|  |  | 

Суреттер сөйлейді Шоу-бизнис

18 жаста тұрмысқа шығудың басты артықшылықтары қандай? (фото)

Қазіргінің қыз-келіншектері «не мансап, не отбасы» деп екінің біреуін таңдай алмай бас қатырып жүр. Көптеген бойжеткендердің «отбасын құрсам, үйде отырып қаламын» деген қорқынышы басым. Сондықтан олар күйеуге шығуға асықпайды.

NUR.KZ порталына 18 жасында тұрмыс құрып, бүгінде көпбалалы ана атанған, қызметінде табысқа жете білген танымал тележурналист Салтанат Қалиева арнайы сұхбат берді.

18 жаста тұрмысқа шығудың басты артықшылықтары қандай? (фото)

САЛТАНАТ ҚАЛИЕВА. ФОТО ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІНІҢ ЖЕКЕ МҰРАҒАТЫНАН

Бес баланың анасы Салтанат ханымның сымбатының сыры неде?

Жасы 40-тан асса да, сырт келбеті мен сымбаты сақталған Салтанат Қалиева мұның сырын ішкі жан дүниесінің жастығымен және тұқымқуалаушылықпен байланыстырады.

18 жаста тұрмысқа шығудың басты артықшылықтары қандай? (фото)

САЛТАНАТ ҚАЛИЕВА. ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ

«Негізі, сымбатты сақтау туралы енді ойланып жүрмін. 40-тан асқан соң ғана қартайып бара жатқанымды сезе бастадым (күледі). Ең қызығы, біздің отбасында ағам да, әпкем де өз жасынан әлдеқайда жас көрінеді. Бәлкім, қаннан берілетін шығар. Онда тұрған ешқандай құпия жоқ. Керемет күтініп жүрмін деп айта алмаймын. Ел қатарлы таңертең-кешке бетімді жуып, крем жағамын. Дене сымбатына келер болсам, төрт баламды өзім босандым. Үшінші қызымнан кейін мені «семізсің» деп эфирге жібермей қойған. Жаңалықтарды жанымдай сүйгенім соншалық аз уақыттың ішінде арықтап эфирге қайта оралдым. Қосқан артық салмақтан спортпен шұғылдану арқылы арылып жүрдім. Ал кенжемді босанған уақытта тағы да біраз салмақ қосып алдым. Кесар тілігі әдісімен босанған соң бұл жолы дәрігерлер дене шынықтыруға рұқсат бермеді. Оның үстіне үйде күнде ет, бауырсақ, қонақ деген бар. Содан соң, өз-өзімді қолға алып, аз калориялы диетаға отыру арқылы 10 келіге дейін салмақ тастадым. Адам алдына мақсат қойса, оған деген ынтасы болса, бәрі де мүмкін. Жалпы, жастық сезім бойда емес, жүректе болады. Менің кеудемде әлі сол арманшыл, қиялшыл кішкентай қыз отыр. Ол қызды мен жақсы көремін және оны ешқашан сатып кетпеймін. Мүмкін бар құпиям осында шығар», – дейді тележурналист.

Ене мектебі

Салтанат Қалиева жан жары Бағдат Қожахметовпен отасқанына биыл 23 жыл толыпты. Жақында олар тұңғыш қыздары Айдананы ұзатқан болатын. Қазақы дәстүрге сай тұңғыштарын ата-апасының қызы деп атайды екен. Ата енесімен төрт жыл бір шаңырақ астында тұрған Салтанат ханым ене мектебінен қалай өткенін баяндап берді.

18 жаста тұрмысқа шығудың басты артықшылықтары қандай? (фото)

ҚЫЗЫ АЙДАНА ЖӘНЕ КҮЙЕУБАЛАСЫ ҚУАНЫШ. ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ

«Ата енеммен төрт жыл бірге тұрдық. Қыз кезімде үйдің жұмысынан гөрі қар күреп, от жаққанды, даланың жұмыстарын жақсы көретін едім. Тұрмысқа шығып, енемнен көп нәрсе үйрендім. Ол кісі маған тамақтың түр-түрін пісіруді үйретті. Осы 23 жылда бір дауыс көтергенін естімеппін. Енемді үлгі тұтамын. Мен үшін анам екеуі қатар тұр», – дейді Салтанат Қалиева.

Жас отбасыға ата-ананың араласпағаны дұрыс

Жастай тұрмыс құрған Салтанат ханым «Жас отбасының аяқтан тұрып кетуі неге байланысты?» деген сауалға жауап іздеп көрді.

«Меніңше, отбасы болып қалыптасуы үшін ата-аналар мүлде кіріспеуі керек. Екеуі не көрсе де өздері шешсін. Өздері көмек сұраса, қол ұшын созсын. Келіп ақыл сұрап жатса, ақыл-кеңесін айтсын. Осының өзі жеткілікті. Егер көмектескің келсе, кедергі жасама дейді емес пе?!

18 жаста тұрмысқа шығудың басты артықшылықтары қандай? (фото)

САЛТАНАТ ҚАЛИЕВА. ФОТО: COMODE.KZ

Екіншіден, отбасының бақыты екі жастың өздеріне тікелей байланысты. Көп жағдайда табысты ер адамның артында әйелдің еңбегі жатыр. Бірақ әйел қанша жерден барлық қиыншылықтарға төзіп жүре берсе, ал жолдасы өзгермесе, оның бәрі бекер. Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты шаңырақтың шайқалмауына әйел де, еркек те жауапты.

Бағдат екеуміз екі сөмкені арқалап, Алматыға арман қуып келдік.Біраз жыл пәтер жалдап тұрдық. Барлық қиыншылықтарды бірге көрдік. Астанада екі қызымызбен кішкентай жатақханада да тұрдық. Қазір құдайға шүкір, балаларымызды аяқтандырдық. Мен арманшылмынмын деп айттым ғой жоғарыда, түбінде осындай деңгейге жететінімізге сендім», – дейді тележүргізуші.

Салтанат Қалиева ұл-қыздарын тәрбиелеудегі өзіндік әдістерімен бөлісті

«Қыздарымды қатал ұстаймын. Әр сағат сайын маған қай жерде, не істеп жүргендері туралы есеп беріп отырады. Қыз баланы қадағаламаса болмайды. Қабағымнан қорқады. Бірақ, өсе келе қыздарым менімен сырлас болып кетті. Өздерін құрбымдай көремін. Олардың достарын, араласатын ортасын жақсы танимын», – дейді көпбалалы ана.

Салтанат ханымның айтуынша, ер баланың тәрбиесі мүлде өзгеше. «Ұлдарға ауыр сөз айта алмайсың. Олар біреудің болашақ қамқоршысы, бір жанұяның отағасы. Сондықтан кішкентайынан біз, аналар солай тәрбиелеуіміз керек. Мен оларды болашақ жарларына дайындап жатырмын. Кейін келіндерім осы ұлдарым үшін жыламаса екен деймін», – деп жеке ойымен бөлісті журналист.

18 жаста тұрмысқа шығудың басты артықшылықтары қандай? (фото)

САЛТАНАТ ҚАЛИЕВА ҚЫЗДАРЫМЕН. ФОТО: COMODE.KZ

Салтанат ханым қазақ қыз-келіншектеріне арнап anabol.kz сайтын ашқан болатын. «Кенжемді босанып, декреттік демалыста бес жыл отырдым. Осы баламды еркелетіп, беске келгенше жұмысқа шықпаймын деп өз-өзіме ант бергенмін. Сол антымды орындап, үйде бала тәрбиесімен айналыстым. Бес жылда Instagram парақшама тек тамақ әзірлеу, үй шаруасы, бала тәрбиесі туралы жазбалар салатынмын. Бұрыннан ойлап жүрген идеяма бір оқырманымның «осы парақшада көп сұрақтарға жауап беріп үлгермейтіңізді байқадық. Неге сайт ашып бермеске?! деген ойы түрткі болды», – дейді Салтанат Қалиева.

Салтанат Қалиеваны қазіргі қоғамдағы шектен шығушылық алаңдатады

Салтанат Қалиеваны қазіргі қоғамдағы шектен шығушылық алаңдатады. «Әркім ойына не келсе, соны істейтін болды, тіпті, айтуға ауыз бармайтын, жиіркенішті жайттар көбейіп барады.Тоқалдар тақырыбын да айналып өте алмаймыз. Жасарамыз деп пышаққа түсіп, беті қисайған бірінші әйелдерінің проблемасы өз алдына. Адамдар бұзылды ма, заман бұзылды ма?! Меніңше, бүгінгі қоғам құлдырап бара жатыр. Тек бір Аллаға сыйыну ғана қалды», – дейді журналист.

Салтанат Қалиева ешкімге ақыл айтпайтынын алға тартады. «Өйткені ақыл айту – үлкен жауапкершілік», – дейді ол.

Дереккөз: Nur.kz

Related Articles

  • Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Пётр ТРОЦЕНКО Алматының жоғарғы жағындағы көпқабатты ғимараттар. 18 шілде, 2022 жыл Қазақстандық сәулетші Айдар Ерғали егер күшті жер сілкінісі болса, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы қаласы қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін, совет кезінде салынған үйлер қазіргі заманғы көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда жер сілкінісіне төтеп беруге неліктен әлсіз екенін айтты. 23 қаңтар күні Алматыда жер әдеттегіден қаттырақ сілкініп, елді дүрліктірді. Бұл оқиға кең ауқымдағы табиғи апатқа қала билігі мен тұрғындар қаншалықты дайын деген әңгімені қайта қоздырды. Жұрт әсіресе төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ерте хабарлау жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін, СМС-хабарламалар дер кезінде түспегенін де сынға алды. Жер бірінші рет сілкінген сәтте Алматы тұрғындары жапа-тармағай үйден сыртқа қарай жүгірді, кейбірі тіпті сырт киімін де кимеген

  • Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама 1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. 1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады. 1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім

  • Цифрлі теңге “жаңа экономика” құруға көмектеспек

    Блокчейн технологиялары Қазақстанды жемқорлықтан барынша тазартып шыға алады. Бүгін Мемлекет басшысы бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін цифрлық теңгені пайдалана отырып, ақшаны таңбалау кілті туралы айтып өтті. Цифрлі теңгенің ең мықты жері осы. Программаланған токен болғандықтан ақша кімнен кімнің қолына өтті, бақылап отыра аламыз. Мысалы, мемлекеттік тендерлердің барлығын цифрлі теңгеге ауыстырып, осы тендерлік цифрлі теңгені қолма-қол ақша ретінде шешіп алу мүмкін болмайтындай жасап қоюға болады. Сонда біз тендер жеңімпазының ақшаны қалай жұмсағанын, кімнен тауар алғанын, кімдерге қанша айлық төлегенін көріп, содан үлкен BIG Data базасын құраймыз. Дәл осы кезде, мемлекеттік ақшаға мүмкіндігінше қазақстандық тауар алынғандығын бақылап, мәжбүрлеп отыруға мүмкіндік бар. Осы арқылы жемқорлықты атымен жойып, отандық бизнеске мықты қолдау көрсете алмақпыз.

  • Чунциндегі кездесу

    Тарихи сурет Уақыты: 28 тамыз 1945 ж.; Орыны: Чунцин (重慶) қ-сы; Түсініктеме: Тарихи суретте АҚШ-тың қытайдағы өкілетті елшісі Патрик Херли және Қытай президенті Чан Кайши мен ҚКП төрағасы Мао. Чунциндегі кездесу кезінде диалогқа келе бастаған қытайлық партия өкілдері алпауыт ел АҚШ пен Совет Одағының “қытай саясатын” жаңа дағдарысқа әкелді. Көріністе азаматтық соғысты тоқтатып бүкілқытайлық мәселені шешу болғанымен үлкен қастандықтың басы содан басталды. Алпауыт тараптар қытай картасын өзгертетін жаңа диалогтарды қызу талқылап жатқанда Шығыс Түркістан аумағында бір уақытта үш бірдей уақытша үкімет өмір сүрді. Олар: Бірінші, отставкадағы Шэн Шицай кланы; Екінші, Ву Чжунсинның уақытша үкіметі; Үшінші, Шығыс Түркістан уақытша үкіметі. АҚШ-тың қытайдағы өкілетті елшісі Патрик Херли Шығыс Түркістан аумағын назарға ала

  • Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді. Құраманың Еуро-2024 додасына шығуға мүмкіндігі сақтаулы

    Руслан МЕДЕЛБЕК Қазақстан құрамасының ойыншылары жанкүйерлерге алғыс айтып жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Солтүстік Ирландияны жеңді. Астанадағы матчта жеңіс голын “Ақтөбе” шабуылшысы Максим Самородов салды. Қазақстанның келесі жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына шығуға мүмкіндігі әлі де сақтаулы. Матчтың 27-минутында Абзал Бейсебековтің алаң ортасынан шығарған пасын Максим Самородов әдемі голға айналдыра білді. Максим қатты келген пасты аяғымен тоқтатты да, қарсылас қақпасының сол қапталына бағыттаған. Солтүстік Ирландия қақпашысы Бэйли Пикок-Фаррелл қолын созғанымен жетпеді. Доп қақпада. 30 мың жиналған стадион тулап сала берді. Гол авторы Максим Самородов (10-нөмерде) мен Қазақстан ойыншылары голды тойлап жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Осы голдан кейін Солтүстік Ирландия шабуылды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: