|  |  |  |  |  | 

Жаңалықтар Көз қарас Саясат Спорт Шоу-бизнис

Айсұлтан Назарбаев биліктегі жағымпаздарды қатаң сынға алды

Айсұлтан Назарбаев биліктегі жағымпаздарды қатаң сынға алды

АЙСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ. ФОТО: FACEBOOK

Бұл туралы ол Facebook парақшасында жариялаған-деп хабарлайды nur.kz.

“Иә, мен Қазақстан футболының жетекшісі емеспін. Мен бұл циркке мүлде қатыспағанмын да. Қожағапанов қызметінен кетерде қандай да бір реформа жасағысы келген. Алайда, көріп отырғандарыңыздай, Жақсыбеков біздегі футболды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап отыр. Бүгінде оның қоластындағы адамдар мен компаниялар дауыс беруді қадағалауда. Демек, демократиялы түрде дауыс берудің исі де сезілген жоқ.

Әрине, “Аға, мен сіздің айтқандарыңызды тыңдаймын” деп Жақсыбековке айтсам, мен ҚФФ президентінің орынтағында отырар ма едім?! Алайда, мен мұндай өтінішпен өзімнің туған атама да барған емепін. Олар мәселенің өр көкіректікте, билікке қызығушылықта және қол жетпеген табыста еместігін түсінбеген сияқты. Мен олар сияқты емеспін. Мен үшін ең басты құндылық – адалдық пен ары тазалық. Бұл оқиға біздегі элитаның әлі күнге дейін орта ғасырлық деңгейде ойлайтынын көрсетті”, – деп жазды Айсұлтан Назарбаев.

nur.kz

Related Articles

  • Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде.

    Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде.

    Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде. Бала-бақшадан бастап, мектеп, жоғары оқу орны, еңбек мекемелерінің барлығы негізінен орыс тіліне көшуде. Өз еркімен емес, әділетсіз биліктің ұзақ жылғы солақай саясатының арқасында. Көшеде, кеңседе, дүкенде, көлікте, қоғамдық орында қазаққа қазақ орысша сөйлемесең немесе ұлтты сақтау керек деген жауапкершілік жүгін ұстанып, сенімен орысша сөйлесіп тұрған қазаққа қазақша сөйле деп ескерту жасасаң болды, бітті, бәле-жалаға қаласың. Заң да, оны орындаушы полиция, прокуратура, сот та орысқұлды қолдайды, ұлтқа жаны ашыған қазақты мүлде қорғамайды. Бұл қандай әділеттілік?! Мемлекеттік тілді, мемлекеттік қауіпсіздікті жекелеген адам емес, осыған жауапты мемлекеттік құрылымдар қорғауы керек қой. Жеке адам емес, ең алдымен билік қорғауы керек. Қазақ жеке тәуелсіз мемлекет болып тұрса

  • Саясаттанушы: Еуроодақпен әріптестікке Орталық Азия көбірек мүдделі

    Саясаттанушы: Еуроодақпен әріптестікке Орталық Азия көбірек мүдделі

    Нұрбек ТҮСІПХАН Еуроодақ жетекшілері мен Орталық Азия елдерінің басшылары “Орталық Азия – Еуроодақ” саммиті кезінде. Самарқан, Өзбекстан 4 сәуір 2025 жыл 3-4 сәуірде Самарқанда “Орталық Азия – Еуропа одағы” саммиті өтті. Орталық Азияның ресми БАҚ-тары мен мемлекеттік құрылым сайттары Самарқан саммитінің “тарихи маңызын” айтып жатыр. Ал екі аймақ арасында осындай форматтағы алғашқы кездесуді сарапшылар қалай бағалайды? Азаттық тілшісінің сұрақтарына саясаттанушы Жәнібек Арынов жауап береді. – Орталық Азия және Еуроодақ саммиті қаншалықты тең жағдайда өтіп жатыр деп айта аламыз? – Орталық Азия мемлекеттерінің 30 жылдық сыртқы саясатына, тарихына үңілсек, Еуроодақ әрдайым тең дәрежеде жұмыс жасауға тырысатын үлкен әріптестердің бірі. Мысалы, АҚШ немесе Ресей не болмаса Қытаймен салыстырғанда мемлекет тарапынан болсын, қоғам

  • Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

    Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

    Кейде қоғамды бір ғана оқиға қозғалысқа түсіріп, іште қатқан шеменді жарып жібереді. Бұл жолы дәл сондай ахуал орын алды. Magnum дүкендер желісінде орыс тілді бір азамат қазақ тілін білмейтін курьерге шағым түсіріп, артынан дүкен әкімшілігі әлгі курьерді жұмыстан шығарып, мәселені жылы жауып қоя салмақ болғанда, жұртшылық оқыстан оянып кетті. Бұл тек бір азаматтың реніші немесе дүкеннің ішкі тәртібі емес. Бұл – тілдік теңсіздікке қарсы ұлттың рефлексі. Қазақтың өзі, өз жерінде, өз тілінде сөйлей алмайтын күнге жеттік пе деген сұрақ сананы сыздатып тұр. Өз елінде тұрып, өз тілінде сөйлемейтін азаматты қоғамнан аластатылуы ақылға симайтын дүние. Ал Magnum дүкендері желісі отты күлмен көміп қойғандай болды. Қазақ тілі – елдің өзегі. Оған жасалған

  • НАУРЫЗ туралы маңызды құжат

    НАУРЫЗ туралы маңызды құжат

    Ашық дереккөздерден 1920 жылғы 20 наурызда Ташкентте Тұрар Рысқұлов қол қойған Наурызды атап өту туралы бұйрыққа көзім түсті. Демек, биыл бұл тарихи құжатқа – 105 жыл! Алайда, арада небәрі алты жыл өткен соң 1926 жылы Наурызға тыйым салынды. Ал, 1920 жылы Түркістан Кеңестік Республикасының Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып қызмет еткен Тұрар Рысқұловтың тағдыры қандай қайғымен аяқталғаны баршамызға мәлім. Оны “халық жауы” деп танып, 1938 жылдың 10 ақпанында ату жазасына кескен… Нашел вот такой документ в открытых источниках: Приказ, изданный в Ташкенте Тураром Рыскуловым от 20 марта 1920 года о праздновании Наурыза. Получается, в этом году этому историческому документу исполнилось 105 лет! В 1926 году Наурыз оказался под запретом. А

  • Наурыздағы кездесу

    Наурыздағы кездесу

    Кеше Астанадағы ЭКСПО маңында өткен Наурыз мерекесіне барып қайттым. Күн шайдай ашық, көктемнің лебі ерекше сезіліп тұр. Айнала қуанышқа толы – қазақтың дәстүрін дәріптеген ұлттық ойындар, асыл мұрамызды әспеттеген ән-күй, күмбірлеген домбыра үні… Барлығы да Әз Наурыздың сәнін келтіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сахна төрінде әншілер ән шырқап, жыршылар терме толғап, халықтың ықыласына бөленіп жатты. Жан-жағыма көз тастап, ұлттық ойындарға қатысып жатқан жұртты тамашаладым. Қол күрестіру, арқан тарту, гір тасын көтеру – бәрі де бабадан қалған асыл мұра. Кенет ерекше бір көрініске көзім түсті. Аққұба келген орыс қызы 16 килограмдық гір тасын зілдей ауырсынбай, қиналмай-ақ көтеріп жатыр. Таңданысымда шек болмады! Кәдімгі ер адамдардың өзі 130 мәртеден ары аса алмаған бұл салмақты

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы:

Zero.KZ