қызы Дариға Назарбаеваға көз тігіп отыр, бірақ ол премьер-министр орынбасары қызметінен айырылғаннан кейін «шолушылардың кофе тұнбасына қарап бал ашудан өзге амалы қалмады» деп жазады.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫЛЫСТАР МЕН АВСТРАЛИЯДАҒЫ КӨРМЕ

Үндістанның New Kerala газетінің жазуынша, Қазақстан аз байытылған уран қорын сақтайтын кешен құрылысын бастап жатыр. 2015 жылдың тамызында Қазақстан мен халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) Өскемен қаласында аз байытылған уран қорын сақтайтын қойма құру туралы келісімге қол қойған. МАГАТЭ дерегінше, ядролық отын қоймасына үлкен бір қаланы үш жыл бойы электр қуатымен қамти алатын атом реакторының жұмыс істеуіне жететін 90 тоннаға дейін уран сыяды.

Қазақстанның энергетика министрлігіне қарасты атом энергетикасы комитеті төрағасының орынбасары Тимур Жантикиннің сөзін келтірген мақалада уран қоры Үлбі металлургиялық зауыты аумағында салынатын жеке бөлек кешенде сақталатын болады әрі 2017 жылдың екінші жартысында іске қосылады деп жазылған.

Аз байытылған уран қорына МАГАТЭ иелік етіп, бақылайды. Онда сақталатын ядролық отын қоры коммерциялық нарықта уранды сатып алу мүмкін болмай, атом электр станцияларының жұмысы тоқтап қалған ұйымға мүше елдердің тапсырысы бойынша аса қажеттілік туындаған жағдайда ғана пайдаланылмақ.

Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны территориясындағы «Атом көлі». Шығыс Қазақстан облысы, 22 тамыз 2009 жыл.

Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны территориясындағы «Атом көлі». Шығыс Қазақстан облысы, 22 тамыз 2009 жыл.

Австралияның ABC.net газеті Австралияның аборигендер тілінен аударғанда «найзағай» дегенді білдіретін Маралинг полигонында жүргізілген ядролық сынақтардың 60 жылдығына орай ұйымдастырылған көркем көрме жайлы жазған. 1956-1967 жылдар аралағында әлгі полигонда Ұлыбритания билігі 600-ден аса «шағын сынақ» өткізген. Көрме кураторы Джей Ди Миттманның айтуынша, Маралинг атауы 1953 жылы Австралияның оңтүстігіндегі Эму полигонында алғашқы ядролық сынақ өткізілгеннен кейін елді тұмшалаған «жұмбақ» қара шаң-тозаңды еске салады.

Black Mist Burnt Country (Қара шаңға бөккен ел) көрмесіне 60 суретшінің жұмысы қойылған. Жеке меншік және мемлекет қарауындағы топтамалардан тұратын картиналар Хиросимадағы алғашқы ядролық жарылыстан кейінгі 70 жыл бойы өткізілген ядролық жарылыстарды көрсетеді. Суретші туындыларының тақырыптары Невада, Тынық мұхиттың оңтүсік бөлігінде Франция жүргізген сынақтарды және Қазақстандағы Семей полигонындағы советтік атом қаруы сынақтарын қамтиды.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы 

Related Articles

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

  • Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    “Слован” командасының қақпасына гол соққаннан кейінгі сәт. Дастан Сәтпаев (сол жақта). “Қайрат” футбол клубының парақшасы. 6 тамыз 2025 жыл. Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды. Матч кестесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Алматының “Қайрат” командасы чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты “Қайрат” футбол командасының мүшелері жеңісті тойлап жатыр. 26 тамыз, 2025 “Қайрат” фк Instagram парақшасынан алынған скриншот.  Футболдан Алматының “Қайрат” командасы Еуропа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның “Селтик” командасын пенальти сериясы арқылы жеңді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

  • Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Microsoft компаниясының негізін қалаушы және әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Билл Гейтс өзінің байлығын қайда жұмсайтынын ресми мәлімдеді. Кәсіпкер Африка елдеріндегі денсаулық сақтау, білім беру және кедейлікпен күрес салаларына шамамен 200 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. «Жуырда мен өз байлығымды 20 жылдың ішінде толықтай тарату жөнінде шешім қабылдадым. Қаражаттың басым бөлігі осы жерде, Африкада, түрлі мәселелерді шешуге көмектесуге бағытталады», – деді Билл Гейтс өзінің қорымен бірлескен баспасөз мәслихатында. Басты басымдықтар: – инфекциялық аурулармен күрес (соның ішінде безгек, туберкулез, ВИЧ); – ана мен бала денсаулығын жақсарту; – ауылдық аудандардағы білім беру сапасын арттыру; – таза ауызсу мен санитария инфрақұрылымын дамыту; Билл Гейтс: «Бұл – қайырымдылық емес, бұл – инвестиция.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: