|  |  | 

Көз қарас Тұлғалар

Азат Тұрлыбекұлы бүгін Мәжілісте мінез көрсетті.

151622-preview-image
Осы фейсбукте мақтанып сурет салу деген салт бар еді ғой. Сол салтты бүгін орындайын деп шештім. Азат Перуашевпен түскен суретімді ұялмай салам. Азат Тұрлыбекұлы бүгін Мәжілісте мінез көрсетті. 

Соңғы аптада өзім ерекше қадірлейтін біраз ағаларым атауың өшкір Сәбеттің ешкімге керексіз ескі датасын тойлап, сол комсомолдың 100 жылдығына барғанды арланбай айтып, одан қалса барғандарды ақтап жатқанын көріп, өкпеледім. Кәдімгідей өкпеледім. Аттарын атап, түстерін түстеп, сойып салғым келді. Өйткені – ол ағаларға енді біз, жастар сенбейміз!!! Кешіріңіздер, сенбейміз. Мен өз басым сенбеймін. Мен үлгі тұтқан ағалардың айдың күні аманында алжып, жолдай тайғаны өте өкінішті. Келмеске кеткен кеңестің елесі миларының қыртыс-қыртысын аралап жүрген ол ағалар – енді маған үлгі емес. Олардың бұл қылығы ақтауға да келмейтін – қылмыс. Жастардың, біздің алдымызда қылмыс. Кешіріңіздер. Анығында бізден кешірім сұраңыздар. Бізден, жастардан кешірім сұраңыздар…
Өткенде Астанада болып қайттым. Сол кезде-ақ, осы ағаларға бір ауыз сөз жазғым келді. Бірақ жамандыққа қимадым.
Сол жолы Азат Тұрлыбекұлымен де жолығып қайтқанмын. Сіз неге бармадыңыз деп әдейі сұрадым. “Рас, мені де шақырды. Шақырту берді. Телефон соғып айтты. Мен просто игнор жасап, елемей қоя салдым” деген еді.
Бүгін міне. Парламентте Божконың бетін қайтарды, сол Азекең.
Кезінде ТЖМ-ны басқарып, қарық қылмаған Божко туралы мен аз жазған жоқпын. Ассамблеяның өкілі, депутат деген мандатты алып қана қоймай, Мәжілісте вице-спикер болып отырған адам ғой, ол Божко.44989628_2317206125166004_4516227080328839168_n
Айтпақшы, Божко пенсионер. 69 жаста. Пенсионер болса да мемқызметте.
Мәжілістің отырысын ашып бермек болып, сөз сөйлеген сол Карпович, отырғандарды Комсомолдың туған күнімен құттықтапты. Оған қосылған бірнеше есуас қолпаштап құттықтаған.
Сөйтіп, Азекең, Азат Тұрлыбекұлы әкіреңдеген әлгілерді тыйым тастапты.
Вице-спикердің тәуелсіз Қазақстанда тұратынын есіне салып, “республикада мұндай мереке жоқ” депті. Мынау сөзбе-сөз айтқаны. Арман Сқабылұлынан көшіріп алдым.
“- Мы с вами находимся на официальном заседании Мажилиса Парламента.
Открывая заседание и вы, Владимир Карпович, и другие коллеги поздравляете друг друга с праздником комсомола.
В какой стране вы живёте?
Я хотел бы напомнить, что мы живем в Республике Казахстан. В Независимом Казахстане нет такого праздника и не надо нас с ним поздравлять.
Если для кого-то это личный праздник – поздравляйте друг друга в личном порядке, а не на заседании Парламента.”
Ерсіз Азеке! Басқа айтарым жоқ…

Nurgeldi Abdyganiдың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: