|  |  | 

Руханият Әлеумет

ЖҮЙРІКТЕН ЖҮЙРІК ОЗДЫ ЖАРЫСҚАНДА

Рухани жаңғыру

                      Атамекенге ақ шашу…

         ЖҮЙРІКТЕН  ЖҮЙРІК  ОЗДЫ  ЖАРЫСҚАНДАIMG_3450

Бағзы заманнан бері бабаларымыздың жеңісі де жетістігіде жылқымен  өлшенген ғой,  сондықтан болар «Атты ер сақтайды, ерді ел сақтайды» деп  данышпан халқымыз бекер айтпаған. Ер жігіттің бес қаруыныңда бірі де осы ат, кезінде Ақан серінің Құлагері, Қабанбайдың Қубас аты, Жәнібектің  Көк дөнені, Марғабылдың  Қара қасқасы да осыған дәлел. Былай  айтқанда қазақты аттан бөліп қараудың өзі күнә секілді.

Кезінде ат құлағында ойнап,  бірде көкпар тартса, бірде бәйгеге аттарын қосып, төрт маусым  бойы  желдің өтінде, малдың шетінде,   аттың  жалында, түйенің қомында көшіп жүрген көшпенділердің ұрпағымыз дейтініміз де содан. Қазақ қай жерде болса да қазақтығын істейді демекші, шет елден  атамекенін аңсап  келген, әсіресе қытай елінен отанына оралған  қандастарымыздың көбі ат құлағымен ойнап өскен жандар.IMG_3385

Міне, егеменді ел болып, есімізді жйнағалы атамекенге қаншама  қандастарымыз қоныс аударды десеңізші,  солардың ішінде талай ақын, жазушы, өнерпаздар, білікті мамандар, саудагер, мал шаруашылығы болсын үлесін қосып жатқандары да  жетіп артылады.

Өз еліне келіп, өзегіндегі  жүрген өкініш-қайғылары сейіліп шат-шадыман тірлік кешкен қандастарымыздың  қатарында  атқа мінер, ұлтжанды азаматтар   аз емес. Солардың арасындағы Сетерхан, Бейсен, Мұратжан, Ердібек, Қадырнұр Қабылет,  тағыда аты аталмаған белсенді азаматтар    Алматы обыстық бәйге федерациясымен бірлесіп   Ел басының рухани  жаңғыру мақаласы аясында және Бірінші мамыр бірлік мерекесіне  орай Талдықорғанның  атшабарында «Атамекенге ақ шашу» атты ат бәйгесін ұйымдастырды.IMG_3418

Әнұранымыз  орындалып, ақсақалды аталарымыздың ақбатасы беріліп, ақ  жаулықты  аналарымыздың ақ шашуы шашылып басталған дүбірлі думан әуелеген әнге  ұласты.

Ең қызығы 125 кг көк қошқарды көтеру болды. Білектілер мен жүректілердің бұл сынында  Көксу  ауданынан келген   Мирас есімді  атанжілікті азамат  осы қошқарды  30  мәрте көтеріп,  халықтың таңдайын қақтырды.

Бұл ұлы дала төсін дүбірлеткен бәйгеге қатысуға   арысы Өскеменнен  берісі  Алакөлден  талай  тойларда  топжарган сәйгүліктер  жиналды. Жарыс тай , құнан, топ бәйге және ұлы аламан бәйге болып төрт кезеңмен өткізілді.IMG_3430

Бірінші кезеңде 5 шақырымға жарысқа түскен  37 тайдың   арасынан  озып келген  Жамбыл аудандық Қабылет Нәсірханұлының Ақаукері жүлдеге тігілген тайды жетеледі. Ал 11 шақырымдық құнан бәйгеге 40 құнан бақтарын сынады. Мұнда  «Байсерке агродан»  келген  Темірхан Досмұхаметовтың    «Олжа» атты торысы  қара үзіп келіп, жүлдеге тігілген қос құнанды жетектеп қайтты.  Ал топ бәйгеде  шашасына шаң жуытпаған Жамбыл ауданнынан келген Бағыдаттың  Бақторысы тігілген 5 жылқыны алдына салды. Ал ұлы аламан бәйгенің  бас жүлдесіне  тігілген 7 жылқыны Қаратал ауданнан келген  Мейрхан Бұлғыновтың  «Көбит» атты жиренінің  иесіне бұйырды. Бәйгенің бұл түрі бойынша жеті орынға ақшалай сыйлықтар берілді. Ал қалған үш түрі бойынша бес орынға жүлде тағайындалып, оларғада 500 мың теңге мен 30 тңге аралығындағы ақшалай сыйлықтармен марапатталды.IMG_3364

«Елге ел қосылса құт,  елден ел кетсе жұт» демекші  келешекте  бірлігіміз нығайып, халқымыздың  саны көбейіп, осылайша  еліміздің еңсесін көтеруге барынша ат салыса түссек нұр үстіне  нұр болар еді.  Осы өткізілген  дүбірлі дода да  осындай мақсатты көздеп, ұлтымыздың  қасиетті салт дәстүрлерін  жаңғыртуға  бағытталғаны даусыз. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» дейді ғой халық тәмсілі. Міне, осы байрақты  бәйгеде нағыз жүйріктер өздерінің мықтылығын дәлелдеп, жұртшылықтың қошеметіне бөленді.IMG_3386

 

                                                                Салтанат Құмархан

                                                                       Салқұмар

kerey.kz

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: