| 2016 | January | 11
  • Қазақстанда мұғалімдердің жалақысын 500 мың теңгеге көтеруді ұсынуда
    Саясат

    Қазақстанда мұғалімдердің жалақысын 500 мың теңгеге көтеруді ұсынуда

    Экономикалық даулар бойынша заңгер Жангелді Сүлейманов Қазақстанда мұғалімдердің жалақысын 500 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынуда. «Әлемдегі ең маңызды мамандықтардың бірі, ол – мұғалім мамандығы. Нақ сол адамдар біздің балаларымызды оқытады, оларға білім береді, баланың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын да солар. Біз, ата-аналар, тәулік бойы жұмыста жүреміз де, балаларымызбен тек кешкі аста сөйлесеміз. Мұғалім біздің балалармен бірге бізден он есе көп болады. Біз балаларымыздың тағдырын мұғалімнің қолына беріп қойғанбыз. Сондықтан біздің мұғалімдер барлық жағынан үздік болулары тиіс. Моральдық, зияткерлік, соның ішінде қаржылық тұрғыдан да. Бүгін мұғалімдер 50 мыңнан 100 мыңға дейін ғана жалақы алады. Осынау аса жауапкершілігі мол әрі ауыр еңбек үшін бұл тым аз», – дейді ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында. Адвокаттың

    1062
  • ТҮКПІРДЕГІ ТІНТУ
    Оқиға

    ТҮКПІРДЕГІ ТІНТУ

    Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Сарыкөл елді-мекенінде қарасты үлкен аралды Тоқтар Төлешовтың сатып алғаны белгілі. Бірнеше жылдан бері сол жерде «есірткі плантациясын жасағаны» туралы сөздің тарағаны да рас. Бұл туралы halyknews.kz сайты да жазған еді. Астанадан келген арнайы жасақ енді сол аумақты тінтуге кірісті. Айналасы мықтап қоршалған аралдың алты күзетшісін қамауға алып, алдын-ала тергеу шаралары басталып кетті. Сенімді ақпарат көздерінің айтуынша, арал күзетінің бастығы Григорий Козловтың үйінен еш жерде тіркелмеген бірнеше мылтық, тапанша және граната табылған. Аралда «зығырмен қоса апиын өсірді» деген ақпарат алдын-ала мәлімет бойынша шындыққа сай болып шықты. Бірақ есірткіні өндіріс мақсаты үшін өсірді ме, әлде күзетшілердің өздері тұтынбақ болды ма, ол жағы әлі белгісіз. Белгілісі —  алты күзетшіні

    609
  • Академик есеп теңдеуін шешкен оқушыға 1000 доллар сыйлық бермек
    Көз қарас

    Академик есеп теңдеуін шешкен оқушыға 1000 доллар сыйлық бермек

    Ақпан айында мектеп оқу­шы­ларына арналған «Ал­го­рифм» жур­налының биылғы бірінші нө­мірі жарық көрген болатын. Бұл басылымның бас редакторы әрі құрылтайшысы – Айман Өтешова. Екі айда бір шығатын жаңа журналда академик Асқар Жұ­маділдаевтың 60 жылдығына орай сұхбаты және 35 «Алтын белгі» шығарған Оңтүстік Қазақ­стан об­лысындағы Мақ­таарал ауданының Жетісай қаласындағы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы туралы мақала берілген. Онда аталмыш мектеп директоры Өмірхан Қозыбақтың қызықты оқыту әдістемелері мен академик Асқар Жұмаділдаевтың есеп-жұмбағы, ерлікке пара-пар еңбектері жан-жақты ашыл­ған. Сонымен қоса, физика және математика тақырыптарына ар­нал­ған қызықты мақалалар бар. Сүйсінетін жайт – осы басылымда академик Асқар Жұмаділдаев математиканы шемішкеше шағатын бала­ларға теңдеу жасырып отыр. Ғалымның журналға берген сұхбатында мынадай жолдар бар. – Балаларға қандай қы­зықты сұрағыңыз бар?

    1503
  • Керейдің ноқта ағасы Ителі шежіресі жаңаша форматпен жаңартылып басылып шықты.
    kerey.kz TV

    Керейдің ноқта ағасы Ителі шежіресі жаңаша форматпен жаңартылып басылып шықты.

    Қазақ шежіресінің бөлінбес бір бөлігі саналатын Керейдің ноқта ағасы Ителі шежіресі жаңаша форматпен жаңартылып басылып шықты. 20 жылдық үздіксіз ізденістің арқасында жазушы Байахмет Жұмабайұлы 5 ші рет басып шығарды. дүние жүзіне тарыдай шашылған қазағымыздың санында нақты анықтауды осы ата-тек шежіреге сүйенді. Ителі руының Қазақстан ,Қытай , Моңғолия , Түркия , Германия , Америка, Англия , Италия , Австрия қатарлы оннан аса елдерде таралған, шамамен 200 мыңнан асады.Ителі руы туралы Қазақ арасындағы тарихи дастандар, аңыз әңгімелер , қытай, Парсы , орыс жазбаларындағы деректерді салыстыра , сараптап , нақты деректеді іріктеп пайдаланған. Тәуелсіз жас ұрпаққа Қазақ елі тарихын тым тереңде екенін баяндайды. Ағамыздың бүл еңбегі Қазақ хандығының 550 жылдығына, биыл аталып өтілетін Тәуелсіздіктің

    10672
  • Шет жерде жүрсең топырақтың қадірін білер ең
    Суреттер сөйлейді

    Шет жерде жүрсең топырақтың қадірін білер ең

    Мына сəтті 10-11 жасар кезімде теледидардан көрген ем. – Мына адамның дені сау ма? Жерді сүйіп жатқаны несі?’- дедім. Əкем: – Олай деме, шырағым. Сен туған жердің қадірін білмей айтып отырсың мына сөзді. Мен шет жерде тудым, өзге жұрттың қысымын да, көкірек кергенін де, бізді адам деп санамағанын да көрдік. Шет жерде жүрсең топырақтың қадірін білер ең,- деді. Надандығыма, ойсыз сөзіме ұялғаным есімде. Мына сурет- теңдессіз сурет. Тарихи сурет. Елге деген сағынышқа малынған жүректің Аллаға сəжде еткенін тамаша бейнелеген сурет. Абай Қалшабек (Суретті түсірген Болат Омарәлиев)

    970
  • Қайрат Нұртасқа қарақалпақтар таласып жүр, ал біз… 
    Шоу-бизнис

    Қайрат Нұртасқа қарақалпақтар таласып жүр, ал біз… 

     Арманы оны адастырмады. Ия, адастырмады, арманы оны биікке жетеледі. Арманы қанатын қатайтты. Ыстығы мен суығы, қаттысы мен тәттісі қатар жүретін өнер жолында сан қилы сындарды міз бақбай көтере білді. Қазақтың баласын Қазақ ғана емес, басқа ұлт өкілдері де сүйіп тыңдайтыны, іздеп тыңдайтыны өтірік емес. 2015 жылдың соңында біздің Қайрекеңді қонақ ретінде, Нұрлан Нәсіп есімді Қырғыз елінің әншісімен бірге кеш қоюға арнайы шақырды. Сол кеште Қайраттың шабысы, Қайратқа деген ыстық ықылас пен қошемет басым болды. Одан бөлек Астана және Алматы қаласындағы шығармашылығының 10 жылдығына орай ұйымдастырылған “Мен ғашықпын” деп аталатын кеші “тәуелсіздікпен тұспа тұс келді”, “бұл неғылған басыну”, “құтыру”, “сонша ақшаны шығындап шетел әншілеріне, одан да жетім-жесірлерге жәрдемін бермей ме” деп

    2581
  • Жаңа министр балаларды қай тілде оқыту керек екенін айтты
    Саясат

    Жаңа министр балаларды қай тілде оқыту керек екенін айтты

    © Youtube.com 10 ақпанда Ерлан Сағадиев ҚР білім және ғылым министрі болып тағайындалды. Конференциялардың бірінде ол балаларды қай тілде оқыту керектігін айтқан болатын, – деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желілерде көптеген қазақстандық қолданушылар, саясаттанушылар, журналистер Сағадиевтің министр лауазымына тағайындалуын ең дұрыс шешімдердің бірі деп атады. Сағадиев өзінің жаңашыл идеяларымен белгілі. Ол “TEDxAlmaty 2013″ шарасында үш тілде білім беру жүйесі туралы сөз қозғады. Айта кетейік, қазақстандық мектептерге жаппай үш тілде білім беру жүйесін енгізу 2023 жылы іске асырылады. Сағадиевтің айтуынша, ата-аналар мектепті таңдауға келгенде үнемі қиналады (министрдің бес баласы бар): мысалы баланы қай тілде оқытатын мектепке берген дұрыс. Оның айтуынша, ата-аналар мектепті таңдаған кезде белгілі бір мәліметтерге, сандарға және тренд деген ұғымдарға сүйенуі керек.

    767
  • Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту
    Тарих

    Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту

    Ей, Абылай, Абылай, Абылай ханым, бұл қалай? Бұл қалайдан сескеніп, Сөзімді қойма тындамай. Талай істер басыңнан Өтіп еді-ау жасыңнан, Қиын, қызық әрбір жай. Жас күнінде, Абылай, Үргеніштен мұнда кеп, Сарыарқаны жерім деп, Қалың қазақ елім деп, Келмеп пе едің жаяулай?! Төле биді тапқанда, Күндіз түйе баққанда, Жалғызбын деп шошымай, Еш малшыға қосылмай, Қара жерге отырмай, Күпінді салып астыңа, Жең жастанып басыңа, Қол-аяғың төрт жақта, Жатушы едің сол шақта, Ұмыттың ба соны, Абылай! Жиырма жасың толғанда, Қалмақпен соғыс болғанда, Алғашқы бақты тапқанда, Шарыштың басын қаққанда, Қанжығаңа бас байлап, Жау қашты деп айғайлап, Абылайлап шапқанда… Ұмыттың ба соны, Абылай! Сол ерлікпен хан болдың, Әлем асқан жан болдың, Барша әлемге даң болдың, Ұмыттың

    1996
  • Қазақ ұлтына сырттан келер үлкен көмек бар, ол – оралмандар.
    Тұлғалар

    Қазақ ұлтына сырттан келер үлкен көмек бар, ол – оралмандар.

    «Қазақ ұлтына сырттан келер үлкен көмек бар, ол – оралмандар. Мен мұны “көмек” деп әдейі бөліп айтып отырмын. Себебеі, оралмандарды ұлтқа көмектесуші адамдар ретінде қабылдауымыз керек. Ұлттың санын молайтатын, сапасын жақсартатын, ұлттық экономикаға ие болатын, сырттан келіп қосылып жатқан “жаңа күш” ретінде қараумыз керек. Әсіресе, гуманитарлық салада, тіл, мәдениет саласында біз көріп отырған қиыншылықтардан алып шығуға өз үлесін қосатын күш ретінде қарауымыз керек». Мемлекет және қоғам қайраткері, АЛТЫНБЕКСӘРСЕНБАЙҰЛЫ

    2670
  • АЛАШТЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТҰЛҒАСЫ
    Тарих

    АЛАШТЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТҰЛҒАСЫ

    Мырза Наурызбайұлы Биыл Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толмақ. Бұл меже ЮНЕСКО аясында аталынып өткелі тұр. Ал, келесі жылы Түркістан автономиясы мен Алаш автономиясына – 100 жыл. Ғасырлық мерейтой! Осы тарихи даталарды байыптау мен зерделеу барысында біз Алаш ұғымына кешенді қарағанымыз абзал. Ұлт зиялылары тарихында айтулы бір оқиға бар. Ол – 1924 жылы маусымда Орынборда өткен Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі (түпнұсқа атауы). Бұл – ХХ ғасырдың бас ширегіндегі ағартушылық, дүниетанымдық, ғылыми бағдары жөнінен ең маңызды жиын болатын. Сол сиезге қатысқандар кейін, 30-жылдары түгел дерлік нақақ репрессияланды, атылды. Арасында жалғыз адам тірі қалды. Ол – Мырза Наурызбайұлы. 20-жылдары Шығыстағы ең ірі саяси мәселенің бірі – «Орта Азия мен Қазақстанды

    2842
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: