|  |  |  | 

Жаңалықтар Көз қарас Саясат

Шығыс Қазақстан билігінде Ресей азаматы неғып жүр?

Редакцияға хат келіпті. Біз бұл ақпараттың анық-қанығын растай алмаймыз. Бірақ, мұндай хатты себепсіз жібермейді ғой. Шығыс Қазақстанға қатысты хат екен. Осы өңірдің басшысы Даниал Ахметов жазылған жайдан хабарсыз болса керек. Сондықтан жариялап отырмыз. Сонымен хатта не делінген?-деп жазды 365info.kz.

 

Кіріспе

«1998 жылдың 12 тамызында Головатюк Владимир Михайлович есімді азамат Ресей Федерациясының «Азаматтық туралы» заңының 3 бабының негізінде Астанадағы Ресей елшілігінің консулдығында Ресей азаматтығын алады. Тиісінше, төлқұжат рәсімдемеген, тек өзге елдің азаматтығын алған, сөйте тұра Қазақстан азаматтығынан бас тартпаған.
Біздің елде мұндай жайттар бар екені жасырын емес. Көбіне Ресеймен шекаралас аймақтардың қарапайым тұрғындары екіжақты азаматтық алады да оны жасырып жүреді» делінген хатта.

Головатюк Владимир Михайлович

Головатюк деген кім?

Хатта сорақы мәліметтің басы ашылып отыр. «Ресеймен шекаралас аймақтардың қарапайым тұрғындары екіжақты азаматтық алып алған» дейді. Бұл оларға неге керек?

Ал әлгі Ресей азаматтығын алып алған Головатюк деген кім? Сөйтсек қатардағы адам емес екен…

«Ол – Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы! Яғни, шекаралық аймақтың өкілдік билігінің жетекшісі! Облыстың басты тұлғаларының бірі! Мәселен, Қытайдағы Іле-Қазақ автономиясының басшысы немесе Ресейдегі Орынбор облыстық думасы жетекшісінің Қазақстан азаматтығы болуы мүмкін бе? Жоқ! Ал біздің елде бәрі мүмкін!» деп жазылыпты  хатта.

Дәлел бар…

Жазылған жай дәлелделі болу үшін хатпен қоса Ресей Федерациясы Федералдық миграция қызметінің элекронды базасынан көшірілген құжат та жіберілген.

«Онда Головатюктың 1998 жылдан бастап көрші елге жылына бірнеше рет баратыны көрсетіліпті.  Дәл осы қағазда 1998 жылдың 12 тамызында В.М.Головатюкке Ресей азаматтығын беру туралы шешім қабылданғаны жазылған.

ШҚО облыстық мәслихаты хатшысының Ресей азаматы ретіндегі жеке іс-құжатының нөмірі де анықталған – 170309960» деп жазылыпты хатта.

Бұл ұлттық қауіпіздікке төнген қауіп!

Айтпақшы, хатты Серік Хасанов есімді әріптесіміз дайындапты.

«Қазақстан мен Ресей – көршілер, достас мемлекеттер, бірақ білдей бір өңірдің жауапты қызметінің тізгінін өзге ел азаматының ұстап отырғаны мемлекеттік қауіпсіздік қағидаларына қайшы. Мәселен, ел Президенті Өскеменге жұмыс сапарымен барды делік, оның жол жүру бағыттарынан көрші елдің түрлі қызметтері мәлімет алып отырмайтынына кім кепілдік бере алады?

Облыс орталығының әскери бөлімшелерінен бастап стратегиялық коммуникациялар жүйелеріне дейін түрлі мекемелердің ішкі ақпараттары мемлекеттік құпияға жатады. Өзге ел азаматының оларды оңай біліп отыруға мүмкіндігі бар. Бұл ұлттық қауіпіздікке төнген қауіп болмағанда не?» – дейді ол.

Ресей Головатюкті «сатпайды»

Иә, сатпайды. Хат авторының айтуынша, Головатюктің Ресей азаматтығы жөнінде сол елдің тиісті мекемелеріне сұрау салып көруге болады. Бірақ, олардың растай қоюы күмәнді екен.

P.S. Әзір бұған өз тарапымыздан баға беру артықтау болар. Мақала жарық көрсін. Шығыс Қазақстан әкімдігі үнсіз қалмас. Алайда Головатюктің Ресей азаматтығын алып алғаны әрі көрші елге жиі сапарлап барып тұратыны рас болса, бұл мемлекеттің деңгейдегі дау болары анық. Бір ауыз сөзбен, мұны сатқындық деп бағалауға болады.

kaz.365info.kz

 

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: