Ислам Каримов ауруханаға түсті
Өзбекстан үкіметі президент Ислам Каримовтың науқастанып, ауруханаға түскенін мәлімдеді. Ресми ақпаратқа сәйкес жергілікті дәрігерлер Каримовты “медициналық тексеруден өткізу мен емдеу шаралары біразға созылатынын” айтқан.
Соңғы күндері Өзбекстан президентінің қатты ауырып қалғаны туралы бейресми хабарлар тараған болатын. Азаттықтың Өзбек қызметіне сенбіден бастап Каримовтың қатты сырқат екені туралы ақпарат түсе бастаған.
Бейресми хабарларда Ислам Каримовтың қандай дертке ұшырағаны туралы ашық айтылғанымен, Азаттық оның диагнозын тәуелсіз түрде нақтылай алмай жатыр.
Өзбекстан үкіметі президент Каримовтың денсаулығы туралы қысқаша болсын бірінші рет мәлімет беріп отыр. 78 жастағы Каримов Өзбекстанды 1989 жылдан бері басқарып келеді.
Азат Еуропа / Азаттық радиосы
Пікір қалдыру