Головкин жеңілістері жайлы айтып берді
© “ВКонтакте”/Геннадий GGG Головкин Қазақстандық Геннадий Головкин америкалық Power радиостанциясының The Breakfast Club бағдарламасына берген сұхбатында өз өмірі мен жеңілістері жайлы айтып берді. Боксшы келесі жекпе-жегінің неліктен Нию-Йортегі Madison Square Garden аренасында өтетінін, боксқа келу себебі және досы Ронда Роузидің жеңілістеріне қандай көзқараста екенін айтты. Дэниэл Джейкобспен алдағы жекпе-жегі жайлы айта келе, боксшы Нью-Йоркті “бокс Меккесі” деп атады. “Барлығы Нью-Йоркті құрметтейді. Бұл Бокстың Меккесі. Бұл коммерциялық емес, тарихи жекпе-жек болады“, – деді Головкин. “Жоспарым бар, жалғыз емес. Джейкобс қалай жұдырықтасу керек екенін біледі. Мен әрдайым дайынмын, бірақ менің нақты жоспарым жоқ, себебі ол бұл туралы біледі. Тамаша жекпе-жек болады”, – деп мәлімдеді GGG. Головкин боксқа қалай келгені жайлы да баяндады. “Ертеректе болатын. Бұған отбасым