|  | 

Әлеумет

Ұзынағашта жоғалған үш жігітке қатысты қылмыстық оқиғаның хронологиясы 

Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түзсіз жоғалып, соңында құмға көмілген сүйектері табылған болатын. Baq.kz редакциясы жалпы жағдайды назарда ұстап, әр күнгі болған оқиға тізбектерін жариялап отырған еді. Енді соңы қайғымен аяқталған қылмыстық оқиғаның хронологиясын ұсынады.

4-5 жылдан бері мал саудасын кәсіп еткен 1979 жылы туған Долданұлы Жарқынбек, 1973 жылғы Зарлыханұлы Мұқият пен Әлімхан Қадылбек есімді жігіттер Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан 43 бас мал сатып алып, оны екі жүк көлігімен 17 қыркүйек, сенбі күні, Алматы маңындағы Ұзынағаш базарына шығарған.

Сенбі, 17 қыркүйекте: Сол күні олар екі бас малдың сатылғанын, қалғандарын да сату үшін ертеңгі жексенбілік базарға шығатынын айтып, үйіндегілерге хабарлаған.

Жексенбі, 18 кыркүйекте: Оларға жексенбі күні бейтаныс бір азамат келіп, «Малдарыңның бәрін мен сатып аламын. Ұзынағаштан 40 шақырым жердегі үйіме жеткізіп беріңдер. Ақшаларыңды сол жерден аласыңдар», – деп, әр бас малға 143 мың теңгеден бағасын да келісіп кеткен.

Сол күні көрген куәгерлердің айтуынша, жоғалған жігіттер: «Малдарымыздың қалған 41 басын біреулер алатын болды. Үйіне жеткізіп беріп, ақшамызды алып, кешке қарай біз де үйге қайтамыз», – деген.

Сатып алған адамға малдарын жеткізіп беруге жолға шықанын айтып, үйіндегілерге телефонмен хабарлаған.

Түстен кейіннен бастап олардың телефондары сөндірулі болады.

Дүйсенбі, 19 қыркүйекте: мүлде хабарсыз кетсе де, тусықандары оларды келеді деп күткен. Тергеу нәтижесіне сай, бірінші машина осы күні өртенген.

Сейсенбі, 20 қыркүйекте: ешқандай хабар болмаған соң, үш жігіттің біреуінің ағасы Адал Зарлыхан отбасындағылармен ақылдаса келе, Алматы облысы Көксу аудандық ішкі істер бөліміне інілерінің жоғалғаны жайлы арыз түсіріп, қасына бірнеше адам ертіп, Алматы жаққа жігіттерді іздеуге шыққан. Ұзынағаш, Отар және қырғыз-қазақ шекарасы маңын шарлап іздеген. Түнгі сағат 21:00 мөлшерінде Қордай полциясына үш жігіттің жоғалғаны жайлы арыз қалдырған.

Сәрсенбі, 21 қыркүйекте: туыстарын іздеген аталмыш жігіттер күні бойы Шу жақты шарлап келіп, кешке қарай Ұзынағаштағы Жамбыл аудандық ішкі істер бөліміне арзы жазған. Олар Ұзынағаш аудандық ішкі істер бөлімінде отырған кезде үстілерінен «Талдықорғаннан келдік» деп үш адам кірген. Ол жерде отырған полицейлер бір-біріне орысша сөйлеп: «Кешегі өртенген машина осылардікі емес пе екен?» деген сияқты әңгімелер қозғаған.

Бейсенбі, 22 қыркүйекте: іздеу шараларынан еш нәтиже болмаған соң, жоғалған жігіттердің біреуінің ағасы Тұрсын Әлімхан деген азамат Baq.kz редакциясына хабарласып, ақпараттық көмек беруін өтінген.

Бұл күні жоғалған жігіттерге тиесілі бір көлік өртенген күйінде табылған.

Сол күні кешке қарай өртенген машина туралы хабарды естіген Адал Зарлыхан полицейлерге еріп, нақ майданға барған. Жол бойындағы камераларды тексеріп, еш дерек көре алмаған. Сол машина өртенген уақытта оны көрген бір малшы мен дәмханада жұмыс жасайтын тағы бір әйел Ұзынағаш полициясына хабар береген. Бірақ ешқандай құқық қорғаушы көлік өртенген жерге келмеген. Куәгерлер «бұл көліктің кешкі 20:40 кезінде өртенгенін, 20 қыркүйектен 21 қыркүйекке қараған күні кеште, қасынан алдыңғы бампері сынған жеңіл көлікке мінген екі адамның кетіп бара жатқанын көргенін» айтқан.

Жұма, 23 қыркүйекте: Жамбыл облысы Дегерес ауылынан екінші машина табылды.

Ол туралы қытайдан көшіп келген бейтаныс оралман жігіт хабарлаған. Ол мал сатып жүрген жігіттердің жоғалғанын, ел болып іздеп жатқанын интернеттен көріп, иесіз тұрған көліктің қасына барып фотоға түсіріп алған да, тілеулестік ниетпен іздеушілерге хабарлап, ватсаппен фотосын жіберген. Бұл хабарды ести сала, туысқандары таңғы бес мөлшерінде полицейлермен бірге майданға барған. Оны өзге екі полицей күзетіп тұрған. Көліктің аккумуляторы ұрланыпты.

 

Көлікті көргенін хабарлаған жігіт, «өткен кеште өзінің бір танысының мал тиеген, бұзылып, оталмай қалған бір жүк көлігін жөндеп бергенін» айтып, ол адамның телефон нөмірін берген. Іздеушілер, яғни, Адал Зарлыхан бастаған адамдар әлгі адамға хабарласып, кездескен. Сол екінші куәгердің айтуынша: «бұрын полиция қызметкері болған бір жігіт келіп, машиналары бұзылып қалғанын, жөндеп беруін өтініп, ертіп барған. Ол кезде жоғалған үш жігіт бұл жерде де болмаған. Полицияда жұмыс жасаған әлгі жігітпен қоса ол жерде өзге екі адам және иесімен қоса бір трактор болған. Ол оталмай қойған машинаны сүйреуге келгенін айтқан.

Жүк көлігі жөнделген соң рөлге асығыс отырған олар машинаны орнынан қозғап қалғанда жол шетінде жақын тұрған тракторды барып соғып, аударып тастаған.

Ол тркаторды тартып тұрғызу үшін өзге көліктер шақырылған. Сосын бұзылған машинаны жөндеген жігіт үйіне қайтып кеткен.

Іздеушілер бұл хабарды ести сала сол маңайға барып, көздерімен анық іздерді көрген.

Осы күні түнге қарай іздеуші жігіттердің күшімен Шиен деген ауылда жайылып жүрген жерінен 35 бас мал табылды.

Сенбі 24 қыркүйекте: Алматы облысы Жамбыл ауданында өткен жексенбіде жоғалған мал саудасымен айналысатын үш жігіттің қаза тапқаны белгілі болды. Ол туралы полиция марқұмдардың туыстарына естірткен.

 

Қылмыскерлер үш мүрдені Алматыдан 270 шақырым жерге апарып, иен шұңқырға тастап, көңмен көміп кеткен.

Қанды қылмысты тергеу жұмыстары Алматы облысы әкімдігінің назарына алынды.

Бүгін, Ұзынағаш полициясы тексеру нәтижесінен соң, қапыда жазым болған үш азаматтың сүйектерін қайтарып берді.

Жаназа намазы ертең, яғни, 27 қыркүйек күні Алматы облысы Көксу ауданы Қазақстан ауылында сағат 10:30 да оқылады.

Қоғамда зор дүмпу тудырған атышулы оқиға жайлы қазірге дейін ешбір құзырлы орган арнайы мәлімдеме жасаған жоқ.

Қаза болған үш азаматтың артында 9 бала жетім қалды…

 

Related Articles

  • Жер сілкінді, ал санамыз сілкіне ме?

    Бірінші, Алматы жер сілкініс белдеуі аймағына жатады, ол ғылымда әлдеқашан дәлелденген, оған құмалақ ашып жаңалық айтудың керегі жоқ. Орталық Азияның қауіпті сілкініс белдеуінің бір жолағы Қазақстанның біраз аймағын қамтып жатыр. Жер кеше сілкінген, бүгін сілкінді, түптің түбінде ертең де сілкінеді және сілкіне береді. Жер- күнәнің көптігі үшін сілкінді деп аңыраған жұртқа құрғақ ақыл айтатын қаймана уағыз қай қоғамда болсын табылады, жер- атеист пен тәңіршілге “Аллаһты еске салды” дейтін міскін ой, асығыс тұспал қай жамағатта болсын табылады, бірақ табылмай тұрғаны ҒЫЛЫМ, мән берілмей тұрғаны да осы. Екінші, жерді кім сілкісе де мейлі, маңыздысы ол емес, онсыз да сілкініс белдеуінде тұрып жатырмыз, “ұйқыдағы” сілкініс пен жанар тау бізде онсыз да баршылық. Мәселе

  • Әйелдің бағы бес елі екен. Өйткені ол АҚШ-та тұрады…

    Полицейдің жуан білегіне қолын сүйеп, басын иіп шексіз ризашылықтың ишарасын білдіріп тұрған мына әйел күн бұрын дүкеннен бес жұмыртқа ұрлап, қолға түседі. Оқиға орнына жеткен Уильям Стейси ұрының қолына кісен салып, қамаудың орнына бес жұмыртқаға бола басын қатерге тіккен бейбақты сөзге тартады. Сұрай келе үйінде төрт баласы ашқұрсақ отырғанын, екі тәуліктен бері нәр татпағанын біледі. Шиеттей бала-шағамен айына 120 долларға ғана жан бағатынын, оның өзін біреуге ұрлатып алғанын естиді. Мән-жайға қаныққан офицер сол жерде әйелді босатып, үйіне жеткізіп салады. Күдігін сейілту үшін отбасының жағдайымен танысып, байғұс ананың алдамағанына көз жеткізеді. Кетерінде ұрлық жасау – тығырықтан шығар жол еместігін айтып, бұдан былай заң бұзбауын ескертеді. Бие сауым уақыт өткен соң ашқұрсақ

  • Талдықорғанда дәрігерлерге ескерткіш ашылды

    Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында «Аяулы алақан» аллеясы ашылды. Жетісудың бас шаһары Талдықорған қаласының облыс орталығы мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай, қаланың көркіне-көрік қосатын тағы бір жер орын тепті. Бұл мекенде ақ халатты абзал жандарға деген алғыстың нышаны ретінде «Аяулы алақан» мүсіні қойылған. Жоба авторы, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов. Мүсінде адамзаттың қос алақаны бейнеленген. Ал екі уыстың арасында жапырағы жайқалған жас ағаш өсіп тұр. Бұл жан жылуының әр тіршілік иесіне өмір сыйлай алатынын бейнелеп тұрған ерекше сәулет өнері. «Пандемияның алғашқы күндерінен-ақ Елбасы үндеуімен еліміз бірігіп, індетті жеңуге жұмылды. Қиын жағдайда алдыңғы қатарда күрескен – медицина қызметкерлері болды. Бүгінгі ашылған «Аяулы алақан» ескерткіш – аса қауіпті індетпен бетпе-бет келген

  • Жетісуда 60 жуық жанұя баспаналы болды

    Талдықорғанда алпысқа жуық отбасы баспаналы болды. “Болашақ” шағын ауданында берілген көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы ауданы 5 мың шаршы метрден асады. “Талдықорғанда соңғы 20 жылда аймақтағы барлық салалар бойынша өсу қарқыны орын алды. Қала жан-жақты дамыды. Жаңадан шағын аудандар ашылып, түрлі әлеуметтік нысандар бой көтерді. Бұның барлығын жасау үшін, қазынаға түсетін салықтың көлемі де артуы керек. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 860 млрд. теңгені құрап отыр. Осының арқасында бүгінгі деңгейге жетіп отырмыз. Елбасы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауы да қазіргі нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беріп отырғанын атап өткен жөн”,- деді облыс әкімі Амандық Баталов. Жаңа пәтер кілтін алғандардың арасында қартаналар, көп балалы және әлеуметтік әлсіз топқа жататын отбасылар да бар. “Балам

  • Талдықорғанда жаңа эко-автобустар қолданысқа берілді

    Бүгін, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, облыс орталығының Талдықорғанға қоныс аударуының 20 жылдығы аясында айтулы оқиға өтті. Көлік қолжетімділігін арттыру мақсатында қалада автобус паркі жаңартылды. “Жетісу” ӘКК арқылы жалпы сомасы 2,3 млрд.теңгеден асатын газбен жүретін 55 экологиялық автобус сатып алынады, олар тасымалдаушыларға 7 жылға лизингке беріледі (жылдық 4% – бен). Оның 32-сі қала тұрғындарына пайдалануға берілді. Мереке қарсаңында орталық алаңда облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен “Ютонг” маркалы 32 жаңа автобустың алғашқы партиясын-тапсыру салтанаты өтті. Қалған 23 автобус (14 ПАЗ және 9 “Ютонг”) жыл соңына дейін Талдықорған көшелерімен жүреді. “Бірнеше күн бойы жаңа автобустар қалалық бағыттар бойынша сыналды. Жалпы, олар барлық заманауи талаптарға жауап береді. Олардың кейбіреулері – 10 метр, басқалары-8,5

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: