|  |  | 

Тарих Тұлғалар

НКВД қудалаған Оразмағамбеттің тағдыры белгісіз


Карлаг музейінің қызметкерлері азаптау көрінісін қойып жатыр. Қарағанды облысы Долинка ауылы, 19 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Карлаг музейінің қызметкерлері азаптау көрінісін қойып жатыр. Қарағанды облысы Долинка ауылы, 19 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

1930 жылдары қазақтардың Маңғыстаудан Иранға көшуіне себепші болған, кейін советтік жазалау мекемесі ату жазасына кескен Оразмағамбет Тұрмағанбетовтің Түркіменстан түрмесіндегі тағдыры белгісіз күйінде қалды.

Исламбек Көрпе – 1935 жылы Иранға көшіп, 1937 жылы НКВД ұстап, ату жазасына кескен Оразмағамбет Тұрмағанбетовтің шөбересі. Иран жерінде туған Исламбек қазір де сондағы Горган қаласында тұрады. Оның үлкен атасы Оразмағамбет Тұрмағанбетов – 1930 жылдары советтік Қазақстандағы қудалаудан бас сауғалаған қазақтардың Иран қалаларына қоныстануына себепші болған белгілі тұлға болатын.

ОРАЗМАҒАМБЕТТІҢ ҰСТАЛУЫ

Исламбектің айтуынша, әуелде Оразмағамбет Бұхарада, Түркияда діни білім алып, кейін Үндістанның Бомбей (қазіргі атауы – Мумбай) қаласында оқып, геолог-инженер мамандығын игерген.

- Қазақстандағы 1930 жылдардағы саяси науқан кезінде Маңғыстауда атамызды НКВД «Англияның шпионы» деп қудалайды. Сол кезде ол бала-шаға, туыстарымен бірге Ашғабадқа көшіп барады. Сонда жүргенде бір күнітаныстарының бірі Оразмағамбетті ұстау туралы бұйрық келгенін, сондықтан ертеңге қалмай түнде қашу керектігін айтады. Сол ұйғарыммен ол түнделетіп әулетімен Иран жеріне көшіп кеткен, – дейді Исламбек Көрпе Азаттыққа.

НКВД ату жазасына кескен Оразмағамбет Тұрмағанбетовтің шөбересі Исламбек Көрпе. Алматы, 2016 жылдың күзі.

НКВД ату жазасына кескен Оразмағамбет Тұрмағанбетовтің шөбересі Исламбек Көрпе. Алматы, 2016 жылдың күзі.

 

Оның айтуынша, Иранға көшіп барған қазақтар әуелде бірнеше қалаға бытырай қоныстанып, қиналып қалады. Кейіннен қазақтар Горган, Бендер-Түркіменге (Бендер шах) тұрақтайды.

Ебжан атамның айтуынша, Оразмағамбетті Иранда жүрген жерінен Совет жағы «қара машинамен» алып кетіп, Түркіменстанға апарып атқан екен.

- Оразмағамбеттің тұңғыш ұлы – Ебжан атамның айтуынша, Оразмағамбетті Иранда жүрген жерінен Совет жағы «қара машинамен» алып кетіп, Түркіменстанға апарып атқан екен. Естуімізше, атқан кезде денесінен 58 оқ табылған деседі, – дейді Исламбек.

Исламбек Көрпенің айтуынша, Ебжан кейін әкесінің қайда, қашан, қандай жағдайда атылғанын және мәйітін сұрап, Мәскеу мен Ашғабатқа Қазақстандағы туыстары арқылы сұрау салып хат жазған. Алайда сот, прокуратура, бір кездегі КГБ мекемелерінен алған жауаптарда Оразмағамбет Тұрмағанбетовтің қайтыс болған жылдары екі түрлі көрсетілген. Ал мәйіті немесе қалдығы жайлы мүлде айтылмайды.

Оразмағамбет Тұрмағанбетовтің 1942 жылы өлгені туралы анықтама.

Оразмағамбет Тұрмағанбетовтің 1942 жылы өлгені туралы анықтама.

 

Оразмағамбеттің Иранда қалай ұсталғаны жайлы да нақты айтылмайды. Ұрпақтары айтқандай шынымен НКВД өзі Иранға барып ұстады ма, немесе НКВД-дың сұрау салуымен Иран жағы ұстап берді ме – бұл туралы дерек, құжат әзірге жоқ. Ал маңғыстаулық өлкетанушы Алқажан Меделұлы Оразмағамбет Түркіменстан-Иран шекарасында ұсталуы мүмкін дейді.

- Біз Оразмағамбет туралы зерттеу жасап Иранға барған кезімізде жергілікті түркімендер Оразмағамбеттің шекара маңындағы шабуылдың бірінде түркімен серіктерімен бірге ұсталғаны туралы айтты. Ол Иранға көшкен соң да шекарадан әрі-бері қатынап жүрсе керек, – дейді Алқажан Меделұлы Азаттыққа.

1938, 1942? ҚАЙ ЖЫЛЫ АТЫЛҒАН?

Оразмағамбеттің ұрпақтары оның ақталғаны жайлы ресми мәліметті алғаш 1990 жылы алған. Осы жылы қазанның 3-і күні Түркіменстан прокуратурасы оның туыстарына жолдаған жауабында Оразмағамбет Тұрмағанбетовтің СССР Жоғарғы соты әскери коллегиясының шешімімен “контрреволюциялық” әрекеттері үшін айыпталып, 1938 жылы ату жазасына кесілгені, ал бұл істің 1963 жылы құрамында «қылмыс болмағандықтан» тоқтатылғаны келтірілген. Прокуратура осы құжатқа қоса Оразмағамбеттің ақталғаны жайлы да анықтаманы қоса жолдаған.

Оразмағамбеттің 1938 жылы қазанның 30-ы атылғаны туралы Түркіменстан КГБ-сының мәліметі.

Оразмағамбеттің 1938 жылы қазанның 30-ы атылғаны туралы Түркіменстан КГБ-сының мәліметі.

​1991 жылы шілденің 17-сі Түркіменстан КГБ-сының Оразмағамбет ұрпақтарына жіберген жауабында 1882 жылы туған оның Бомбейде инженер-геолог мамандығы бойынша жоғары білім алғандығы айтылады. Құжатта НКВД-ның Оразмағамбетті 1937 жылы қыркүйектің 1-і ұстағаны, оның 1938 жылы қазанның 29-і ату жазасына кесіліп, қазанның 30-ы атылғаны хабарланған. Алайда КГБ құжатында оның қайда жерленгені туралы архив деректері жоқ екені айтылған. Осы хатта Оразмағамбет Тұрмағанбетовтің 1963 жылы қыркүйектің 27-сі күні ақталғаны хабарланған.

Оразмағамбеттің ақталғаны туралы СССР Жоғарғы соты әскери коллегиясының анықтамасында да осындай мәлімет келтірілген. Анықтамада Оразмағамбет Тұрмағамбетовтің қайтыс болғаннан кейін ақталғаны айтылған. Түркіменстандағы сол кездегі Красноводск АХАЖ бөлімі берген куәлікте оның 1942 жылы қазанның 30-ы 61 жасында қайтыс болғаны келтірілген. Қайтыс болған жері туралы графа бос қалған. Ал АХАЖ бөлімінің өзі бұл деректі 1963 жылы наурыздың 23-і жасалған актіге сілтеме жасап хабарлап отыр.

ОРАЗМАҒАМБЕТТЕН ҚАЛҒАН БЕЛГІ

Оразмағамбеттің қай жылы атылғаны немесе қайтыс болғаны белгісіз болса да ұрпақтары оның туған жері Маңғыстау облысындағы Қызылсу елді-мекенінде оған арнап құлпытас белгі орнатты. Онда Оразмағамбеттің қайтыс болған жылы 1937 жыл деп көрсетілген. Маңғыстаулық өлкетанушы Алқажан Меделұлы Оразмағамбеттің ұрпақтары Ашғабаттан тұтқындар атылды деген жерден топырақ алып келіп, ырымдап 2012 жылы осы белгіні орнатқанын айтады.

Оның айтуынша, Оразмағамбетті 1938 жылы атылды дегеннен кейін де көрген адамдар болған-мыс. Ал жергілікті зерттеуші Отыншы Көшбайұлы жоғарыдағы құжаттардағы сәйкессіздікке сілтеп, «Бұл үкімет органдары Оразмағамбетті атпай өз жұмыстарына пайдаланды деген әңгімелердің шындық екенін білдіреді» деп жазады.

Геолог ғалым Николай Луппов 1974 жылы Оразмағамбет ұрпақтарына берген жазбаша мәліметінде 1928 жылы өзінің Оразмағамбет Тұрмағанбетовті көргенін жазады. Жазғанына қарағанда, Луппов Михаил Баярунастың Маңғыстауды зерттейтін геологиялық отрядында жұмыс істеп жүргенде «Закаспий аймағының бас молдасы» Оразмағамбетпен кездескен. Луппов «орыс тілін жақсы білетін әңгімешіл адам еді» деп суреттеген Оразмағамбет кен зерттеу ісіне қызығатындығын айтып, кейінгі бір кездесуінде Баярунасқа ат мінгізген екен.

СССР Жоғарғы сотының Оразмағамбет Тұрмағанбетовтің ақталғаны туралы 1963 жылғы анықтамасы.

СССР Жоғарғы сотының Оразмағамбет Тұрмағанбетовтің ақталғаны туралы 1963 жылғы анықтамасы.

​Ал маңғыстаулық зерттеуші Отыншы Көшбайұлы 1928 жылдары Оразмағамбеттің «Қызылсуда жергілікті құрылыс материалдарын пайдаланып мектеп салып, Форт-Шевченкодан Өтес Қарабалаев деген оқытушыны алдыртып екеуі 20-дан аса балаларды оқытқанын» жазады.

1957 жылы Маңғыстаудағы Сахар тауынан Оразмағамбет кітапханасынан 51 кітап табылады. Араб-парсы тіліндегі осы кітаптардың барлығы кейіннен Қазақстан ғылым академиясының орталық ғылыми кітапхасына өткізілген. Осы кітапханада «Оразмағамбет Тұрмағанбетұлының Сахар тауынан /Маңғыстаудан/ 1957 жылы табылған кітаптары» деген тақырыппен тізімделген кітаптар негізінен діни мәселелер туралы болып келеді. Кітаптардың көбінде «руы адай қазақ Оразмағамбет Турмухаммед уғылы Маңғышлақи китаби» деген жазу бар.

Исламбек Көрпенің айтуынша, бүгінде Оразмағамбеттің Ирандағы ұрпақтарының қолында да оның қолжазбалары мен пайдаланған бірнеше кітаптары сақтаулы тұр.                                                                                                                                                                             Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қазір әлеуметтік желіде кейбір қазақ зиялыларының қазақ тілін сынаған пікірі тарап жүр. Есіме бір кездері Қытай интеллигенциясының қытай иероглифін сынағаны түсіп кетті. 20- ғасырдың алғашқы ширегінде қытайдың дәстүрлі иероглифтерін сынамаған зиялы кемде кем. *** *** *** “Иероглифтерде заманауи идеялар мен теорияларды жеткізетін сөздік қор жоқ, әрі олар зиянды ойлардың ұясына айналады. Оларды жоюда ұят жоқ” деп жазды 1918 жылы Қытай Коммунистік партиясының негізін қалаушылардың бірі әрі Жаңа мәдениет қозғалысының жетекші қайраткері Чэнь Дусю (陈独秀). Қытай иероглифін қатты сынаушылардың қатарында тағы да Қытай коммунистік қозғалыстың жетекшілерінің бірі Цюй Цюбай (瞿秋白) де болған. Ол тіпті 1931 жылы “Қытай иероглифтері шын мәнінде әлемдегі ең лас, ең жексұрын әрі ең жиренішті нәрсе. Тіпті ортағасырлық

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: