|  |  | 

Жаңалықтар Саясат

Мұхтар Әблязов француз түрмесінен бостандыққа шықты

Бұрынғы қазақстандық банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтың (ортада) түрмеден шыққан сәті. Франция, 9 желтоқсан 2016 жыл. (AP агенттігі фотосы).

Бұрынғы қазақстандық банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтың (ортада) түрмеден шыққан сәті. Франция, 9 желтоқсан 2016 жыл. (AP агенттігі фотосы).

Бұрынғы қазақстандық банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов 9 желтоқсанда француз түрмесінен бостандыққы шықты. Франция мемлекеттік кеңесі оны экстрадициялау туралы үкімнің күшін жойды.

Францияда үш жылдан аса уақыт қамауда болған бұрынғы қазақстандық банкир әрі оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтың бостандыққа шыққаны туралы оның туған-туыстары әлеуметтік желілер арқылы хабарлады.

Мұхтар Әблязовтың қызы Мәдина әкесінің отбасы мүшелері және тағы бірнеше адаммен дастархан басында отырған суретін Facebook парақшасында жариялап, «Үйде!» («Дома!») деген жазған.

Жұма күні Франция мемлекеттік кеңесі Мұхтар Әблязовті экстрадициялау туралы үкімнің күшін жойғаны туралы шешімін жариялаған. Мемлекеттік кеңес бұл шешімді БҰҰ-ның азаптау істерін тексеру жөніндегі арнайы уәкілі Нильс Мельцер Франция билігін қамауда отырған Мұхтар Әблязовті Ресейге экстрадицияламауға шақырғаннан кейін қабылдаған. Мельцер мәлімдемесінде: «Франция қандай да бір адамды азаптауға ұшырау мүмкіндігі жоғары елге беріп жібермеуі тиіс» деген.

Мемлекеттік кеңес шешіміне Facebook желісінде бірінші болып реакция танытқан Мұхтар Әблязовтың қызы Мадина мен туысы Қарлығаш заңгерлер тобына алғыс айтты.

ӘБЛЯЗОВ ІСІ

2009 жыл - 2005-2009 жылдары “БТА банкін” басқарған Мұхтар Әблязов банкті Қазақстан үкіметі мемлекет меншігіне алған соңЛондонға шығып кетті.

2011 жыл - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатаң сыншысына айналған оппозициялық олигархқа Ұлыбритания саяси баспанаберді. Қазақстан үкіметі Әблязовты 6 миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды деп айыптап, Ұлыбритания сотына жүгінді. Ал Әблязов өзіне қатысты қозғалған істердің саяси астары бар деп мәлімдеді. Осы жылы Қазақстан Ұлыбританияға Әблязовты экстрадициялау туралы өтініш түсірді.

2012 жыл - Ақпанда Лондон жоғарғы соты Мұхтар Әблязовты “сотты құрметтемегені” үшін 22 айға қамауға алып, активтерін құрсаулауға үкім етті. Үкіммен келіспеген Әблязов бұл елден де кетіп қалып, бой жасырып жүрді. Наурызда ол апелляциялық шағым жазды. Қараша айында Ұлыбританияның апелляциялық соты ақпандағы үкімді күшінде қалдырды. Осы айда Лондон соты Мұхтар Әблязовтан қазақстандық БТА банктің пайдасына 2,1 миллиард АҚШ долларын өндіріп алу туралыүкім шығарды.

2013 жыл - Шілдеде Әблязов Францияның оңтүстігінен табылып, Украина сотының талабы бойынша ұсталды.

2014 жыл - Қаңтарда Франция соты Әблязовты Ресей мен Украинаға экстрадициялаутуралы үкім шығарды. Сәуірде Францияның кассациялық соты экстрадициялау туралы үкімді тоқтатып тастады. Сәуірде Ұлыбританияның оған берген саяси баспананы жою туралы шешім қабылдайтыны хабарланып, кейін ол процесс тоқтап қалды. 25 қыркүйекте Лион апелляциялық соты Әблязовты экстрадициялау ісін қайта қарай бастады. 24 қазанда Лион соты оны Ресей мен Украинаға экстрадициялауға санкция берді.

2015 жыл - Наурызда Францияның жоғарғы кассациялық соты Әблязовтың өтінішін қанағаттандырмай тастады. Қазанда Әблязовты экстрадициялау туралы бұйрыққа Франция премьер-министрі Мануэль Вальс 17 қыркүйекте қол қойғаны белгілі болды.

 

 

Мадина Әблязова постында: “Тамаша заңгерлер тобына рақмет! Жылдар бойы күн сайын қасымыздан табылдыңыздар. Әкеме деген сенімдеріңіз бір кеміген жоқ” деп жазған.

7 желтоқсанда БҰҰ-ның азаптау істерін тексеру жөніндегі арнайы уәкілі Нильс Мельцер Франция билігін қамауда отырған қазақстандық бұрынғы олигарх Мұхтар Әблязовті Ресейге экстрадицияламауға шақырған. Мельцер мәлімдемесінде: “Франция қандай да бір адамды азаптауға ұшырау мүмкіндігі жоғары елге беріп жібермеуі тиіс” деген.

“Егер Мемлекеттік кеңес экстрадициялау туралы ордерді мақұлдаса, онда Әблязов бірнеше күн, тіпті бірнеше сағаттан соң Ресейге табысталуы мүмкін. Ал Ресейде оны үлкен азаптау күтіп тұр деуге толық негіз бар, оны Қазақстанға беріп жіберуі әбден мүмкін” деген еді Нильс Мельцер.

БҰҰ уәкілі Ұлыбритания 2011 жылы Әблязов пен оның отбасына Қазақстанға оралса саяси қуғынға ұшырауы мүмкін деген қауіпті ескеріп саяси баспана бергенін ескерткен.

Мельцердің мәлімдеуінше, апелляциялық соттың француз үкіметінен дипломатиялық куәландыруды талап етуі Францияны адам құқығы, гуманитарлық құқық пен босқындар құқығы, әсіресе экстрадицияламау туралы жөніндегі құқықтар бойынша өзіне алған міндеттемелерінен босатпайды. Уәкіл Ресей азаптауға ұшырауы мүмкін адамдарды қайтармау туралы принципке қарамастан Минск конвенциясы бойынша оған мүше елдерге сұраған адамын қайтарып бере салуы мүмкін деп уәж айтқан болатын.

​Бұған дейін Франция соты Мұхтар Әблязовті Ресейге экстрадициялау туралы шешім шығарып, Франция премьер-министрі Мануэль Вальс тиісті жарлыққа былтырғы 17 қыркүйекте қол қойған. Бірақ Әблязовтің адвокаттары бұл шешімнің үстінен Франция мемлекеттік кеңесіне шағымданған.

Қазақстандық “БТА банктің” бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов 2013 жылдың жазынан бері Францияның оңтүстігінде Украина мен Ресейдің қаржылық алаяқтық туралы айыптауы негізінде қамауда отыр. Ресей мен Украина Франциядан оны қайтаруды сұраған. Қазақстан билігі Әблязовті “банктің 6 миллиард қаржысын жымқырды” деп айыптап, іздеу жариялаған. Әблязов бұл айыптауларды жоққа шығарып, өзінің “президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси бәсекелесі ретінде” қуғынға ұшырағанын мәлімдеп келеді. Қазақстан азаматтарын экстрадициялау туралы Астана мен Париждің арасында келісім жоқ.

53 жастағы Мұхтар Әблязов 1986 жылы Мәскеу инженерлік-физикалық институтын бітірген соң Қазақстанда әуелі академиялық салада аз уақыт еңбек етіп, кейін бизнеске ауысқан. 1990 жылдардың ортасына қарай Әблязов “Астана-Холдинг” компаниясының басшысы ретінде танылды. “Жас түркілер” деген атпен белгілі болған постсоветтік кезеңдегі іскер жаңа буын өкілі ретінде Мұхтар Әблязов президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көзіне түсіп, әуелі “КЕГОК” энергетика компаниясын басқарып, 1998-2000 жылдары Қазақстанның энергетика, индустрия және сауда министрі болып қызмет атқарды.

2001 жылы Әблязов сол кезде ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары ретінде саяси ықпалы күшейіп келе жатқан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевпен текетіреске барған демократия талап етуші жас саясаткерлер тобын бастап биліктен кетті. “Қазақстанның демократиялық таңдауы” атты қозғалыс құрған бір топ саясаткермен бірге Әблязов та қуғынға ұшырап, 2002 жылы “өкілетін асыра пайдаланды” деген айыппен 6 жылға сотталды. 2003 жылы Әблязов мерзімінен бұрын босатылып, Ресейде бизнеспен шұғылданды. 2005-2009 жылдар арасында Қазақстанға шақырылып, БТА банктің төрағасы болып қызмет істеді.

Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: