|  |  | 

Тарих Тұлғалар

Әлихан Бөкейхановтың Ахмет Байтұрсыновқа жазған хаты

Alyha_amet 11 маусымда жазған хатыңды алдым. Профессор тамыз және қыркүйек айларында Ырғыз бен Торғайға барып, сол жақтан Қызыл-ордаға соғатын болып уәде беріп, Берлин қаласына қайтып кетті. Мен одан Қостанайдан бастауын өтіндім. Ол бұған келісті. «Егер осы өңірлерге барсаңыз, Ахмет Байтұрсынұлын ұшырастыруға тиіссіз. Бұл кісі сізге серік болады» – дедім мен тағы да.
Енді сенің келісіміңді біліп, оған хат жазып, хабарласып, ақпаратымды Мәскеудегі Неміс өкілдігіне тастап кетпекшімін.Ол өзі біздің Қазақ өкілеттілігіне соғып, анықтап сұрап алатын шығар.
Тамыз айында өзің қайда бармақсың? Мырзағалиұлын неміспен ұшырастыруға жіберерсің. Еуропа сүзектің микробын әлдеқашан тапқан. Лизажанның профессоры дәріс үстінде айтатын көрінеді: «Макс па (менің немісім), жоқ, мен бе, бұл микропты тапқан сияқтымыз» – деп.
Макс бұл жөнінде ештеңе демеп еді. Бәлкім, оның зерттеуінің нысанасы да сол шығар. Егер сен оған қосылсаң, тіпті жақсы болар еді.
Біздің Орталық баспада көрнекті құралдар шеберханасы бар. Олардың қаржысы жеткілікті. Жұмыс жоспары ауқымды. Бүкіл КСРО бойынша халық ағарту ісіне қажетті нәрселер әрбір ұлттың жағдайы мен ерекшелігіне қарай жасалынбақшы. Мен оларға қазақ академиялық орталығымен байланысыңдар деп кеңес айттым. Академиялық орталық енді қазақ мектебі мен көшпелі оқу үйлеріне келеді-ау деген Ережелерін көрсетіп, арнайы жұмысымен қоса осы мүмкіндікті пайдаланып, өз бағасын берсін.
Академиялық орталық, осыны орындауға тырысыңдар.
Әміре Қашаубайұлын Парижге жібермекші. Ол бірде-бір ән сөзін білмейді ғой. Болмайтын нәрсені айтады. Мен оны бірыңғай әншілердің үйіне апарып, ән салғыздырттым. Дауысын мақтастық, әйтсе де ән салған кезде, мен қатты ұялдым. Айтқан әнінің сөзінде мән болсайшы.
Парижде мәнді ән талап етеді. Әншіні Парижге жібере отырып, бір әннің болса да сөзін жаттатқызуға болады ғой! Әміремен бірге баратын басқа халықтардың әншілері ұлттық киімдерін киген, ал біздің Әміре орыс мешанынша киініпті. Бұл соншалықты қиын ба еді?
Абай мен Алтынсарының баласы жөніндегі жазуыңды күзге дейін бітірсең де кеш емес. Нәзір де Абай туралы жазбақшы. Мейлі, жазсын. Алтынсарының баласы Ыбырай хақында өзің жазсаң, жақсы болар еді. Ол сенің ағаң емес пе? Егер ол қазір өмір сүрсе сендей болар еді, ал сен ертерек дүниеге келгенде, оның ісін жасарың хақ.
Сенің ересек сауатсыздарға арналған кітабыңды «бізге» керексіз қазақ хандары мен билерінің сөздері бар екен. «Еңбекші қазақтың» 30-санындағы 19 қосымшасында Ғаббас: «Кітапта бір де коммунист жоқ» – деп жазыпты. Оған жолдас Мардан «Ақ жол» бетінде жауап қайтарды. Мардан жақсы айтыпты. Мен Марданның мұні неге жазғанын білдім: Біздің «жазушы» қазақ коммунистеріміз саған риза емес әрі араз көрінеді. Сен кітабыңда Мағрифаның інісіне дейін орын беріп, мына «жазушылардың» еңбектерін кіргізбепсің. Орыстың мұндай кітаптарында Лениннің мақалалары толы болады екен. Ондайлар біздің қазақ кітаптарында байғұс Сәкендікінен басқаларда жоқ. Мұны маған жақында болған коммунистің бірі айтты. Мен оның есіне мынадай мысалды түсірдім: «Көктем шығып, күн аспанға жоғры көтеріліп, тіршілік атаулы ояна бастағанда, Юпитер бұқа кейпінде жерге төмен түсіп, сиырлардың арасында ұрпақ өндіру қамымен жүреді екен. Бірде жай ғана кәдімгі бұқа Юпитер құдай болуды ойлапты. Сонда біреулер айтыпты: «Бұқаның Юпитер боламын деп армандауы – сандырақ, бос қиял»– деп.
Қазақ коммунистері Ленин болуды қаласа, жол ашық. Әлгі бұқаның кебін құшып жүрген қазақ коммунистері Ленин бола ала ма дегенімде, мына «төрем» көңілсізденіп әрі өкпелеп қалады.
Келініне барды! деп, Күрден әкесі Едігеге қол жұмсағанда, Едіге айтқан екен: «Егер сүліктей арғымақты болдырсаң, жақсы ат қайдан келмек? Қар сұңқарды қорласаң, ондай құсқа қолың қайта жете ме? Егер жерді өртесең, азықты қайдан алмақсың? Суды қанға бөктірсең, қара суды кім берер? Шашымды ақ шалып, көзімді шел басып, қартайған шағымда өз атаң – мені сынасаң, қайдан жақсы боласың»– деп («Көксілдір»). «Көксілдір» мен «Шайырда» осындай өлеңдер бар. Осыны жазуға болады ғой.
Орталық баспаның тапсырмасы бойынша Мағжан Жұмабайұлы әліппе мен өз бетімен оқитындарға арнап кіріспелік жазған-ды. Кеше Нәзір айтады: «Мағжан Жұмабайұлының жазған кітабы Байтұрсынұлының кітабынан жақсы» – деп. Ол кітаптар әлі басыла қойған жоқ. Маған көрсетпеді де. Бірақ, Нәзір сыншы емес.
Меңдешұлы жолдас «Бөкейханұлы «Еңбекші қазаққа» мақалалар жазады», – деп шағымданыпты. Бұл шағымы 15-маусымда Орталық Комитет жанындағы Баспа бөліміне түсіпті. Мені әлгі шағым бойынша онда отырған татарлар тиісінше тезден өткізді. Мәскеу коммунистері: «Қазақтар – ұлтшылдар» – деп жалпыға жар салып, айқайлап жүр. Мен олардан: «Айтып жүргендерің не?» – деп сұрасам, олар: «Өздерің өздеріңе шағым жасап жүрсіңдер, яғни оны жазған – өз қазақтарың», – деп айтады.
Жазғандарымызды аяқтадық. 30-маусымда елге қарай шығамын.
Мадиярдың балалы болуымен құттықтаймын деп едім, бірақ мекен-жайын білмеймін. Осы жөнінде Мадиярға жазып жіберші. «Еңбекші қазақ» маған тиесілі ақшамды берер ме екен, соны Жолдыбайұлынан білші…

Хат жаз. Әлихан.
Мәскеу,23. VI – 25 жыл.

(Әлихан Бөкейхан, таңдамалы, Алматы: «Қазақ энцеклопедиясы», 1995 ж.)

Related Articles

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама 1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. 1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады. 1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: