|  |  | 

Суреттер сөйлейді Қазақ шежіресі

Тегіне тартқан тереңдік

Гималай тауын кесіп өтіп, бес мың шақырым жолды артқа тастап Кашмирге жеткен Қытай қазақтарының тағдыр-талайы газет-журналдарға жарияланған шағын мақалалардан бастап, том-том романдарға да жүк болғаны белгілі. Бірақ, оның көбі сол оқиғадан біршама кейін жазылды. Ал «National Geographic» журналына Милтон Дж. Кларк есімді америкалық 1954 жылы ағылшын тілінде мақала жария­лапты. Автор мақаласын «Кашмирдегі атақты Шринагарға келген босқындардың арасында бір жылымды өткіздім» деп бастайды.1490929361_article_b Осы бір жылдың ішінде ол қазақ тілін үйренеді. Қазақтармен бірге Шринагарда өмір сүріп, тыныс-тіршілігін әбден зерттеп алған соң әлгі мақаланы жариялайды. Оған қоса ру көсемдерінің суреттерінен тартып қыз-келіншектердің, жас сәбилердің өзі түсірген оншақты суретін қоса шығарады. Өт­кен жылы осы «National Geograhpic» жур­­налы тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көр­­ген болатын. Журнал жоғарыда атап өт­кен мақаланы қазақ тіліне аударып басты. Осы­­дан соң біз әлгі суреттерде бейнеленген жас қыздардың бірі, бүгінде сексеннің се­ң­­гі­ріне шыққан Фазила Жаналтайдың қа­зір Ас­танада тұрып жатқанын біліп, үйіне із­деп бардық.  

 

1954 жылғы суретте бүйірін таянып тұр­ғ­ан жас қыз хикметке толы ғұмырының бар­лық ауыртпалығын артқа тастап, бүгінде ұл-қыздарының, немере-шөберелерінің арасын­да жайқалған әжеге айналған. Зе­рек­тігі, сөз­ге шешендігі бірден байқалды. Ба­сынан қан­дай жағдай өтсе де жасымаған, қайта шың­дала түскен сияқты. Әңгімелесе ке­ле бұл кісінің Шығыс Түркістанның Ал­­тай аймағындағы (қазіргі Қытай Ха­лық Рес­публикасының Шыңжаң ұйғыр ав­то­но­миялық ауданы – автор) қарулы кө­те­рі­­лісті басқарған атақты Зуқа батырдың не­мересі Фазила Жаналтай екенін білдік. Өз әкесінің аты – Сұлтаншәріп. Біз тарих­тан Шығыс Түркістанды мекендеген қа­зақ­тардың жергілікті үкіметтен қысым кө­­ріп, Үндістанға қарай екі рет үдере көш­ке­нін білеміз. Бірінші көш Елісхан жә­не Зайып батырлардың жетекшілігімен 1938 жылы бас­талып, олар қаша жүріп қы­­тай әскерлерімен шайқасып, Тибет, Г­и­малайды асып, үш жылдың бедерінде Үн­дістанға жеткен. Бұл туралы жазушы Ж.Шәкенұлының «Қаралы көш» романында жан-жақты баяндалған. Ал екінші көшке Қа­либек әкім, Құсайын тәйжі, Сұлтаншәріп Зу­қаұлы, Дәлелхан Жаналтай есімді беделді адам­дар басшылық жасаған. Бұлар бастаған көш 1949 жылы елден шығып, 1951 жылы Каш­мирге жеткен. Міне, осы екінші көште 15 мың адамның ішінде он бес жастағы Фазила да бар болатын.

20170331092911_47487Фазила апа сол кездегі оқиғаларды кү­ні кеше болғандай баяндайды. Ештеңені ұмы­т­паған. «Біз ол кезде баламыз. Бірақ сол көш барысындағы түрлі оқиғалар ер­те есей­тіп жіберді. Суықтан, аштықтан, со­­ңы­мыздан қуған әскерлермен болған ша­й­­қастарда көптеген адам қайтыс болып кет­ті. Сап-сау келе жатқан адамдар тау ауруына шалдығып, ажалдары содан жетті. Кашмирге жеткенімізде бірге еріп шыққан өз туыстарымыздың тең жар­тысы жоқ еді…», дейді. Қазақ көші Шри­нагар қаласында көп тұрақтамаған. Фа­зила апаның айтуынша, сол кезде Америка Құрама Штаттарынан, Біріккен Араб Әмірліктерінен және Түркия тарапынан қазақтарды өздеріне қабылдау туралы ұсыныстар түскен. Рубасылар, әр әу­лет­тің үлкендері ақылдаса келе, діні бір, тү­бі бір түріктердің ұсынысын қабыл алу­ды жөн көріпті. Содан 1954 жылы Үн­діс­тан­­дағы, Кашмирдегі қазақтардың дені Түр­кия­ға көшіп кетеді. Белгілі бір себептермен сол жерде қалған отбасылар да бар. Фа­зила апайдың отбасы да Шринагарда қал­ған. Ол Қытай Халық Республикасының құ­ра­мындағы Шынжаң өлкесінде тәуелсіз Шы­ғыс Түркістан Республикасын құ­ру жо­­­лында ұлт-азаттық көтерілісті ұйым­дас­ты­­­рушылардың бірі Жанымхан қа­жының ұлы Абдулхамитке тұрмысқа шығады. Жа­­нымхан қажы қазақтан шыққан тұңғыш қар­жы министрі ретінде де танымал тұлға. Ол Шыңжаң өлкелік үкіметінде қаржы ми­нис­трі қызметін атқарған. Абдулхамит пен Фазила төрт баланың әке-шешесі атанғанда отағасы жүрек талма­сы­­нан қайтыс болып, отыздың ішінде жесір қал­­ған келіншектің мойнында бала-шағаны асы­­рау міндеті тұрды. 1969 жылы Фазила да балаларымен бірге Түркияға көшеді. Ол жақ­та былғарыдан киім тігумен айналы­са­ды. Түркияда өздерінің кішігірім фа­б­ри­каларын ашып, нәпақасын саудадан та­бады. Төрт баласына да жоғары білім әпе­реді. Бүгінде үлкені Зылиха елордада. Одан кейінгі Бешір Лондонда тұрады. Бри­таниялық әйгілі телерадиокорпорация Би-би-сиден зейнетке шыққан. Ахметі мен Тах­ирасы Түркияда. Олар да бірі инженер, екін­шісі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі қыз­метін абыроймен атқарып жүр.       Кейіпкерімізге екінші баласына аяғы ауыр кезде, яғни Кашмирде жүргенде жары­мен бірге Меккеге бару нәсіп болған екен. Содан бері исламның қайнарынан қа­нып ішіп, ата-баба жолын ұлықтаумен ке­леді. «Жазмыштан озмыш жоқ» дейтін Фа­зила апа бес уақыт намазын оқып, оразасын ұстап, елордадағы еңселі шаңырағында ба­қытты өмір сүруде. Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан» Астана

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: