|  | 

Шоу-бизнис

Сәкен Майғазиев NINETY ONE тобын қолдаудың тоғыз себебін атады

Әнші Сәкен Майғазиев атышулы бойзбенд NINETY ONE тобын қолдаудың тоғыз себебін атады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әншінің топ жайлы пікірі Instagram желісіндегі 91_world парақшасында жарияланды. Майғазиевтің айтуынша, әртіске қастандық жасаудың қажеті жоқ. “(…) Сұранысы болмаған актерлер күйзеліске түсіп кетеді. Менің айтқым келгені, жігіттер сонша боянып-таранып барған кезде оны ешкім қабылдамай қойса обал. Мен ол бауырларымды жақсы көремін”, – деді әнші.

Сондай-ақ, Сәкен Майғазиев NINETY ONE тобының жақсы қасиеттері көп екенін айта келіп, олар туралы тоғыз пікірден тұратын пост жазғанын айтып өтті. “Бірінші, ана тілінде ғана сөйлеп, сұхбат беріп, ән шырқап, қазақ тілін дәріптеп жүрген талантты жігіттер. Екінші, өз бағытының шебер орындаушылары. Үшінші, өте жақсы вокалистер, диапазондары кең, милизматиканы мықты меңгерген, тембрлері тамаша, тағысын тағы. Төртінші, керемет рэп орындаушылары. Рэп – ритмикалық америкалық поэзия. Ал бізде бұл айтыс, жыр, суырып-салма өнері”, – деп санамалады әртіс.

Ал бесінші себебі деп Майғазиев жігіттердің сабырлы әрі байсалды қасиеттерін атады. “Оларға бағыттап, балағаттап, бейпіл сөздер айтылса да, боқтай білмейтін байсалды балалар. Мен өнер адамы болғаннан кейін оларды зерттедім, қарадым. Олар психология тұрғысында қандай да сынға дайын болды. Алтыншы, олар – еңбекқор. Кәсіби сахнаға шығу жолында екі жыл дайындалды. Жетінші, сахналық би қимылдары кәсіби, синхронды қимылдайды, сахнадағы еркіндігі өте керемет. Сахнадағы жұмысын Интернеттен тамашаладым. Өзім ұстаз болғаннан кейін аттандай бермей, қарап көрейін, зерттейін дедім. Сегізіншісі, Қазақстан эстрадасында үлкен пікірталас, сын-ескертулер, дау туғызған, былайша айтқанда “Атың шықпаса, жер өрте” деген мысалына “амал” жасап жүрген алғашқы топ”, – деді Сәкен Майғазиев.

Ал соңғы, тоғызыншы қасиеті деп әнші топтың қайырымдылықпен үнемі айналысатын айтып, өз ойын осылайша қорытындылады.

Бұдан кейін әнші топ жайлы үш рет қана сұхбат бергенін мәлімдеді. Алайда, айтуынша, журналистер оның NINETY ONE тобы туралы киіміне қатысты сөзін ғана жариялайды екен. Ал топтың қазақ тілін насихаттап жүргені, сонымен қатар, дарынды жігіттер екендігі жайлы сөзі қиылып қала беретін көрінеді.

Айта кетейік, осыған дейін NINETY ONE тобының концертіне Шымкентте, Қызылордада, Қарағандыда, Жезқазғанда кейбір тыңдармандар наразы болған. Осылайша, бұл қалаларда топтың концерті өтпей қалып, соңы дауға ұласқан еді.

tengrinews.kz 

Related Articles

  • Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Пётр ТРОЦЕНКО Алматының жоғарғы жағындағы көпқабатты ғимараттар. 18 шілде, 2022 жыл Қазақстандық сәулетші Айдар Ерғали егер күшті жер сілкінісі болса, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы қаласы қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін, совет кезінде салынған үйлер қазіргі заманғы көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда жер сілкінісіне төтеп беруге неліктен әлсіз екенін айтты. 23 қаңтар күні Алматыда жер әдеттегіден қаттырақ сілкініп, елді дүрліктірді. Бұл оқиға кең ауқымдағы табиғи апатқа қала билігі мен тұрғындар қаншалықты дайын деген әңгімені қайта қоздырды. Жұрт әсіресе төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ерте хабарлау жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін, СМС-хабарламалар дер кезінде түспегенін де сынға алды. Жер бірінші рет сілкінген сәтте Алматы тұрғындары жапа-тармағай үйден сыртқа қарай жүгірді, кейбірі тіпті сырт киімін де кимеген

  • Цифрлі теңге “жаңа экономика” құруға көмектеспек

    Блокчейн технологиялары Қазақстанды жемқорлықтан барынша тазартып шыға алады. Бүгін Мемлекет басшысы бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін цифрлық теңгені пайдалана отырып, ақшаны таңбалау кілті туралы айтып өтті. Цифрлі теңгенің ең мықты жері осы. Программаланған токен болғандықтан ақша кімнен кімнің қолына өтті, бақылап отыра аламыз. Мысалы, мемлекеттік тендерлердің барлығын цифрлі теңгеге ауыстырып, осы тендерлік цифрлі теңгені қолма-қол ақша ретінде шешіп алу мүмкін болмайтындай жасап қоюға болады. Сонда біз тендер жеңімпазының ақшаны қалай жұмсағанын, кімнен тауар алғанын, кімдерге қанша айлық төлегенін көріп, содан үлкен BIG Data базасын құраймыз. Дәл осы кезде, мемлекеттік ақшаға мүмкіндігінше қазақстандық тауар алынғандығын бақылап, мәжбүрлеп отыруға мүмкіндік бар. Осы арқылы жемқорлықты атымен жойып, отандық бизнеске мықты қолдау көрсете алмақпыз.

  • Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді. Құраманың Еуро-2024 додасына шығуға мүмкіндігі сақтаулы

    Руслан МЕДЕЛБЕК Қазақстан құрамасының ойыншылары жанкүйерлерге алғыс айтып жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Солтүстік Ирландияны жеңді. Астанадағы матчта жеңіс голын “Ақтөбе” шабуылшысы Максим Самородов салды. Қазақстанның келесі жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына шығуға мүмкіндігі әлі де сақтаулы. Матчтың 27-минутында Абзал Бейсебековтің алаң ортасынан шығарған пасын Максим Самородов әдемі голға айналдыра білді. Максим қатты келген пасты аяғымен тоқтатты да, қарсылас қақпасының сол қапталына бағыттаған. Солтүстік Ирландия қақпашысы Бэйли Пикок-Фаррелл қолын созғанымен жетпеді. Доп қақпада. 30 мың жиналған стадион тулап сала берді. Гол авторы Максим Самородов (10-нөмерде) мен Қазақстан ойыншылары голды тойлап жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Осы голдан кейін Солтүстік Ирландия шабуылды

  • 1 440 000 ТЕҢГЕ, Ұшақ, пойыз, автобус кешіксе өтемақыны қалай алуға болады?

    Самат Мусабаев Жазда қозғалыс көбейеді. Елдің ішіне де, сыртына да саяхат, демалыс, балалардың каникулы деп тыным таппаймыз. Қозғалыс көбейген соң жолаушылар тасымалында қиындық туындап, желіден үнемі реніш пен ашуға толы жазбалар оқып тұрамыз. Ұшақтың кешігуі, пойыздың кестеден қалып қоюы секілді оқиғалардың аптасына әлденешеуі белгілі боп жатады. Менің айтпағым да осы мәселеге қатысты: Жақында әріптес ағам Еділ Жаңбыршин екеуміз ел жаққа бірге ұштық. Маңғыстауда кездесулеріміз жоспарланған еді. Астана әуежайына біз уақтылы келгенімізбен, Air Astanaның ұшағы уақтылы ұша қоймады. Уақтылы дегенде жарты сағат, бір сағат дегенге етіміз әбден үйренді ғой. Енді бұлар екі сағат, үш сағаттап ұшпауды шығарыпты. Біздің ұшағымыз бақандай үш жарым – төрт сағатқа кешігіп ұшты! Отандық әуе компанияларының осы

  • ВОЯДЖЕР-2 ЗОНДЫМЕН БАЙЛАНЫС ТОЛЫҚ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

    2023 жылы 1 тамызда НАСА Алыс ғарыштық байланыс желісінің (DSN) Канберрадағы антенналар кешені Вояджер-2 жіберген үзік сигналды ұстағаны белгілі. Кешен зондқа екі градусқа бұрылып кеткен антеннасын қайта Жерге бағыттауға бұйыратын барынша күшейтілген команда жіберді. 19,9 млрд км қашықтықтағы аппараттың жауабын 37 сағат күтуге тура келді. 4 тамызда НАСА Вояджер-2-ден толыққанды ғылыми және телеметриялық деректер қабылданғанын хабарлады. Олар аппараттың қалыпты жұмыс істеп тұрғанын және күтілген траекторияда екенін мәлім еткен. Жақсы жаңалық тарихи миссияның 46 жылдығы қарсаңында келді. Вояджер-2 1977 жылы 20 тамызда ұшырылды. Ол — Күн жүйесіндегі төрт алып планетаның бәрінің тұсынан ұшып өткен жалғыз ғарыш аппараты. Voyager 2, өз сыңарынан алты жылдан соң, 2018 жылы 10 желтоқсанда жұлдызаралық кеңістікке енді.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: