|  | 

Мәдениет

Этнограф Терещенконың Жәңгір ханмен кездескені туралы естелігі

Jangir_khan

«Жәңгір ханның екі әйелі  болған. Біріншісі қарапайым қазақтың қызы, одан туған Сейіткерей мұрасыз қалды. Екіншісі Орынбор мүфтиінің қызы. Білімді еді. Туған тілінен бөлек орысша, немісше білген. Қоғамның арасында жүрген. Одан алты бала дүниеге келді: төрт ұл, екі қыз.  Үлкені Сақыпкерей әкесі қайтыс болғаннан кейін «Княз Шыңғыс» атана бастады. Өйткені атақты Шыңғыс ханның ұрпағы еді. Паж корпусын (Петербургтегі Императорлық корпур) бітірген ол 1847 жылы таққа отырды. Көп ұзамай қайтыс болды. Алдында лейб гвардиялық казак-орыс полкінің корнеті ретінде Орынбор әскери губернаторының қарамағына жүрген. Паж корпусында оның үш інісі тәрбие алуда. Үлкені Ыбрайым 18-де, ортаншысы Ахметкерей 14-те, кішісі Ғұбайлолла 13 жаста. Қыздарының үлкені Зұлқарнай Орынбор губерниясында тұрған полковник Тевкелевке тұрмысқа шыққан. Кішісі Хадиша Орынборда тәрбиеленуде (1851 жылдың қазан айындағы мәлімет бойынша). Екі қыздың да неміс ұлтынан қараушылары болған.

Олардың әкесі білімді болған еді. Тұрмысы да қалалыққа тән. Үйінің ішінде Петербордан арнайы алдырған орындықтар мен дивандар, отбасылық суреттері мен картиналар, жер шарының глобусы мен аспандағы планеталардың қозғалысын көрсететін карта сияқты көптеген заттар бар. Қазақтарды қабылдауға арналған арнайы бөлме де қызықты. Олармен бірге жеп-ішу үшін жерге кілем төселген. Әр ортаға сай бола білген: қарапайым халыққа тең сөйлесіп, ғалымдармен ғалымша сұхбаттасқан. Оның пікірлері мен әңгімелерін барлығы рахаттана тыңдаған. Жәңгір зерттеумен де айналысқан. Оның білімі мен көмегін үшін Қазан университеті өзінің «құрметті мүшесі» деген атақ берген. Бұл атаққа ерекше мақтанып, берілген патенті қонақ бөлмедегі алтын жиектемеге (рамка) салып іліп қойған.

Ол қару-жарақты жинауды ұнатқан. Арнайы бөлмесінде алтын мен күміс тастармен қапталған тапанша, қылыш, мылтық, наркескен, алдаспан, айбалтаның түр-түрі жиналған. Ішінде Анна, Елизавета, Екатерина патшайымдардың, Павел мен Александр императорлардың сыйлықтары да бар.

Марқұм хан маған өзі көптеген сирек заттардың иесі екенін мақтанып айтқан. Дегенмен қару-жарақтан өзгені көрмедім. Ол орыс шығармаларын оқып, арнайы «Солтүстік арасы» және «Оқуға арналған кітапхана» баспаларына айырықша құрметпен қараған. Бұлар жайында құрметпен айтып, баспагерлерді сыйлайтынын айтып өткен.

Біздің әскердің Хиуаға жорығындағы Жәңгірдің жасаған көмегі үшін, оған генерал-майор шенін тағып, медальмен марапатталды. Бұл уақытта өзіне жарасатын әскери мундирде жүретін. Түр сипаты әдемі, ұзын қара сақалы болған. Сипатына тіпті қыздар да қызығатын. Мінезі жұмсақ, жүрегі ашық еді. Қазақтардың әлі күнге дейін жоқтайды. Ол 1845 жылы, қателеспесем 45 жасында қайтыс болды. Зиратына барғанмын. Қазақтар жиналып өзі мен отбасы жерлерген орынын қоршап, жанына тал егіп қойған…»

А. Терещенко
«Дәшті Қыпшақ және Іші қырғыз-қайсақ ордасы» 1853 жыл
аударған Рүстем Нүркен
Namys.kz

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: