|  | 

Жаһан жаңалықтары

Метродағы жарылысқа қатысты аталған қазақстандықтан хабар жоқ

Метроның "Сенная Площадь" станциясының кіреберісінде тұрған шұғыл қызмет көліктері. Петербург, 3 сәуір 2017 жыл.

Метроның “Сенная Площадь” станциясының кіреберісінде тұрған шұғыл қызмет көліктері. Петербург, 3 сәуір 2017 жыл.

Ресейдің Cанкт-Петербург қаласындағы метрода жарылыс болып, оқиғадан соң қазақстандық Максим Арышев туралы түрлі мәлімет тарады. Ресейлік БАҚ-тың кейбірі оны құрбандар қатарына жатқызса, күдікті ретінде болжам жасағандары да бар. Қазақстан сыртқы істер министрлігі асығыс ақпараттарға сенбеуге шақырды. Азаттық әзірге Арышевтің туыстары Петербургке аттанғанын, оның жаралылар мен қаза тапқандар тізімінде жоқ екенін анықтады.

Санкт-Петербург қаласының метрополитеніндегі жарылыс сәуірдің 3-і күндіз «Технологиялық институт» және «Сенная Площадь» станцияларының арасында болған. 11 адамның қаза тапқаны, 50-дей адамның зардап шеккені туралы ақпар тарады. Ресей билігі оқиғаны «теракт» деп атады. Әзірге жарылысты ешқандай ұйым мойнына алмады.

Жарылыстан кейін БАҚ беттерінде Петербургте оқитын қазақстандық студент Максим Арышев туралы түрлі мәлімет тарады. Кейбір ресейлік ақпарат құралдары жарылыс кезінде вагонда 22 жастағы қазақстандық Максим Арышевтың болғанын хабарлады. Енді бір ақпарат құралдары Максим Арышевтың жарылыс болған сәттен кейін хабарсыз кеткенін, оны туыстары іздей бастағанын жазды. Жарылысты «Орта Азиядан шыққан 23 жастағы адамның жасағаны» туралы да хабарланды.

“АРЫШЕВ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ЖОҚ”

Азаттық Петербург метросындағы жарылыстан кейін хабарсыз кеткен Максим Арышевтың Алматыдағы ата-анасы Ирина және Виталий Арышевтармен сөйлесуге тырысқан еді. Алайда телефон тұтқасын көтерген, өзін «Максимнің тәтесі» ретінде таныстырған Елена Арышева Ирина және Виталий Арышевтардың Петербургке сәуірдің 4-і ұшып кеткенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, Максим Арышевтің қайда екені туралы әлі нақты дерек жоқ.

- Ағам мен жеңгем бүгін ұшып кетті, Біз ештеңе білмейміз, – дейді Елена Арышева.

ФОТОГЛАЕРЕЯ: Петербург. Метродағы жарылыс

​Азаттық тілшісі Санкт-Петербург қаласындағы Қазақстан бас консулдығының «тікелей желісіне» де хабарласқан еді. Телефон тұтқасын көтерген, өзін «Ильясов Ильяс» деп таныстырған қызметкер Петербургтегі «жарылыстан қаза тапқан қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ» екенін айтты.

- Тізімде қазақстандықтар жоқ. Арышев туралы да ақпарат жоқ. Біз тізімді Ресей ТЖМ-нің солтүстік-батыс бөлімінен алып отырмыз, – дейді Ильясов.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов Максим Арышев жөніндегі ақпараттарға қатысты асығыс қорытынды жасамауға шақырды. Оның Азаттыққа айтуынша, Максим Арышевтің қайда екені жайлы әзірге нақты мәлімет жоқ. Ол «Қаза тапқан адамдар мәйітін тану жұмыстары жүріп жатыр. Мерт болғандардың қай елдің азаматтары екені жөніндегі тізім әлі жасалып жатыр. Ресми ақпарат әзір болған бетте біз оны БАҚ-та жариялаймыз» деді.

Әлеуметтік желідегі аккаунтарда «Максим Арышев» деген атпен тіркелген интернет қолданушы «Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің информатика және қолданбалы математика факультетінің 3-курсында «ақпараттық жүйелер және технологиялар» мамандығы бойынша оқитынын» жазған.

ҰҚК БОЛЖАМЫ

Ал Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков “Бұған дейін терактіге 1996 жылы туған Арышев Максим Витальевичтің қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпараттар тарады. Бұл ақпарат шындыққа сәйкуес келмейді дер еді. Ол комитет назарына ілікпеген, есепте тұрған жоқ. Ресей арнайы қызмет өкілдері оны орындаушы ретінде қарыстырып отырған жоқ. Біздіңше, ол – жарылыс эпицентрінде болған құрбан. Біз ақпарат алмасып жатырмыз, жақын арада белгілі болады” деген.

Нұрғали Білісбековтің сөзіне қарағанда, қазір Ресей қауіпсіздік қызметі терактіге Ресей немесе Қазақстанның азаматы емес, Орталық Азиядан шыққан адамның қатысы бар деген болжамды тексеріп жатыр.

“ТЕРАКТ”

Метрода жарылыс болған сәтте Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесіп отырған Ресей президенті Владимир Путин «билік жарылысқа себеп боларлық барлық нұсқаларды қарастыратынын, теракт болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайтынын» мәлімдеген.

Ресей бас прокуратурасы өкілі бұл оқиғаны «теракт» деп атады. «Интерфакс» агенттігі Санкт-Петербург метросының «Площадь Восстания» станциясынан да жарылғаш зат табылып, саперлер оны залалсыздандырғанын хабарлады.

Қазір Петербург метросының станцияларында тексеріс күшейіп, жолаушылар кезегі пайда болған. Алматы метросында да қауіпсіздік шаралары күшейтілгені хабарланды.     Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: