|  |  | 

Көз қарас Саясат

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ ҚАТЫСТЫ КӨЗБОЯУШЫЛЫҚТАР ТОҚТАТЫЛСЫН!

Бақытжан Сағынтаев Үкіметінің назарына!

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ ҚАТЫСТЫ
КӨЗБОЯУШЫЛЫҚТАР ТОҚТАТЫЛСЫН!AC0A3729-AC61-4CCD-A187-0C5C5C18F166_w987_r1_s

Қазақстанның күллі мемлекеттік ресми органдарында мемлекеттік тілге байланысты көзбояушылықтар орын алып отыр. Құжаттардың екі тілде жасалынуы көбіне көзалдау, тек есеп беру үшін ғана. Жасыратыны жоқ, орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар қолданылады деген желеумен құжаттар әзірлену барысында басымдық негізінен орыс тіліне берілген. Барлық құжаттардың түпнұсқасы орыс тілінде жасалады. Қазақшасы тек аударма түрінде ғана. Ресми орындар қазақшасына мән беріп қарамайды да. Мұның өзі мемлекеттік тілге қатысты көзбояушылықты одан әрі үдетіп тұр.

Іс жүзінде мемлекеттік тілге қатысты мұндай әрекеттер Конституция нормаларын бұзушылық болып табылады. Қазақстан Конституциясының 7-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл – қазақ тiлi» екендігі тұжырымдалып, 2-тармағында «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады» делінген. Алайда «Қазақ тілімен тең қолданылатын» тілдің мемлекеттік мәртебесі (статусы) жоқ. Қазақстанда қазақ тілі мен орыс тілі қатар тұрса мемлекеттік тілдің мәртебесі биік болуға тиіс!

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі бұған байланысты 2007 жылғы 23-ақпандағы № 3 қосымша қаулысында: «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады деген конституциялық норма орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл мәртебесі берілетінін білдірмейді» деп ашық та, айқын тұжырымдап берген.

Бұл ресми анықтама. Яғни бұл Ақордадан бастап барлық мемлекеттік органдарда жарлықтар, нормативтік актілер, іс қағаздары, заң жобаларының түпнұсқасы мемлекеттік тілде жасалу керектігін көрсетеді. Одан соң ғана қазақ тілімен қатар қолданылатын тілге аударуға, пайдалануға болады.

Бұдан шығатын қорытынды түпнұсқа құжаттардың ең алдымен орыс тілінде жасалуы – заңсыз! Ол Конституцияға қайшы! Заң жобалары, үкіметтік құжаттар жобасы ең алдымен мемлекеттік тілде жасалуы, орыс тіліне одан соң ғана аударылуы тиіс!

Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы заңның 4-бабында “Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi» екендігі баяндалған. Сондай-ақ Үкіметтің Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға міндетті екендігі айтылған.

Егер үкімет отырысында мемлекеттік тіл пайдаланылмайтын болса бұл да Тіл туралы Заңның үкімет тарапынан бұзылғандығы. Әрбір министр мемлекеттік тілді жетік білуге тиісті. Үкімет отырысының басында және соңында екі-үш сөйлем қазақша айтып, отырыс түгел орыс тілінде өтетін болса бұл мемлекеттік тілді қорлау болып табылады. Үкімет мемлекеттік ұйым емес, ол – мемлекеттік орган.

Сондықтан біз Бақытжан Сағынтаев Үкіметінен ҚР Конституциясына, Тіл туралы заңға құрметпен қарауды, Үкімет отырыстарын қазақша өткізуді, үкіметтен Парламентке жолданатын заң жобалары түпнұсқасының қазақша әзірленуін, сондай-ақ үкіметтік құжаттардың да түпнұсқаларының қазақша жасалуын талап етеміз! Мемлекеттік тілге қатысты көзбояушылықтарды солай ғана тоқтатуға болады!

Марат Токашбаевтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: