|  | 

Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық жастар форумына қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық жастар форумына қатысты-деп хабарлайды Ақорда баспа сөз қызметі.
Астана қаласы, Тәуелсіздік сарайы
 Форумға Қазақстанның барлық өңірінен 1000-нан астам адам, соның ішінде кәсіпкерлер, өндірістің түрлі саласының еңбеккерлері, ғалымдар, студенттер, танымал спортшылар мен жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде еліміз тәуелсіздік алған бастапқы уақыттағы мемлекеттілікті қалыптастырудың қиын кезеңі туралы әңгімелеп, республикамызда жастардың өмірден өз орнын табуына бірегей мүмкіндіктер жасалғанына, жедел өзгеру үстіндегі қазіргі әлемнің заманауи талаптарына сай келетін, сын-қатерлеріне лайықты төтеп беретін сапалы білім алудың маңыздылығына назар аударды.

Қазақстан Президенті еліміздің жеткен табысының тарихы – ең алдымен оның жастары қол жеткізген табыстың тарихы екенін атап өтті.

– Жас ұрпаққа, өткеніміз бен келешегімізге қамқорлықпен қарау әрқашан менің саясатымның басты мән-маңызы болып келеді. Әрбір жас қазақстандықтың білім алуына, жұмыс істеуіне, отбасын құруына, баспана алуына мүмкіндігі бар, – деді Елбасы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев «Баршаға – кәсіби білім» бағдарламасының енгізіліп жатқанын айтты.

– Мемлекет баршаның өндірістен жұмыс орнын табуына кепілдік беретін өмірдегі алғашқы жұмысшы мамандығын тегін алуға мүмкіндік туғызып отыр, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету ісіне зор мән беріліп отырғанын айтты.

– Тек 2016 жылғы бірінші жартыжылдықта жас бизнесмендердің 55 жобасына банк несиелерінің пайыздық төлемдерін мемлекет тарапынан субсидиялау түріндегі қаржылық қолдау көрсетілді. Біздің мақсатымыз – еліміздің шағын және орта бизнесінің Қазақстан өнімінің жартысынан астамын өндіруіне қол жеткізу, – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті «Жасыл ел» студент және жастар жасақтары жұмысына қатысушыларға айрықша ризашылығын білдірді.

– Еңбек жасақтарының жұмысына 250 мыңнан астам жас атсалысты. Олар 150 мың гектар жерге 50 миллионға жуық ағаш отырғызды. Еңбек жасақтарының ізгі мақсаты – елімізді көгалдандыру және оның экологиялық тұрғыдан таза болуын қамтамасыз ету, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарында жас зерттеушілер мен ғалымдар санының артқанын айтты.

– Жастарымыздың әлемдік деңгейдегі Назарбаев Университетінде білім алуына мүмкіндіктері бар. Бүгін жастар алдында бар әлемнің есігі ашық. Сіздер жақсы уақытта өмір сүріп, болашаққа нық қадам басып бара жатқан елмен бірге өсіп келесіздер. Ел ішінде де, әлемде де, соның ішінде мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас саласында да жұмыс жасайтын бір ғана қағида бар, ол – бәсекеліктің мәңгілік механизмі, – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті ғылымды қамтитын экономикаға көшу оның өсімінің икемділігін, қарқындылығын және орнықтылығын қамтамасыз ететінін атап өтті.

– Сондықтан Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуы ғылымды қамтитын экономикаға негізделуге тиіс. Әлем жаңа технологиялық дәуірге аяқ басты. Оның үрдістері таңғалдырады, тәнті етеді және тамсандырады, сонымен бірге ол елдің келешегіне қатысты мәселеге орай қатаң талап қояды. Болашақ біздің алдымызға мынадай үзілді-кесілді шарт қойып отыр: бар бол, жетіл немесе жоқ бол! – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа технологиялар заманында қоғам үшін сын-қатер болып саналатын құбылыстарға айрықша тоқталды.

– Бұл инновациялардың артында тұрған негізгі әлеуметтік сын-қатер ол – көптеген кәсіп түрінің жойылуы, жұмыс орындарының жаппай қысқаруы, яғни жаһан бойынша жұмыспен қамту аясының тарылуы. Осы орайда бұған дейін менің бастамаммен әзірленген инновациялық индустрияландыру, «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» ұлт жоспары бағдарламаларымен тығыз байланысты Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының өзектілігі ерекше артып келеді, – деді Елбасы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті дамыған елдердің университеттерінде қарқын алып келе жатқан жастар инновациясына баса назар аударды.

– Қазақстан студенттері ортасында да стартап санының артуы үшін осындай қолайлы жағдай жасау қажет деп санаймын. Қазір еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында да алғашқы табысты жобалар пайда бола бастады. Осы тәжірибені өрістете түсу керек. Бұл – Білім және ғылым министрлігі басшылығының, жоғары оқу орындары мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшыларының міндеті, – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті туризм, құрылыс, халыққа қызмет көрсету салаларында, жеңіл өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында еңбекпен қамтуға және кәсіпкерлікті дамытуға мол мүмкіндіктер бар екенін айтты.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев спортшылар мен шығармашыл жастарға, барлық жас өнер қайраткерлеріне ыстық ықыласын білдірді.

– Мәдени бағдарлама аясында және «Болашақтың энергиясы» атты тақырыппен өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі волонтерлер жұмысы барысында Қазақстанды лайықты деңгейде танытуларыңа тілектеспін, – деді Мемлекет басшысы.

Соңында Қазақстан Президенті баршаға денсаулық, бақыт және игілік тілеп, мемлекеттің барлық табысына еліміздегі тұрақтылықтың, тыныштықтың және 100-ден астам этнос өкілдері достығының арқасында қол жеткізілгенін атап өтті.

Форум барысында Астана қалалық мәслихатының депутаты А.Оралов, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, театр және кино әртісі А.Әлімжан, «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ басқармасының төрайымы Ә.Жиенбаева, Қазақстан халқы Ассамблеясының белсендісі М.Споткай, 2016 жылғы Азия IT конференциясының жеңімпазы С.Нәукенов, «Қазақстан алюминийі» АҚ экономисі Ә.Досанова, «Open Technologies Group» компаниясының негізін салушы Қ.Ахметов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармасының төрағасы Қ.Төлеушин, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабы» жекеменшік мекемесі басшысы Р.Хамидуллин, Қарағанды мемлекеттік университеті «Роботтар мен ақылды машиналар зертханасының» меңгерушісі Н.Есмағамбетов, гроссмейстер, шахматтан халықаралық турнирлер чемпионы Д.Сәдуақасова, кәсіпкер, «Қазақстандық OTAN сағат компаниясының» басшысы А.Тоқсанбаев, Мюнхендегі Максимилиан Людвиг университетінің докторанты Қ.Әбдиева, «TERRAPOINT» ЖШС инженері Д.Хоменко сөз сөйледі.

Related Articles

  • Қазақстан өзінің алғашқы микрочипін жасап шығарды

    Қазақстан өзінің алғашқы микрочипін жасап шығарды

    Nurmukhamed Baigarayev Осы аптада Қазақстан өзінің алғашқы микрочипін жасап шығарды деген ақпарат тарады. Жақсы жетістік. Бірақ енді сәл-пәл үңілсек, чиптің архитектурасы Назарбаев университетінің зертханасында жасалған, бірақ оны Қытайда өндірген. Себебі бізде әлі чип өндіретіндей технология жоқ. Бір қызығы, қытайлық институт чипті тегін шығарып берген. Оған да рақмет, әйтпесе ол қызметтің құны қымбат. Бұл жобаның жетекшісі (суретте) енді ол чипті қайда қолдануға болады деп тестіден өткізіп жатырмыз депті өз парақшасында. Оған қоса, чип сәл-пәл қалыңдау сияқты. Смартфондарда 5-7 нанометр чип орнатылады, отандық чип 28 нанометр екен. Өзім таңқалған бір факт оқыдым. Микрочип шығаруда әлемде танымал болған компаниялар Арменияда өз офистерін ашып үлгеріпті. Ол AMD, NVIDIA, Xilinx, Synopsys, National Instruments, Mentor Graphics

  • Гарвард универі жылына 200 мың доллардан кем табыс табатын отбасылардың студенттерін тегін оқытамыз деп шешім шығарыпты.

    Гарвард универі жылына 200 мың доллардан кем табыс табатын отбасылардың студенттерін тегін оқытамыз деп шешім шығарыпты.

    Nurmukhamed Baigarayev Гарвард универі жылына 200 мың доллардан кем табыс табатын отбасылардың студенттерін тегін оқытамыз деп шешім шығарыпты. Биыл бұл универде оқу шығыны жылына 83 мың долларды құрайды екен. Осындай жаңалықтарды оқығанда дұрыс капитализмнің мысалын көремін. Бақуат капиталистер ірі оқу орнын қаржыландырды. Басқа да табысы көп. Бүгінде эндаумент қорда 52 миллиард доллардай жиналған. Сол ақшаға табысы аздау отбасының балаларын тегін оқытып, қайырымдылық жасай алады. Содан тек байдың баласы ғана емес, қарапайым отбасыдан шыққан бала да әлемнің үздік универінде оқуға мүмкіндік алады (ол үшін алдымен грантты жеңу керек). Бұдан қоғам тек ұтады, мемлекет дамиды. Яғни, қайырымдылық жұрттан жылу жинап, от случая к случаю жасалмайды, жиналған нақты ақшаға, жоспарлы, жүйелі түрде іске

  • Ұлыбритания мен Франция Украинамен бірігіп бейбітшілік жоспарын әзірлейді

    Ұлыбритания мен Франция Украинамен бірігіп бейбітшілік жоспарын әзірлейді

    Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер және Украина басшысы Владимир Зеленский. 1 наурыз 2025 жыл. Ұлыбритания мен Франция Украина және өзге елдермен бірігіп бейбітшілік жоспарын әзірлейді. Бұл жөнінде Ұлыбританияның премьер-министрі Кир Стармер BBC ақпарат агенттігіне мәлімдеді. Оның сөзінше, мұндай шешім Украина басшысы Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде журналистердің көзінше керісіп қалғаннан кейін қабылданған. “Ұлыбритания, сонымен бірге Франция және тағы бір ықтимал тарап Украинамен бірігіп, әскери қимылды тоқтату жоспарын әзірлеумен айналысады, одан кейін жоспарды АҚШ-пен талқылаймыз” деді Стармер.Ол BBC-ге сұхбатында “келісім болуі керек екені сөзсіз, әскери қимылды тоқтату керек, ал одан кейін сол келісімді қорғау керек, себебі ең ықтимал нашар сценарийлердің бірі – бұл уақытша үзіліс, одан кейін Путин тағы да келеді”

  • 2025 жылы 1 070 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.

    2025 жылы 1 070 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.

    2025 жылы 1 070 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 149 мыңнан астам этникалық қазақ оралды. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (51,9%) – Қытай Халық Республикасынан, 37,5% – Өзбекстаннан, 7,1% – Түрікменстаннан, 1,8% – Ресейден және 1,7% басқа елдерден. 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,2%-ды, кәмелетке толмағандар 32,9%-ды және зейнеткерлер 6,8%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16,7%-ы жоғары білімді, 32,9%-ы орта кәсіби білімді, 48,4%-ы жалпы орта білімді, және 1,9%-ының білімі жоқ. Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды. Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін мынадай еңбек күші

  • ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ЖҰЛДЫЗДЫҚ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСЫ

    ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ЖҰЛДЫЗДЫҚ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСЫ

      Халқымыздың жұлдыздық туралы білімдері арабтың «Жұлдызнамасының» мазмұнынан парықты. «Жұлдызнама» араб елінде ислам дінінен бұрын жазылған болжам кітап. «Жұлдызнамада» аспандағы жұлдыздар мен адам саны тең. Бір нәресте туылғанда аспанда бір жұлдыз пайда болмақ. Пайда болған жұлдыз сол балаға тәуелді болып, мейлі кәртейіп, мейлі туыла салып өлсін сол адам өлгенде ағып түспек. Сондықтан тірі адамзат пен көктегі жұлдыз саны тең. Жұлдыздардың күндіз көрінбеуі – жердегі адамдардың сорын жасырып, сездіргісі келмегендігі. Түнде көріну бағың жанады, деміңді ал, деп адам пендесіне дем бергендігі. Адамзат жұлдыздардың бөлініп орналасуына сай орналасқан. Біз орта жұлдыздағы адамдармыз, сондықтан белбеуімізді белуардан буынамыз. Жер асты жұлдыздарындағы адамдар белбеуін балтырынан буынбақ. Түс көру сол пенденің көретін көргілігінен аруақтардың, жындардың адамдарға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы:

Zero.KZ