|  |  | 

Мәдениет Руханият

Ителмендер ата-баба қонысында өздерін өгей сезінеді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Камчаткада шенеуніктер жергілікті ителмендер қауымынан аймақтың ең басты көрнекті орны – ашық аспан астында орналасқан “Пимчах” музейі тұрған жер телімін босатуды талап етті. Мұндай шешімге жерді жалға алу мерзімінің аяқталуы себеп болған. Қауым өкілдері атамекенінде жерді тегін пайдалана алмайтындарына қапалы.

“ҚАТТЫ ҚИНАЛЫП, ҚАПАЛАНЫП ЖҮРМІЗ”

Сосновка ауылы Камчатка түбегінің оңтүстік-шығысындағы Елизовский ауданында орналасқан. Сосновкадан алты шақырым жерде, ашық аспан астында “Пимчах” музейі бар. Түбектің байырғы халқы – ителмендер Острая тауы маңын киелі жер санайды.

Ителмендер қауымының басшысы Вера Ковейник (ортада сөйлеп тұр).

Ителмендер қауымының басшысы Вера Ковейник (ортада сөйлеп тұр).

 

- Биліктің қарым-қатынасы таң қалдырады. Мұндай дүниені алғаш біз жасағанбыз. Музейді 1998 жылы сала бастадық, 2000 жылдардың басында ашылды. Бәрін өзіміз істедік, ешкім көмектескен жоқ. Ителмендер қауымы бірлесіп патша дәуіріндегідей ауыл тұрғыздық. Енді соның бәрін талқандаса өте өкінішті болмақ, – дейді ителмендер қауымының басшысы Вера Ковейник.

“Пимчах” сөзі “от” деген мағына береді. Белсенділер Камчатканы зерттеуші Степан Крашенниковтың жұмысы бойынша ортағасырлық ителмен ауылын қалпына келтірген. Ауылдан ителмендердің дәстүрлі құрылыстарын көруге болады, мысалы, ағаштан жасалған күрке тәрізді ителмендердің жазғы тұрағы бар, оны өз тілдерінде “балаган” немесе “барбор” деп атайды. Ителмендер қыста бөренеден соғылған жер үйлерде тұрған. Музей-ауылда от жағатын орын мен Солтүстік Камчатканың ежелгі құдайларының пұттары тұрған тотемдік төбешік бар.

Ителмендердің жазғы тұрағы - балаган. "Пимчах", Камчатка, Ресей.

Ителмендердің жазғы тұрағы – балаган. “Пимчах”, Камчатка, Ресей.

 

Ковейник пен оның қауымы соңғы жиырма жылдан бері жергілікті биліктен жалға алып келген бұл жерде көптеген этникалық экскурсиялар мен балалардың гастрономиялық фестивальдері өтеді.

Жыл сайын қыркүйекте “Пимчахта” камчадалдардың басты этникалық мейрамы – “Алхалалалай” деп аталатын егін мерекесін тойлайды. “Пимчахта” бұл мейрам 20 жылдан бері тойланып келеді. Қауым мен келген қонақтар аулаған балығы мен аңшылықта қанжығасын майлағаны үшін құдайларға алғыс айтады.

"Алхалалалай" мерекесі. "Пимчах", Камчатка, Ресей.

“Алхалалалай” мерекесі. “Пимчах”, Камчатка, Ресей.

Музейде ауланған балықты, теңіз аңдарын өңдеуге байланысты байқаулар, халық әндері мен өнер түрлерінен дәстүрлі жарыстар өтеді. Мереке этникалық би марафонымен аяқталады. 2016 жылы марафон 16 сағат 35 минутқа созылып, рекордтық көрсеткішке жеткен. Ол кезде мерекеге 5 мыңға жуық қонақ келді, Сібір мен Қиыр Шығыстан 300-ден астам өнерпаз қатысты.

Бірнеше күн бұрын өлке әкімшілігі шенеуніктері жерді жалға алу мерзімі біткенін хабарлап, қауымға жер телімін босату керектігін ескерткен.

Жерді өткізген соң бәрін трактормен тегістеу керек. Өз жері мен өзенінде отырып, көз жасын бұлаған аборигеннің кейпін кидік.

- Осы жылдар бойы балаларға арнап мейрам ұйымдастырдым, бизнес жасаған жоқпын, мәдениетке үлес қостым. Жалға алу мерзімі біткенде оны қайта созбайтындарына сене алмадық. Заң өзгерді дей ме… Бір аптадан бері елеңдеп отырмыз. Құрылыс көп салынып жатыр. Шенеунік әйелдің айтуынша, әкімшіліктегі біреу демалыстан шыққан бетте жерді өткізуіміз керек екен. Жерді өткізген соң бәрін трактормен тегістеу керек. Өз жері мен өзенінде отырып, көз жасын бұлаған аборигеннің кейпін кидік. Қазір қатты қиналып, қапаланып жүрміз, – дейді Вера Ковейник.

Оттың қасында билеп тұрған адам. "Пимчах", Камчатка.

Оттың қасында билеп тұрған адам. “Пимчах”, Камчатка.

Жақында “Пимчахқа” Швейцариядан қонақтар келеді деп жоспарланған еді, енді олардың сапары белгісіз жағдайда қалды. Вера Ковейник Камчатка өлшемімен алғанда шағын саналатын 1,7 гектар жер телімінің билікке неліктен қажет бола қалғанын түсінбейді. Қажет болса ол сотқа жүгінуге әзір.

Бізге адамдар рухани азық іздеп: желдің сыбдырын, өзеннің сылдырын тыңдауға келеді.

- Бізге осы жерді берсе дейміз. Бірақ ол әзірге арман ғана, өзіңіз көргендей, жалға алып отырмыз. Оны әр бес-он жыл сайын жалдау мерзімін ұзартуға тура келеді. Музейді бекерден бекер далада, ашық аспан астында жасаған жоқпыз, оның бәрі рухани қажеттілік. Жұрттың бәрі бизнеспен айналыса бермейді ғой! Бізге адамдар рухани азық іздеп: желдің сыбдырын, өзеннің сылдырын тыңдауға келеді. Күректеп ақша табуды ғана ойлай бермей, осындай нәрсеге де көңіл бөлу керек қой! – дейді Ковейник.

Ашық аспан астындағы музейді расымен де бизнес көзі деп атау қиын. “Пимчах” – қоғамдық ұйым, жыл бойы жүргізетін экскурсиядан пайда табады, шолу экскурсиясы – 500 рубль, толық танысу – 1000 рубль. 12 жасқа дейінгі балалар тегін кіреді. Музейге еріктілерді шақырады, олар шаруашылыққа көмектесіп, біршама уақыт осы ауылда тұрады, экскурсияға қатысады. Сосновкаға жету қиын емес, ауыл Петропавловск-Камчатскийден көлікпен жүргенде 40 минуттық жерде орналасқан.

Ителмендер мерекесі кезінде. "Пимчах," Камчатка.

Ителмендер мерекесі кезінде. “Пимчах,” Камчатка.

Осы аптада ителмендер өлке әкімшілігімен кездеспекші. Шенеуніктер “мәселені шешуге” уәде берді, бірақ Вера Ковейник олардың сөзіне илана қоймайды.

- Билік өкілдерінен не күту керектігін білмеймін. Қалай бұлтарар екен, көреміз. Губернатор бұл жайында ештеңе білмейді. Жалға алу ақшасын төлейтін уақыт келгенде дереу қағаз жібереді. Ал қазір үнсіз қалып, әбден тақаған кезде ғана айтып отыр. “Аукционға қатысқан жоқсыңдар, сондықтан жалға алу мерзімі аяқталды” деп қағаз жіберіпті. Біз аукционнан ешқашан ұта алмаймыз, себебі бизнесмен емеспіз. Демек, өз жерімізді сатып алуымыз керек екен, – дейді Вера Ковейник.​“БІЗДІ АДАМ ҚҰРЛЫ КӨРМЕЙДІ”

Ителмендер Камчатка мен Магадан облысы аумағын мекендейді. Халықтың негізгі тұрғын мекені – Тигильский ауданындағы Ковран ауылы, бұл жерде мобильді байланыс жоқ, мұнда тұратын 200 шақты адам балық аулап, аңшылықпен айналысады. Ковранға тікұшақ немесе жол талғамайтын көлікпен жетуге болады.

- Қазір ителмендердің саны өте аз. Соңғы санақ бойынша шамамен 3000-ға жуық, қазір одан да азайған болар. Олар тілдерін сақтап, дамытқысы келеді. Бірақ арнайы мемлекеттік бағдарлама жоқ, өз беттерімен жанталасып жүр. Мемлекеттен қаржы бөлінуі керек. Бұрын совет кезеңінде коряктар да, ителмендер де, эвендер де балабақшадан бастап ана тілдерін оқитын. Оқу мекемелерінде осы тілдерді оқытатын мұғалімдерге сағат бөлетін. Қазір мектептерде аптасына бір сағат қана бөледі, мұғалім жарты мөлшерлемемен істейді. Бұл нені білдіреді? Мектепте тіл оқытылмайды. Мемлекеттің қолдауы болмаса, бәрі бекер, – дейді өлкенің заң шығару жиынының депутаты Татьяна Романова.

Ителмендер дәстүрлі биі. "Пимчах", Камчатка.

Ителмендер дәстүрлі биі. “Пимчах”, Камчатка.

Солтүстік Камчатка өлкесінің байырғы және саны аз халықтарының бірлестігін басқаратын Татьяна Романованың айтуынша, эвендер, чукчалар, алеуттер мен камчадалдар да ителмендер тәрізді қиындықты бастан өткеріп жатыр: халықтың саны азайған, мәдениетті сақтауға энтузиасттар ғана ықпал етеді. Түбектің солтүстік бөлігінде бірлігін бұзбай тұрып жатқан коряктардың саны біркелкі болып тұр.

Қазір бұл этникалық үлкен мейрамдар өтетін жалғыз орын. Бұдан басқа ештеңе қалмады.

- Олар алыс түкпірде тұрады, сондықтан өз орталарынан алшақтамайды. Ал “Пимчах” – Камчатканың бетке ұстар орны. Қазір бұл этникалық үлкен мейрамдар өтетін жалғыз орын. Бұдан басқа ештеңе қалмады. Байырғы халықтар мен тұрғындар елеусіз қалды. Егер “Пимчахты” тартып алса – үлкен қателік болмақ. Өз жерімізде өгей болып тұрмыз. Қаласа, тартып алады, – дейді Татьяна Романова.

Ресми дерек бойынша, Камчаткада 10 этникалық ауыл бар, олар негізінен отбасылық туристік сапарларға арналған. 2018 жылы Елизовский ауданында “Хальч” атты шанаға жегетін иттерді өсіретін орын (питомник) ашылған.

- Ит өсіруді қалпына келтіру мақсатында ашылған орталық бар. Сосын “Пимчах” қалды. Бірақ байырғы тұрғындарға жер алу өте қиын. Мысалы, Олег Запороцкий (ителмендер ассоциациясының төрағасы – Азаттық) ителмендер дәстүріне сай мейрам өткізу үшін жер рәсімдеуге тырысты. Бірақ қанша тырысса да болмай жатыр. Жерді тұтастай бере салатындай істеуге бола ма? Кім бере қойсын? Тіпті айтқым келмейді, өте аянышты жайт.

Татьяна Романова “Пимчахты” қалдыру үшін қолдан келгенше аянбайтынын айтады.

- Бұл мәселені шеше аламыз деп ойлаймын. Өзім бұл туралы жұма күні кешке ғана білдім. Әрине, жағымсыз жағдай… Шенеуніктер қалай болса солай, дөрекі, енжар әрекет жасағанда осылай болады. “Кетіңдер” деген не сөз? Ондай шенеуніктердің өздерін қуу керек. Халық үшін жұмыс істеп, сол үшін жалақы алып отырсыңдар. Олай болса, адамдармен дұрыстап жұмыс істеңдер. Олар “жерді босатыңдар, ол енді сендерге тиесілі емес” дейді. Бұған қалай төзуге болады?

“Сибирь.Реалий” сайтының тілшісі Игорь Чигарскихтің материалы орысшадан аударылды.

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: