|  |  | 

Саясат Тарих

Шынайы тарих қайда?

Alash arystaryҚАЗАҚ ТАРИХЫ БҰРЫНҒЫ КОММУНИСТІК ИДЕОЛОГИЯ САЛҚЫНЫНАН АРЫЛДЫ МА?

“АЛТЫН ОРДАНЫҢ” ҚҰРЫЛҒАНЫНА 750 ЖЫЛ МА?
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТТЕРІ НЕНІ ОҚЫТАДЫ ?
ҰЛТТЫҚ КӨЗҚАРАСТАҒЫ ҚАЗАҚ ТАРИХЫ ЖАЗЫЛА МА ?
=======================
Үнемі көкейден кетпейтін тарихымызға байланысты басты сұрақтар осы. Осыдан шамалы уақыт бұрын “Алтын Орданың 750 жылдығын” атап өтеміз деген сөз естілген. Соған мен таңғалдым. Жошының үлкені Батый 1239- жылы бүкіл Русь княздіктерін, Киевті, Шығыс Еуропаны жаулап алғаннан кейін 1240-жылы Сарайшықта Алтын Орда мемлекетін құрған. Бұл Орыс тарихында да, басқа елдердің тарихында да жазылған, өшпейтін, өзгермейтін тарих. Яғни, Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл емес, 780 жыл.
Ал, Жошы ханға келетін болсақ, ол Қазақ тарихының басында тұрған үлы Хан. Олай дейтін себебіміз 1219-1220- жылы Сырдариядан бастап,сонау батысы Оралға дейінгі, солтүстігі Тобылдың аяғына дейінгі, шығысында Моңғолияға дейінгі қазақ жері ЖОШЫХАННЫҢ қарамағында болған. Шыңғысхан бұл аймақты Жошы ханның билігіне өзі берген. Батый Жошыханның үлкен ұлы, яғни, ол билеген Алтын Орда да қазақ жері.
Сондықтан “Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл” деу ағаттық болар.
Екінші мәселе УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТТЕРІ нені ОҚЫТАДЫ ” деген көкейде жүрген сұрақ.
Қазақ тарихы бұрынғы кезде болмаған. ХХ ғасырдың ортасына дейін қазақ тарихты шежірелер арқылы танып келді. Қазақстанның алғашқы академиялық тарихы 1957-жылы әуелі екі томдық болып, кейін үш томдық болып,жарыққа шықты. Бұл “Қазақ ССР тарихы” марксизм ленинизм идеологиясы концециясы негізінде жазылған тарих еді. Тіпті осы тарих кітабының басындағы “Алғашқы қоғамның пайда болуы” деген историография тарауыда большевиктік коммунистік көзқараста ұсынылған. Қазақ жеріндегі Орта ғасыр тарихы жөнінде мұнда жөнді ешнәрсе айтылмаған. Ал, Ресейдің қазақ жеріндегі отаршылдық тарихы біраз кең жазылғанмен, бұлда сол большевиктік идеология принципімен көрсетілген.
Алаш партиясы мен Алаш қайраткелерінің еңбектері туралы , 21-22 жылдардағы, 31- 32-жылдардағы ащтық туралы бұл тарих кітабында бір ауыз сөз жоқ. Сондай ақ, 37-жылғы Голощекин мен Сталиннің қырғыны туралы да бұл тарихтан дерек таба алмайсыз. Осы тарихты

қалған тарауларында Екінші дүниежүзілік соғыс пен 90-жылға дейінгі аралықта Қазақ жерінде индустрия, мал шаруашылығы, экономика мәселелері және КПСС сиездерінің шешімдері жазылған. Бір сөзбен айтқанда 1957-жылы баспадан шыққан үш томдық академиялық “Қазақ ССР ТАРИХЫ” коммунистік идеология негізінде жазылған тарих еді. Ал ,91-жылы Тәуелсіздік алғаннан кейін жазылған оқулықтарда Кеңестің коммунистік идеологисы негізінде жазылған “Қазақ ССР і тарихынан” 
өзгешеліктері бар ма ? Әзірше, ЖОҚ деп айтуға болады. Себептері –біздің бұрынғы КАЛЬЯМЕН ( бір ізбен жүріп қалған) қалған тарихшыларымыз коммунистік идеологияның салқынынан ажыраса алмаған. Билік те солай, советтік интернационализм салқынынан арыла алмаған. 
Бұрынғы жазылған “Қазақ ССР тарихының” қалай жазылғанын айттық. Сондай ақ, қазіргі жазылған Тарих оқулықтары да екі ұшты көзқараста жазылғанынын айттық .Сонда, республика университеттеріндегі тарих факультеттері студенттерге нені оқытады ? Тарих ғылымы мұндай жағдайда қалай дамиды? Қазіргі ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ байлауда тұрған ат сияқты. Өйткені , Совет кезінде Тарих ғылымында парсы, арап, шағатай, төте әліпбиді білетін ғалымдар болмады. Қазір, Қытайдан, Моңғолиядан, Түркиядан келген қазақ азаматтары болғанмен бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ.Тарих ғалымдарына енді Мәскеу, Тәшкен, Бұхара, Қазан, Түркия архивтеріне барып, зерттеу жұргізуге мүмкіндіктері жоқ, оған бөлінген қаржы жоқ. Сондай ақ, Шығыс тілдерін жақсы меңгерген мамандарда жоқтың қасы. Сондықтан, ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ біздегі халы мүшкіл.
Сұрақ –ҰЛТТЫҚ КӨЗҚАРАСТА ЖАЗЫЛҒАН ҚАЗАҚ ТАРИХЫ университеттердің тарих факультеттерінде ОҚЫТА МА ? Міне , бүгінгі күннің тіпті келешек ұрпақ тәрбиесінде маңызы бар мәселе осы.
ҮШІНШІ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕ –КЕЛЕШЕКТЕ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КӨЗҚАРАСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖАЗЫЛАТЫН ҚАЗАҚ ТАРИХЫ. Ол қашан жазылады?
Қазақ тайпаларының X-дейінде Моңғолияға дейін, Қытайдың Үрімшісіне дейін, Иран жеріне дейін, Батыста Қырымға дейін мекендегені тарих құжаттарындағы деректерде бар. Сол сияқты, Шыңғысханның кезінде де, Әмір Темірдің кезінде де Орта Азияда қазақ тайпалары өмір сүріп, тарихи оқиғалардың арасында жүрген. 

Алаш орда тарихы, Алаш партиясының тарихы,Алаш қайраткерлерінің тарихы жан жақты зерттеуді күтіп отырған тарих. . Осы айтылғандардың бəрі үлкен қалалардағы АРХИВТЕРДІ зерттеу арқылы жүзеге асқаны жөн. . 
Келешекте жазылатын ҚАЗАҚ ТАРИХЫнда ОСЫ ЖАҒДАЯТТАР кең зерттеліп, жазылуы тиісті.деп білеміз, және келешектегі Қазақ тарихы мемлекет мүддесіне орай, ұлт мүддесін негізге алып, жалылар деген үміттеміз.

 

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, жазушы, тарихшы

Related Articles

  • Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери келісімдерді қайта қарауға көшті. Бұл оған не үшін керек?

    Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери келісімдерді қайта қарауға көшті. Бұл оған не үшін керек?

    Камилла ВАЛИЕВА Коллаж авторы — Тимур Тимаев Шілденің аяғында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдерді қайта қарауды тапсырды. Қолданыстағы келісімдерді Мәскеу Астанамен 2013 жылы, ал Ташкентпен 2016 жылы жасаған. Қазір бұл құжаттар қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізуді, әскери мақсаттағы өнімдер алмасуды және технологиялар беруді реттейді. Алайда келісімдерде нақты не өзгеруі мүмкін және Ресей оларды дәл қазір неге қайта қарап жатыр? Әзірге Кремльдің Астана және Ташкентпен жасалған әскери-техникалық келісімдердің нақты қай тұстарын қайта қарастырып жатқаны белгісіз. Өзбекстан Қорғаныс министрлігі Азаттық радиосының сауалына жауап бермеді. Ал Қазақстан Қорғаныс министрлігі құжаттар бойынша жұмыс аяқталғанға дейін олардың мазмұнына түсініктеме бермейтінін мәлімдеді. “Шектеулі түрде таратуға жатпайтын ақпарат жұртқа мемлекеттік органдардың ресми ақпараттық

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: