|  | 

Көз қарас

«Орыстар неге кетіп жатыр?». Борис барлық шындықты айтты

439eb117d4c8031edff67bab2bc2eaf4-600x400

Қайда? Неге? Қазақстаннан кімдер кетіп жатыр? Білсеңіз, былтырғы жылы біздің елден Ресейге 23 589 орыс көшіп тыныпты. Кетіп жатқандардың 88 пайызы Ресейді таңдапты. Тегін емес-ау осы… Бір себебі бар.

Сamonitor.kz-те жарияланған мақаланы оқып осындай ойға қалдық. Аударып, ықшамдап ұсынып отырмыз. Мақаланың түп-төркінін түсінген адам оның неге және не себепті жазылғанын да бірден аңғаруы тиіс. Солай.kaz.365info.kz.

«Баламның соңынан бардым»

Алдымен Валерия Гуревичтен бастайық. 60-қа қараған шағында Петербургке көшкен.

«Неге өйттім? Баламның соңынан бардым. Осында оқуға түсті. Үйленді. Ресей азаматтығын алды. Өкінбеймін. Мұнда ет жақындарым тұрады. Еркін жүріп-тұрам. Бірақ, Қазақстан да қымбат маған. Жаман өмір сүргем жоқ ол жақта», — дейді зейнеткер.

Бұдан нені түсіндік? Қазақстандағы орыстардың тәуелсіздік тұсында өмірге келген үрім-бұтағы тарихи отанына оралып жатыр. Оқумен кетеді. Отбасын құрады. Қалады. Біржолата. Көніп жатса, артынан ата-анасын да ала кетеді.

Әке-шешесі Қазақстанда қала беруі де мүмкін. Аға буын өскен ортасын қиюы да қиын ғой. Балаларын ұстамайды, алайда. Солай. Бірақ, бізді қызықтырған бұл кейіпкер емес.

Борис не дейді?

Сamonitor-ға пікір білдірген келесі адам аты-жөнін айтпапты. Неге өйтті екен? Ақыр айтты ғой ойын. Атын неге жасырады?

«Тоғызқабатты үйде тұрам. Осындағы 5 отбасы Ресейге көшкелі жатыр. Жалпы, жақсы бәрі. Бірақ, бір түйткіл бар. Жұрт көшіп жатыр. Орыстарды айтам. Себебі, ертеңінен үміт жоқ. Тұрмысында да, жұмысында да. Трайбализм тамыр жайған. Ұлттық мәселе тағы бар. Баламды оқытатын жер жоқ, қазір. Білім жоқ. Саяси бағдар да белгісіз. Қазақ тілін жанталасып енгізіп жатыр. Латынын тағы қосты», — дейді Борис (мақала авторы осындай лақап ат беріпті оған).

Борис те Ресейге кетпек. Жалығыпты. Мезі болыпты. Білсек, бұл кісі мұғалім. Сабақ береді. Сабақ үстінде елдегі былықтарды айтса, қарсы шығатын студенттер шығыпты.

«Қарашы өздерін, мені патриот емессің деп айыптайды. Олар кім соншама? Қысқасы, арты айғаймен аяқталды. Мұны қойшы. Студенттердің арасында сәләфиттер пайда болды. Содан қорқам. Өз идеяларын тықпалап жүр олар. Билік әрекет етіп жатыр. Бұдан нәтиже бола ма? Белгісіз. Қысқасы, қолды бір сілтедім де Ресейге көшіп кеттім…», — дейді ол.

Борис былтырғы жылы Қазақстаннан Ресейге кеткен 23 589 адамның бірі. Ол енді оралмайды…

«Айта алмаймын. Білмеймін. Белгісіз»

Әрі қарайғы әңгімеде Борис одан сайын ашыла түсіпті. Ағынан жарылыпты.

«90 жылдарға қайтып оралған түріміз бар. Орыс жастары кетіп жатыр. Артынан әке-шешесі де ілесуде. Неге бұлай?

Аты бар, беделі бар ЖОО-ларға кіріңізші. Орыс студенттерінің үлесі 3-4 пайыздан аспайды. Жоқ, Алматыда орыс аз емес. 30 пайыздай бар. Бірақ, жастары кетіп жатыр. Олар қайта орала ма? Айта алмаймын. Білмеймін. Белгісіз.

Ресейге кетіп жатқандардың арасында азиаттар да көп (Бористің бұл арада кімдерді меңзегенін түсінбедік)».

Байқаймыз, Борис бәрін байқайды. Көріп жүреді. Ойлап жүреді.

«Адамды ұлтына, шыққан тегіне қарай бөлген дұрыс емес. Тек қазақтар істейтін, тек орыстар істейтін мекемелерді көргем. Қауіпті бұл. Қоғам бүлінеді бұдан.

Айталық, неліктен көшелерде еуропеоид полицейлер жоқ? Неге көрмеймін оларды? Салық органдарында, прокуратурада, соттарда орыстар неге жоқтың қасы?

Жоқ, мен ешкімді ренжіткім жоқ. Бірақ, бәрібір ойлайсың. Әрі қарай не болады? Орыспын мен. Бірақ, ешкімге керегім жоқ екен. Не істеймін сонда?» дейді ол.

Борис полицейлер туралы айтты. Еуропеоидтар жоқ деді олардың арасында. Иә, жоқ. Бірақ, мұны орыстардың өзінен сұрау керек шығар, Борис? Бәлкім, олардың бұл салаға барғысы жоқ шығар? Қалай ойлайсыз?

Соңында

Былтыр Қазақстаннан көшкендердің көпшілігін 30-34 жас аралығындағы жастар құраған. Бұлар 4050 адам. 25-29 жастағылар – 3630 адам. 35-тен 39-қа дейінгілердің арасында 3375 адам көшкен Қазақстаннан. Дерлігі Ресейді таңдаған. Солай.           kaz.365info.kz

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: