| 2015 | January | 10
  • Этнограф Терещенконың Жәңгір ханмен кездескені туралы естелігі
    Мәдениет

    Этнограф Терещенконың Жәңгір ханмен кездескені туралы естелігі

    «Жәңгір ханның екі әйелі  болған. Біріншісі қарапайым қазақтың қызы, одан туған Сейіткерей мұрасыз қалды. Екіншісі Орынбор мүфтиінің қызы. Білімді еді. Туған тілінен бөлек орысша, немісше білген. Қоғамның арасында жүрген. Одан алты бала дүниеге келді: төрт ұл, екі қыз.  Үлкені Сақыпкерей әкесі қайтыс болғаннан кейін «Княз Шыңғыс» атана бастады. Өйткені атақты Шыңғыс ханның ұрпағы еді. Паж корпусын (Петербургтегі Императорлық корпур) бітірген ол 1847 жылы таққа отырды. Көп ұзамай қайтыс болды. Алдында лейб гвардиялық казак-орыс полкінің корнеті ретінде Орынбор әскери губернаторының қарамағына жүрген. Паж корпусында оның үш інісі тәрбие алуда. Үлкені Ыбрайым 18-де, ортаншысы Ахметкерей 14-те, кішісі Ғұбайлолла 13 жаста. Қыздарының үлкені Зұлқарнай Орынбор губерниясында тұрған полковник Тевкелевке тұрмысқа шыққан. Кішісі Хадиша

    577
  • Шымкенттің әкімі жаңа жылдық безендіруге бөлінген ақшаға балаларды киіндіреді
    Саясат

    Шымкенттің әкімі жаңа жылдық безендіруге бөлінген ақшаға балаларды киіндіреді

    Шымкент жаңа жылдық безендіруге бір тиын да жұмсамайды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Естеріңізде болса, өткен аптада жергілікті билік жаңа жылдық безендіруге 80 млн теңге жұмсайтыны туралы ақпарат жазғанбыз. Қалалық тұрғын үй коммуналдық бөлімі осылай деп мемлекеттік сатып алу сайтына конкурс жариялаған. Бұл мәселе қоғамда қызу талқыға салынды. Басым көпшілігі қомақты қаржының көкке ұшатынына қынжылды. Көп ұзамай, шымкенттік билік 80 млн теңгені басқа кәдеге жарату туралы шешім қабылдады. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өз ұсынысын депутаттарға айтқан. Мәслихат бірден қолдай кеткен. Енді ол қомақты қаржы 5500-ге жуық әлеуметтік жағдайы төмен балаларға жылы киім алуға жұмсалады. (Фото: timeskz.kz) rgmedia.kz

    476
  • Террористерге қарсы пайдаланылатын әскери техниканың құны– 30 млрд доллар
    Жаһан жаңалықтары

    Террористерге қарсы пайдаланылатын әскери техниканың құны– 30 млрд доллар

    Жерорта теңізінің шығыс бөлігіне топтастырылған түрлі елдердің әскери техникалары мен қару-жарағының жалпы құны шамамен 30 млрд доллардан асады. Осы техника мен әскерлер Сирия мен Ирактағы террористермен күрес үшін топтастырылыпты. Бұл туралы түркиялық Haberturk арнасының сайтында жарияланды. Сирия мен Ирактағы террористермен соғысу үшін Жерорта теңізінің шығыс бөлігіне аса қуатты әскери күш топтастырылып жатыр. Олардың біразы теңізде болса, біразы құрлықта орналасқан. Деректерге қарағанда өңірдегі әскери техниканың жалпы құны 30 млрд долардан асады. Жерорта теңіізінің шығыс бөлігінде қазір АҚШ-тың 1 ұшақ тасымалдаушы кемесі, 1 эсминеці, 1 фрегаты, 1 сүңгуір қайығы, 1 барлау катері, 1 электронды шабуыл кемесі, 1 AEGIS класындағы әуе қорғанысы кемесі, 2 логистикалық қолдау кемесі жүзіп жүр. Одан бөлек Түркияның Інжірлік әуе базасында

    1224
  • ҚАҺАРЫ ҚАТТЫ ҚАБАНБАЙ
    Тұлғалар

    ҚАҺАРЫ ҚАТТЫ ҚАБАНБАЙ

    1757 жылы Қаракерей Қабанбай 67-де екен. Сол жылы қазақ-қалмақ Тарбағатай, Алакөл төңірегінде соғысады. Бұл кез – «Ақтабан шұбырынды» аяғы қазақтардың ғажап-ғажап жеңістеріне ұштасып, жау қолында қалған қазақ жері түгелдей дерлік жаудан тазарып қалған кез. Қазақтың бетін қайтсек қайтарамыз деп, қалмақтар әрі сасып, әрі жанталасып, жатқан шақ. Сол соғыста жиырманың ішіндегі қалмақтың Арқауыл деген жас батыры: «Жекпе-жекке менімен Қабанбай шықсын!» – деп ұрандайды. Арқауыл алпамсадай аса ірі жігіт екен. Қарагер атқа мініп ортаға шыға келгенде, астындағы аты есек сияқтанып көрініпті. Қабанбайды жекпе-жекке шақыртып отырған қалмақ басшылары Шахдор мен Убашаның бұл жолғы есебі бұрыннан белгілі, сыналған есепті. Бір ғасыр бұрын, дәлелдеп айтқанда, 1653 жылы, егде тартып қалған Салқам Жәңгірді де Сесен деген

    2479
  • Назарбаевты ұлықтау
    Суреттер сөйлейді

    Назарбаевты ұлықтау

    Руслан МЕДЕЛБЕК Қазақстан президентінің алғашқы ант беру рәсімі 1991 жылы 10 желтоқсанда өткен еді. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері бес рет өткен инаугурацияның барлығында президент Нұрсұлтан Назарбаев ант берген. Азаттық Назарбаев инаугурациялары туралы фотогалерея ұсынады. 1 Ресми мәлімет бойынша, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет бүкілхалықтық төте дауыс беру жолымен өткен Қазақ ССР-і президенті сайлауына дауыс беру құқығына ие республика азаматтарының 88,2 пайызы қатысқан. Олардың 98,7 пайызы Назарбаевқа қолдау білдірген. Сайлаудан соң іле-шала СССР таратылып, Қазақ ССР-і Жоғары Кеңесі депутаттары елдің ресми атауын Қазақстан Республикасы етіп өзгерту туралы шешім қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаевтың президент ретінде алғашқы ант беру рәсімі 10 желтоқсанда Алматыдағы Республика сарайында Жоғары Кеңес депутаттарының қатысуымен өтті. Бұл рәсімде әскери

    1921
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: