|  |  |  | 

kerey.kz TV Тарих Тұлғалар

Қазақ Сібір хандығына – 800 жыл!

 

 

 

Соңғы жылдары жарық көрген ғылыми еңбектер де Қазақ хандыгының тарихы бір жақты көрсетіліп жүр. алғашқы Қазақ хандығымен соғысқан көрші елдер халқымыздың бітіспес жауы ретінде баяндалады. Солардың бірі – Сібір хандығы.

Ғасырлар бойы Қазақ Хандыгының теріскей жағында жатқан қазақ тайпалары Сібір хандыгының құрамында ғұмыр кешкені белгілі. Бүгінде Ноғай ордасы мен Сібір хандыгын Ресей ғалымдары меншіктеп алып жүр. Ал қазіргі қазақ елінің құрамына кіретін керей тайпасының сол заманда өз хандығы болған.

Керей хандарының ғасырдан ғасырға созылған ежелгі әулеті Оң ханмен, Сәнгүнмен бітпейді. Әрқилы тарихи жағдай, әртүрлі кейіпте одан әрі жалғасқан.
Оң ханның «Жинақты тауарих» пен «Қастерлі шежіреде» арнайы аталмайтын ұлдарының бірі, кей деректерде, немересі Тайбұға (Тай-Бұқа) азды-көпті жасағымен, Тұрғақтарымен, Батыс өлкеге қарай көшіп, Ібір-Сібірден бір-ақ шығады. Ертістің етегі, Есіл мен Тобыл аңғарын жайлаған жергілікті түрік нәсілді, фин-угор текті ру-тайпаларды бағынышқа түсіріп, Сібір хандығын негіздепті.

Тайбұғы Сібір хандығын 1220 жылы құрды. Бастапқыда Ишим Тобыл Тұра Ертіс өзендерінің ортасында. Кейін Обь өзені және әрі қарай Естек, Вогул деген тайпаларды жаулап алып мекенін үлкейтті. Шыңғысқан Тайбұғыны әкесінің құрметі үшін, Тұғырыл ханның көзі ретінде қолдау көрсеткен, және өз балаларымен бірдей санаған, яғни еншісіне Сібір хандығын қалдырған.
Сібірдегі керей, найман, қыпшақ, қоңырат, тұралы, бараба руларына арқа сүйеген тайбұғалыктар ханты мен манси тайпаларын қол астына бағындырады.
Енді Оң ханың ұрпақтары Алтын Орда дәуірінің ұзына бойында байтақ Сібірде билік құрады. Екі ғасырдан астам ұзақ заман. Алтын Орданың ыдырау кезеңінде Жошы-Шибан нәсілімен тайталас басталады. Әуелде Шибан әулеті жеңіске жетеді, одан соң Тайбұға тұқымы қайтадан орнайды, одан соң тағы да аударыспақ; бұл қырқыстың ең соңғы өкілдері – Көшім хан мен Сейдақ хан болды. 1582 жылы ғана Сібір ханы Сейдак, Тайбұғы ұрпағы Тәуекел Қазақ ханымен Одақтық келісімге қол қойды. Аманатқа Ораз Мұхамедті, Тәуекелдің ағасының ұлын
алды. Қараушысы болып Қыдырали Жалаири тағайындалды.
Оның Қазақ хандығымен одақтық келісімге отыруы Сібірде Көшім ханды жеңіп, Іскер, Қышлық қалаларын Ермектан Тайбұғы жұртына қайтару үшін Сейдак шайқасқа аттанды. Сейдак хан Ермакты жеңіп Сібір хандығын қайтырып алды. 1588 жылға дейін хан болып отырды.
Сібір хандығының Орыс патшалығына айтарлықтай қарсылық көрсете алмай, тезінен құлауының бір себебі екі әулеттің елді тоздырған жүз жылдық күресі болатын. Көшімнің ғұмыр кешуі белгілі. 1598 жылы түнекке батты. Ал Оң ханның ұрпағы Сейдақ хан одан он жыл бұрын, Тобыл қамалында, аяр опасыздық нәтижесінде, қазақ сұлтаны Ораз-Мұхамедпен бірге тұтқынға түсіп, Мәскеуге жеткізілген.
Сібір хандығы Тобыл мен Жайықтың жоғарғы ағысы арасын қамтыған. Ахмет Керей және Кешім Бұхар және қазақ сұлтандарымен тығыз байланыста болған.
Ахмет Керей есіміне байланысты ескерте кететін бір жай, есімнің екінші бөлігі «керей» трибонимімен сай келуі бекерден бекер емес. Ресейлік шығыстанушы В.В. Бартольд Қырым сұлтаны Қажы Керейдің екінші есімі жоғарыда келтірілген әулеттің ханзадаларының аталықтарының руы керей болғандығын растайды . Олай болса Ахмет Керейдің аталығы Қазақстанның солтүстігінде көп тұратын керей руынан шықты деген қорытынды жасауға болады.
1571 жылы Сібір мен Мәскеу арасында қарым-қатынас ушыға бастайды. Мәскеуді қырымдықтар өртке орағаннан кейін орыс мемлекетін әлсіз деп санаған Кешім Оралдағы антиресейлік кеңіл күйге қолдау көрсетіп, күшін черемис, остяк пен башқұрт кетерілістеріне бағыттайды.
Қалмақ немесе ойрат тайпалары XVI ғасырдың аяғында Ертіс өзенінің жоғарғы жағында көшіп жүрді, ал, олардың бір бөлігі қазақ ханы Тәуекелге бағынған.
Тайбұға негізін қалаған Сібір хандығына келесі жылы 800 жыл толады. Хандары мен халқы Қазақ халқының негізін қалаған ру-тайпалар құралған Сібір хандығы Азияның саяси картасынан жоғалып кетті.
Ұрпақтары қазіргі қазақ жерінде тұрып жатыр, Тайбұғының ошағы күні бүгін сөнген жоқ, Ақмола облысы, Көкшетау, Бурабай, Біржан Сал ауданында, Степногорск қаласында, Ақсу ауылында, Щучинск қаласында тұрып жатыр.

Дайындаған  Жұмабай Мәдібайұлы

kerey.kz

Related Articles

  • 1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада, Даниялық ғалым В.Томсен құлпытастағы бітік жазудың құпиясын ашты. Ғылыми жаңалық еуропа қоғамын дүр сілкіндіреді. Тосмен алғаш «түрік», «күлтегін», «тәңірі» деген сөздерді шешіп оқиды. Бітіктастағы жазудың келесі беті қытай иероглифімен бәдізделген-ді. Томсен иероглифтегі есімдердің реттік (қайталану) жилігіне қарап отырып келесі бетіндегі құпия таңбаларды біртіндеп сөйлете бастайды. Сол дәуірде шығыстану соның ішінде түркітану саласы жеке ғылым ретінде абройлы зерттеу нысанына айналды. В.Томсен таңбаны шешіп құпиясын ашқанымен көне түрік тілін білмеуші еді, сол себепті «бұл мәтінді оқыса Радлов оқиды» деген. Көп өтпей Радлов, Томсен шешкен таңбаның ізінше мәтін жолдарын оқыған. Сонымен жұмбақ күйде қалған тастағы бітік жазуы сөйлей бастаған… 25 қараша күні маңызды күн. Бітік жазу күні құтты болсын!

  • ОТАМАННЫҢ АҚЫРЫ

    ОТАМАННЫҢ АҚЫРЫ

    Шағын сараптама (Жанабіл Смағұлұлының қазасына арнаймын) Бірінші, ХХ ғғ.-дағы Қытай қазақтарының интеллигенциясын үлкен масштабта үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең 1911-12 жылдардағы саяси төңкерістен кейін қалыптасқан қазақ интеллигенция. Бұл кезеңдегі интеллигенцияны екі санатқа бөліп қарастыруға болады. 1) Рухани ағартушы интеллигенция; 2) Саяси интеллигенция. Рухани ағартушы интеллигенцияның өзін екі топқа бөлуге болады: бірінші топ, жәдиттік мектептің ағартушылары; екінші топ, қазақы дүниетанымның ағартушылары. Ал, бұл кезеңдегі саяси интеллигенцияны да екі топқа бөліп қарастыра аламыз. Бірінші топ, қазақтың дәстүрлі саяси билік жүйесі негізінде қалыптасқан саяси интеллигенциясы; екінші топ, 1914-1922 жж. шығыстық білім беру жүйесі негізінде қалыптасқан саяси интеллигенция. Екінші, шығыстық білім беру жүйесінің интеллигенциясы 1912 жылғы Пекинде өткен президент сайлауынан соң қалыптаса

  • Шоқай Торғайұғлы

    Шоқай Торғайұғлы

    “Ақмешіт уезінде белгілі қазақ ақсақалдарынан Шоқай Торғайұғлы 23-нші декабрде опат болды. Қазақша атқа мінген жұрт кісісі болғанның үстіне өнер, білімнің керектілігін ерте сезіп, заманға лайық істерге кіріскен адам еді. Мұстафа деген баласы осы күні Петербор университетінде оқып жүр” “Қазақ” газеті, №46, 1914 жыл Суретте: Шоқай Торғайұлы. Сурет Н.Гродековтың кітабынан алынды. Серікбол Хасан

  • САРБАС РУЫ ЖӘНЕ САРТОҚАЙ БАТЫР

    САРБАС РУЫ ЖӘНЕ САРТОҚАЙ БАТЫР

    Тарихты түгендеу, өткеннің шежіресін кейінге жалғау – атадан балаға жалғасқан ежелгі дәстүр. Шежіре, ұлт-ру, тайпа тарихы – атаны білу, арғы тарихты білу болып қалмастан ұлттың ұлт болып қалыптасуы жолындағы бастан кешкен сан қилы оқиғалары мен ауыр тағдырынан да мол дерек береді. Шежіре – тұтас халық тарихының іргетасы ғана емес, ұлт пен ұлыс танудың әліппесі  саналады. «Қазақ халқы 200-ден аса рудан құралса да әр рудың өз шежіресі болған. Шежірешілер жүз, тайпа, ру, ата тарихын терең талдай білген»(1). Патшалық ресейдің дәурені аяқталар тұста қазақтың мемлекеттігін қалпына келтіруді мақсат тұтқан Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан (1866-1937) алғашқы болып қазақ тарихының қажеттілігін алға тартып, башқұрттың әйгілі ғалымы Уәлиди Тоғанмен кездесіпті. Уәлиди Тоған өзінің естелігінде: «Мен бірнеше

  • ОА қорғанысқа қаржыны не себепті арттырды? Каспийден Украинаға зымыран ұшырған Ресей суды ластап жатыр ма?

    ОА қорғанысқа қаржыны не себепті арттырды? Каспийден Украинаға зымыран ұшырған Ресей суды ластап жатыр ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан әскері бірігіп өткізген «Бірлестік-2024» жаттығуы. Маңғыстау облысы, шілде 2024 жыл. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет.  Орталық Азия елдері қорғаныс шығынын арттырды, мұның астарында не жатыр? «Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін екі есе көп өндіруді жоспарлап отыр, алайда үкімет бұл салада жұмыс күшінің азайғанын есепке алмаған». «Каспий теңізінен Украинаға зымыран ұшырып жатқан Ресей теңіздің экологиялық ахуалын ушықтырып жатыр». Батыс басылымдары бұл аптада осы тақырыптарға кеңірек тоқталды. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚОРҒАНЫС ШЫҒЫНЫН АРТТЫРДЫ. МҰНЫҢ АСТАРЫНДА НЕ ЖАТЫР? АҚШ-тағы «Америка дауысы» сайты Украинадағы соғыс тәрізді аймақтағы қақтығыстар күшейген тұста Орталық Азия елдері қорғаныс саласына жұмсайтын ақшаны арттырғанына назар аударды. Бірақ сарапшылар мұндай шығын тұрақтылыққа септесетініне күмән келтірді. Стокгольмдегі бейбітшілікті

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: