|  |  | 

Тарих Тұлғалар

Қажымұқанға қолдау көрсеткен екеу

Осыдан бірер жыл бұ­рын Астана қаласына жол түсіп, біраз күн бас шаһарды араладым. Қала­дағы мәдени, тарихи ескерт­кіштерді тамашаладым. Сол уақытта өзім куә болған жайлардың ішіндегі бөле-жара айтарым әйгілі жазушы, қоғам қайраткері, бәрімізге бала жасымыздан өзінің «Тоқаш Бокин» романымен таныс Зейін Шашкиннің шаңырағында қонақ болғаным дер едім. 1502949163_article_b_1500_Жазушының зайыбы Мә­риям Нұрланқызы жасы сексен жетіге келсе де әлі күнге сергек, ширақ, ба­қуат­ты күйде екен. Ол кісі кен­же қызы Гүлжан мен күйеу баласы Ерболаттың қо­лын­да, солардан ту­ған кішкентай жиен неме­ре­леріне ес болып, тірлік ке­шіп жатыр. Менің бұл үйге тап болғаным да сол Ер­болаттың, Күршім аудан­дық мәдениет бөлімін 18 жыл басқарған белгілі өнер ардагері Қабдолла Тұраровтың кенже ұлының арқасы еді. Күршімге бір келгенінде Ерекеңнің: «Аға, Астана жаққа жо­лы­ңыз түссе, соқпай кет­пе­ңіз!», – деп қатты тап­сыр­ғаны бар-тын. Сол тап­сырманың аяғы осындай қызықты да қадірменді адам­дармен таныстыққа ұласты. Ерболаттың жары Гүлжан Зейінқызы белгілі ғалым, Білім және ғылым министрлігі жанындағы қадағалау және аттестация­лау жөніндегі комитеттің бас сарапшысы, филология ғылымдарының кандидаты. Ал оның анасы Мәриям апамыздың әңгімесін тың­дағанда уақыттың қалай өткенін байқамай қал­ға­нымыз да шындық. Қы­зықты хикаяға бар ынтаммен беріліп отырған менің назарымды қабырғаға ілінген суреттегі даңқты ба­луан Қажымұқанның жа­нында тұрған екі адам аударған болатын.  − Бұл менің әкем Нұрлан мен оның інісі Абдолла, − деп жымиды Мәриям апай суретке бір қарап қойып. – Екеуі де Семейдегі белгілі көпестер болған. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпо­пеясындағы атақты киізші Бейсеке деген бай бар емес пе, сол менің атам. Оның балалары да өзіне тартып, кәсіпкерлікпен айналысты. 1914 жылдың жазында әкем інісімен бірге Ресейдің Нижний Новгород қаласында өткен айтулы жәр­меңкеге қатысады. Осы жәрмеңкеге Шмидт деген немістің балуаны өз циркімен келіп, неше күн бойы өнер көрсетіп жатса керек. Үйреншікті қар­сыластарының бірі келгенін естіген Қажымұқан да ат арытып жетіпті бұл тама­шаға. Бірақ, бай Шмидт Қажекеңмен күресуден қашқақтап, қиындау шарт қойыпты. Өзі сөреге жүз сом (целковый) тастаған неміс Қажымұқанның да осынша ақша тігуін талап етіпті. Ол тұста бір жылқының құны үш сом екен. Отыз үш жылқының құны Қажекеңнің қалта­сында қайдан болсын, ашу­ланған балуан аренаға жү­гіріп шығып:  − Әй, халайық! Маған жүз сом тігіп, мынаумен күрестіретін бір мұсылман бар ма, араларыңда, жоқ әлде жігеріміз құм болып, қала береміз бе?! – деп ай­ғай салыпты. Сол кезде залда отырған ағайынды екі жігіт қатар шығып, Қажекеңнің қолына екі жүз сом ақша ұстатқан екен. Осыдан кейін айбар бітіп, күреске арқасы қозып шыққан Қажымұқан немісті әп-сәтте алып ұрып, жүлдені қанжығасына байлайды. Ел тарай бастағанда сол күрес киімімен жүгіріп шығып, өзіне қолдау көрсеткен екі бауырын тауып алған балуан оларға шынайы ризашылығын білдіріп, ол уақытта әркімнің қолы жете бермейтін фотосуретке түсуге шақырған екен. Кейіннен балуан аға­лары Семейге әдейілеп келіп, Бейсеке байдың балаларына арнайы қонақ болып жүріпті. Сөйтіп, ағайынды кәсіпкерлердің арқасында халқымыздың мақтанышына айналған даңқты балуан өз өнерін жат жұрттың алдында тағы бір мәрте көрсету мүмкіндігіне ие болған екен.          Хасен ЗӘКӘРИЯ                                                                                                                                                                                                                   Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы                                                                                                                                                            Egemen.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: