Шымкенттің әкімі жаңа жылдық безендіруге бөлінген ақшаға балаларды киіндіреді
Шымкент жаңа жылдық безендіруге бір тиын да жұмсамайды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Естеріңізде болса, өткен аптада жергілікті билік жаңа жылдық безендіруге 80 млн теңге жұмсайтыны туралы ақпарат жазғанбыз. Қалалық тұрғын үй коммуналдық бөлімі осылай деп мемлекеттік сатып алу сайтына конкурс жариялаған. Бұл мәселе қоғамда қызу талқыға салынды. Басым көпшілігі қомақты қаржының көкке ұшатынына қынжылды. Көп ұзамай, шымкенттік билік 80 млн теңгені басқа кәдеге жарату туралы шешім қабылдады. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өз ұсынысын депутаттарға айтқан. Мәслихат бірден қолдай кеткен. Енді ол қомақты қаржы 5500-ге жуық әлеуметтік жағдайы төмен балаларға жылы киім алуға жұмсалады.
(Фото: timeskz.kz)
rgmedia.kz
Пікір қалдыру