|  |  |  | 

Саясат Сұхбаттар Тарих

Алғашқы теңгеге Назарбаев бейнесі қалай түспей қалды?


Серікболсын Әбділдин.

Серікболсын Әбділдин. 

1993 жылы қарашаның 15-інде Қазақстан өзінің ұлттық валютасы – теңгені айналымға шығарды. Сол кезде елдің Жоғарғы кеңесін басқарған Серікболсын Әбділдин теңгенің қалай басылғаны жайлы, дизайны қалай дайындалғаны туралы айтып берді.

Теңге айналымға шықпас бұрын Қазақстан соңғы сәтке дейін Ресейдің рубль аймағында қалуға тырысты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Ғасырлар тоғысында” атты кітабында рубльді сақтап қалуға деген ұмтылысын “рубль аймағының бұзылуы (ортақ валюта – ред.) ТМД елдерінен алшақтауды тездетер еді. Ал Қазақстан бұған дайын емес еді” деп түсіндіреді. Кітапта Назарбаев “1992 жылы Ресейде барлық баға босатылды. Сол кезде іске кірістік. Мен Қазақстан валютасын шығаруды бастау туралы құпия жарлыққа қол қойдым” деп жазды. Алайда Азаттық тілшісімен сұқбаттасқан Жоғарғы кеңестің сол кездегі төрағасы Серікболсын Әбділдин теңге шығару ісінде айтарлықтай құпия болмағанын айтады.

Қазақстандық теңге
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Кешіккен теңгенің ширек ғасырлық жолы

Азаттық: - “Теңге өте құпия жағдайда дайындалды” деген сөздер бар. 1993 жылы қыркүйекте ресейлік “Российская газетаға” берген сұхбатыңызды оқыдым. Сұхбатта Қазақстан өз ақшасын шығаруға дайындалып жатқаны жайлы ашық айтыпсыз. Теңге құпия түрде дайындалды ма?

Серікболсын Әбділдин: - Құпия деген мәлімет өтірік. Себебі ол кезде теңгені дайындау Жоғарғы кеңестің құзіретіне кіретін. Өйткені Ұлттық банк төрағасы мен министрлердің бәрін Жоғарғы кеңес бекітетін. Теңгені дайындау жұмысын Жоғарғы кеңес өз бетінше, ешкім айтпай-ақ бастады. Депутат Тимур Сүлейменов дизайнын жасады. Сауық Тәкежановтың (депутат – ред.) Жоғарғы кеңестегі экономикалық реформалармен шұғылданатын комитетіне ақша дайындауды жүктедік. Комитеттің жұмысы өз арамызда ашық жүрді. Төралқада қаралған теңгенің жұмысы жұртқа да тарайды ғой. Ал кейінірек теңге дайындау жұмысы туралы президентке баяндадым. Нұрсұлтан Назарбаевтың сондағы реакциясы осы күнге дейін есімде сақталыпты. “Ойбай, оны Ельцин біліп қойса қайтеміз” деді. Себебі ол Борис Ельцинмен (1991-99 жылғы Ресей президенті – ред.) “рубль аймағында боламыз” деген әңгімені бастап жүрген еді. Ал біз мемлекет болғаннан кейін өз валютасы болуы керектігін ескеріп, ешкімнен жасырмай-ақ [жұмыс] істегенбіз. Ол кезде Ресей Орталық банкінің төрағасы Виктор Геращенконы өте жақсы танитын едім. Ол Қазақстан сұраған ақшаны беріп тұрды. Бір жолы “Серик Абдилдаевич, өз ақшаларыңыз қашан болады?” деп қалжыңдады. Мен “жұмыс істер жатырмыз” дедім. Ал “құпия” деп жүргендерінің де бір себебі бар.

Бір күні Нұрсұлтан Әбішұлы “теңгеге қандай белгі қоямыз?” деп сұрады. “дизайнның бәрін көріңіз” дедім. Ол “президенттің суретін салайық деген де ұсыныс бар екен ғой” деп күлді. “Осы заманда тірі патшаның суретін салатын мемлекет көргенім жоқ” деп мен де күлдім. Арада біраз уақыт өткен соң “теңгенің дизайнын Ерік Асанбаев (Қазақстанның сол кездегі вице-президенті – ред.) қарасын, саған қарағанда бос қой” деген соң келістім. Асанбаев пен Тәкежанов бірігіп, теңгенің суреттерін жасаған бір уақыт болды. Сол уақытты кімнің суретінің шығатыны құпия болды. Жұрт “теңге құпия жасалды” деп соны айтып жүрген болар.

Азаттық: - Теңгеге президенттің суреті басылмай қалды ма?

Серікболсын Әбділдин: - Кейін бір әңгімелескенде “мыналар менің суретімді ұсынып отыр” деп тағы да айтты. “Не дедіңіз?” деп сұрадым. Президент “әлі ерте” деп күліп жауап беріпті.

Жоғарғы кеңес төрағасы Серікболсын Әбділдин (оң жақта) мен вице-президент Ерік Асанбаев (сол жақта) Жоғарғы кеңес төралқасында отыр. Мінберде - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 1992-93 жылдары түсірілген фото.

Жоғарғы кеңес төрағасы Серікболсын Әбділдин (оң жақта) мен вице-президент Ерік Асанбаев (сол жақта) Жоғарғы кеңес төралқасында отыр. Мінберде – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 1992-93 жылдары түсірілген фото.

Азаттық: - Теңге 1993 жылдың көктемінде дайын болған екен. Бірақ соған қарамастан Қазақстан қыркүйекте Ресей рублінің аймағында қалу жөнінде келісім жасасауға ұмтылды. Бірақ көп ұзамай теңге айналымға шықты. Осы аралықта не болды?

Серікболсын Әбділдин: - “Рубль аймағында боламыз” деген – Қазақстан президентінің идеясы. Ал Жоғарғы кеңес “төл ақшамыз болуы керек” деген ұстанымда болды. Аз-маз кешігіп шыққаны да содан болар. Жұрт “валюта жасау үшін Англияға төлейтін ақшамыз болмады” деп те айтып жүр. Ол кезде ақша бар еді. Шетел валютасы аз болды. Бірақ Ресей үкіметі де, Ресей банкі де сұраған ақшамызды беріп отырды. Жалпы, Ресей “тәуелсіздік алсаңдар біржола кетіңдер” деген саясат ұстанды. “Ортақ ақшамен жұмыс істейік” деген, менің ойымша, анығын кесіп айта алмаймын, біздің президенттің идеясы.

Азаттық: - 1993 жылы қыркүйекте Қазақстан Ресеймен ортақ валюта туралы келісім жасасуға ұмтылып жүргенде, Өзбекстан өз валютасын шығарды. Қазақстанның басқа да көршілері өз валютасын айналымға енгізді. Бұл елдерде айналымнан шығып қалған, керексіз “сабан ақшаның” бәрі Қазақстанға келді ғой?

Серікболсын Әбділдин: - Ресей де ақшасын өзгертті. 1993 жылға дейінгі шыққан ақшаны пайдаланудан бас тартып, “ол ақшаны алғысы келгендер ала берсін” деді. Сабан ақшаның көпшілігі Қазақстанға келді. Сондықтан бізге жұмыс істеу өте қиын болды. Ақша бар, құны жоқ. Сол себепті 1993 жылдың аяғында Жоғарғы кеңес заң қабылдап, сол заң бойынша ұлттық теңгемізді жарияладық.

Азаттық: - Қарашаның 15-і күні теңге қолыңызға тигенде қандай әсерде болдыңыз?

Серікболсын Әбділдин: - Теңгені одан бұрын да қолыма ұстадым. Өйткені теңгені жасаған фабрика президентке, Жоғарғы кеңес төрағасына – маған және премьер-министрге деп үш-төрт альбом жасап беріпті. Ол альбом менде осы күнге дейін бар. Жақсы шыққанына қуандық. Теңгенің айналымға шығуы қиын болған жоқ.

Азаттық: - Сұхбатыңызға рақмет!

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери келісімдерді қайта қарауға көшті. Бұл оған не үшін керек?

    Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери келісімдерді қайта қарауға көшті. Бұл оған не үшін керек?

    Камилла ВАЛИЕВА Коллаж авторы — Тимур Тимаев Шілденің аяғында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдерді қайта қарауды тапсырды. Қолданыстағы келісімдерді Мәскеу Астанамен 2013 жылы, ал Ташкентпен 2016 жылы жасаған. Қазір бұл құжаттар қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізуді, әскери мақсаттағы өнімдер алмасуды және технологиялар беруді реттейді. Алайда келісімдерде нақты не өзгеруі мүмкін және Ресей оларды дәл қазір неге қайта қарап жатыр? Әзірге Кремльдің Астана және Ташкентпен жасалған әскери-техникалық келісімдердің нақты қай тұстарын қайта қарастырып жатқаны белгісіз. Өзбекстан Қорғаныс министрлігі Азаттық радиосының сауалына жауап бермеді. Ал Қазақстан Қорғаныс министрлігі құжаттар бойынша жұмыс аяқталғанға дейін олардың мазмұнына түсініктеме бермейтінін мәлімдеді. “Шектеулі түрде таратуға жатпайтын ақпарат жұртқа мемлекеттік органдардың ресми ақпараттық

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: