|  | 

Көз қарас

ЕЛБАСЫҒА ЕСКЕРТКІШ  ҚОЮҒА БОЛАДЫ, ЕГЕР…

aa8f3454fa2f85d7a3c968b5d5515d73

Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевқа көзі тірісінде Алматыда, Астанада, ескерткіш ашылған. Енді, міне, Талдықорғанда кәдімгідей әйдік ескерткіш орнатылыпты. Бұған дейін мұндай ескерткіштер Ресей мен Түркияда да қойылған. Қарап отырсақ, бұл етек алып бара жатқан үрдіс пе қалай…

Айырықша еңбек сіңірген адамдарға көзі тірісінде ескерткіш қою тәжірибесі өмірде бұрыннан бар. Мысалы, Мәскеу түбіндегі Богородск (Ногинск) қалашығында В.И.Ленинге көзі тірісінде ең алғашқы ескерткіш қойылған. Тура сол ескерткіш ашылатын күні 1924 жылғы 22-қаңтарда Ленин қайтыс болып кеткен. Ал бұдан басқа Буэнос-Айресте әйгілі футболшы Марадонаға, АҚШ-та Арнольд Шварценеггерге (Огайо штатында), Сильвестер Сталонеге (Филадельфияда өзінің заказымен қойылған), Вуди Алленге (Нью-Йоркте) қойылған шағын ескерткіштер бар. Ресейдің Псков деген қаласында В.В.Путинге ескерткіш орнатылған екен, алайда ВВП әртіс еместігінен ұялған болу керек, бір тәуліктен соң оны алдыртып тастапты.

Сөз жоқ, Н.Назарбаевтың Қазақстанға сіңірген еңбегі бар. Бұл ең алдымен ел кіндігін батыл түрде Алматыдан Ақмолаға көшіруі және көрші елдермен шекарамызды делимитациялауы, елдің тыныштығын сақтауы дер едік. Ал экономикада ерен жетістіктерге жете қоймадық. Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасыр өтсе де бірде бір МӨЗ салынбады, азық-түлік пен күнделікті тұтыну заттары, киім-кешек басым бөлегінде шетелдерден тасылады. Ауылшаруашылығы өндірісі баяғы 1990 жылғы деңгейге әлі жете қойған жоқ. ЖІӨ жан басына шаққанда $13 мың дегенімізбен бұл «құлағынан сүйрелген» цифр сияқты көрінеді. Өйткені ширек ғасыр түрлі басшылық қызметтерде жүргеніме қарамастан менің жылдық табысым (пенсиямды қосқанда) әлгі цифрдың жартысынан сәл асады.

Әдетте Президентке өзінің міндетін орындағаны үшін ескерткіш қойылмайды. Ескерткіш айырықша қызметі үшін қойылады.
Иә, біз шынымен көзі тірісінде ескерткіш қоюды қалаймыз, егер Президент:

–қазақ халқының қамқор әкесіне айналып, қазақ ұлттық мемлекеттілігін нығайтса (Ататүрік сияқты),
–Қазақстан пайдасыз әлдебір экономикалық одақтарға байланбаса,
–шетелдердегі қандастарымыздан кемінде тағы 5 миллионын көшіртіп алдыртып халық санын 25 миллионға жеткізсе,
–мемлекеттік тіл өз мәртебесіне қонса,
–көрші мемлекет тілі басымдық жасамаса,
–көрші елдің ақпараттық экспансиясы үстемдік жасамаса,
–ЖІӨ жан басына шаққанда ең болмаса Канада, Дания, Германия, Бельгия сияқты кемінде 40 мың долларға жетсе,
–билікке туыстарын араластырмаса,
–елде саяси тұтқындар болмаса,
–Коррупция мен жағымпаздық жойылса,
–елде таза, демократиялық қоғам орната алса!

Мұның бәрі қазір арман болып тұр. Халықтың арманы әлбетте, кез-келген программадан жоғары. Халықтың осы армандарына жету жолында күнделікті міндетін атқарып отырған Президентке ескерткіш қою меніңше тым ерте сияқты. Жүзеге аспағанды жүзеге асты деп көрсету – жағымпаздықтың жарқын көрінісі. Мұны Елбасының өзі де қаламайды.
Сондықтан халықтың аталған армандары жүзеге асып, Президентке шынайы ескерткіш қоятын күнге жетейік!

P.S. Кез келген саяси, әлеуметтік, экономикалық жаңалықты Президентпен байланыстыру – бұл жеке басқа табынушылық болып табылады!

Марат Токашбаевтың facebook парақшасынан алынды%d0%b0%d0%ba%d0%b0

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: