|  |  | 

Жаңалықтар Әдеби әлем

«АЛТЫН ҚАЛАМ 2016» ТӘУЕЛСІЗ ӘДЕБИ ЖҮЛДЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

_MG_3057

23 қараша күні Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар мұражайында  жеңімпаздардың есімі жарияланды. Жүлденің қысқа тізіміне Қазақстанның әр өңірінен қатысып отырған авторлардың орыс және қазақ тілдерінде жазылған 30 шығармасы 6 аталым бойынша енгізілді.

Жұмыстар 2016 жылы шілденің 1-нен бастап қазан айының 15-не дейін қабылданып, оқырмандар қазан айының 31 дейін дауыс берді.  Барлық шығарма akalam.kz сайтына орналастырылды. Биыл әдеби жүлдеге  446 автор әр түрлі жанрда жазылған 863 шығармасын ұсынды. Ұйымдастыру комитетінің және қазылар алқасының құрамына Қуат Домбай, Досым Сатпаев, Кенже Жұманұлы, Айдос Сарым, Арман Шораев, Расул Жұмалы, Әйгерім Райымқұлова, Татьяна Филипчик және басқалар енді.

Қазылар шешімімен анықталған жеңімпаздар:

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПОЭЗИЯСЫ»  -

АЙМАНБЕТОВ ДАУРЕН   -  (шығармасы – Алло.. ).   ШЫМКЕНТ

 

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПРОЗАСЫ» -   ӘБУЗАРОВА ЖАНЕЛ (шығармасы – Тезекбай)  АЛМАТЫ

 

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КИНО СЦЕНАРИІ ЖӘНЕ ДРАМАТУРГИЯСЫ»

ҚАМИ НҰРЛАН   (шығармасы  -Қаламгер)   АЛМАТЫ

 

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ӘДЕБИЕТІ»

СҮТТІБАЙ ОРЫНБАСАР (шығармасы  -Қанатты барыс, көк бөрі және Бабыр батыр)   ЮҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

 

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК САТИРАСЫ»

БАЙБОСЫН   САЙЛАУ  (шығармасы  - Асқазаныңыз ауырмай ма?)     ЭЕКІБАСТҰЗ

 

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ФАНТАСТИКА НЕМЕСЕ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАСЫ» -   НҰРМАХАНБЕТ ДІЛДӘГҮЛ   (шығармасы  - Құпия жәшік тұтқыны)  АЛМАТЫ

 

Орыс тілінде жазылған шығармалар бойынша:

 

«ЛУЧШАЯ ПОЭЗИЯ ГОДА»

НАТАЛЬЯ СЛУДСКАЯ  (шығармасы -Оранжевое на сером)   АЛМАТЫ

 

«ЛУЧШАЯ ПРОЗА ГОДА»

ЖАНАЙДАРОВ ОРЫНБАЙ  (шығармасы-Последний хан Золотой Орды )   КӨКШЕТАУ

 

«ЛУЧШАЯ ДЕТСКАЯ И ПОДРОСТКОВАЯ ЛИТЕРАТУРА ГОДА»

Бауржанова Гульнур (шығармасы  -Невозможное. Автору 14 лет)  ПАВЛОДАР

 

«ЛУЧШАЯ САТИРА ГОДА»

ДЕНИСОВА НАТАЛЬЯ  (шығармасы  -Тараканы в голове)   ҚЫЗЫЛОРДА

 

«ЛУЧШАЯ ФАНТАСТИКА И ДЕТЕКТИВЫ ГОДА»

ЛАЗАРЕВА ЛЮДМИЛА  (шығармасы -Координатор)   АЛМАТЫ

 

«ЛУЧШИЙ КИНО СЦЕНАРИЙ И ДРАМАТУРГИЯ ГОДА» Рахимбаева Мадина (шығармасы   -Снегопад)

 

Сонымен қатар, қазылар алқасының шешімімен

«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕ ҚОСҚАН ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҮШІН»

«Бабалар сөзі» жүз томдығын шығарған

М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ

«Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі үлесі үшін»

аталымы бойынша дипломымен марапатталды

 

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қазақтың үздік романына алғаш рет арнайы бәйге жарияланды. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК РОМАНЫ» аталымы бойынша «Мен жындымын» шығармасымен жеңімпаз атанған  СӘУКЕТАЕВ ТҰРЫСБЕК меценат Кеңес Рақышев тағайындаған 1 000 000 теңгеге ие болды. Сонымен қатар,  QAZKOM банкінің қаржылай қолдауымен байқаудың таңдаулы шығармалары 2017 жылы жарық көретін «Алтын қалам 2016» әдеби жүлдесінің жинағына енеді.

 

 

 

 

Сондай-ақ биыл байқауға қазақстандық авторлардан бөлек  АҚШ,  Малайзия, Германия, Чехия, Украина, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және  Израиль азаматтары да қатысты.

Биыл бізді QAZKOM банкінен бөлек, «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясы Бақылау кеңесінің төрағасы, белгілі меценат Бауыржан Оспанов, сондай-ақ, Қазақстан баспасөз клубы мен Қазақ радиосы қолдап отыр.

 

 

Алтын қалам» тәуелсіз әдеби жүлдесінің ұйымдастыру комитеті

Related Articles

  • Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Елдес Орда Сурет: Автордың жеке архивінен алынды. Қазақ қоғамында жаңа интеллектуалдық кезең туып келеді. Бірінші, қазіргі қазақ қоғамында сенім мәселесіне қатысты пікірталастардың күшеюі кездейсоқ құбылыс емес. Бұл дегеніңіз әлеуметтік желілердің, ашық ақпараттық кеңістіктің және жаһандық интеллектуалдық ағымдардың ықпалымен қалыптасқан жаңа қоғамдық ойлау формасының көрінісі. Атеистік көзқарастардың ашық айтылуы, тәңіршілдік идеялардың қайта жаңғыруы және дәстүрлі діни орта арасындағы пікір қақтығысы зиялы ортада алаңдаушылық тудырғанымен, шын мәнінде бұл құбылыс қоғамның рухани әлсіреуін емес, саналы ізденіске бет бұрғанын көрсетеді. Екінші, ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамындағы діни дискурс негізінен МОНОЛОГТЫҚсипатта болды. Уағыз айтылды, ал тыңдаушы тарап оны талқылаусыз қабылдауға тиіс еді. Сұрақ қою күмәнмен, күмән әлсіз иманмен теңестірілді. Мұндай ортада сенім дәлелдеуді емес, қайталауды талап етті. Ғылыми

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: