Көкбастауда топ жарған
Президент кубогі Көкбастауда топ жарған Алматы облысы әкімдігінің демеуімен Жамбыл ауданындағы «Көкбастау» ипподромында Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына Конституция күніне орай ұйымдастырылған ат спорты түрлерінен өткен дүбірлі жарыс өтті. Оған Қазақстан Президенті кубогын жеңіп алу үшін Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген шабандоздар мен жалдарынан жел есіп, атқан оқша зулаған сәйгүліктерінің қарымы осы жарыста сыналды. Сонымен қатар көрші қырғыз елінің тұлпарлары да жарыс жолында бой көрсетті. Жұрт толық жиналып, сәйгүліктер сайланып болғансоң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, әуезді саз биікке қалықтады. Халық алдындағы сахна төріне шыққан «Сүйінбай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамбілінің өнерпаздары ән мен күйді төкпелеп мереке шырайын кіргізді. Президент кубогі жүлдесіне арналған ат спорты түрлерінің
