|  |  |  |  | 

Саясат Тарих Тұлғалар Қазақ шежіресі

Алаштың алғашқы математиктері

Әлімхан Ермеков

Фото: aikyn.kz

Математика – адамзат өркениетінің дамуына негіз болған іргелі ғылымдардың бірі. Оның бастауын ежелгі Мысыр, Вавилон, Үндістан, Қытай және Грекия өркениеттерінен байқауға болады.

 Бұл халықтар математикалық білімнің алғашқы жүйелерін қалыптастырып, арифметика, геометрия, алгебраның негіздерін қалады. Кейінгі орта ғасырларда араб-мұсылман әлемі математика ғылымының дамуына зор ықпал етті. Әл-Хорезми, әл-Фараби, Омар Хайям, Насиреддин Туси сынды ғалымдар алгебра, тригонометрия, сандар теориясы мен астрономия салаларында жаңалықтар ашып, кейінгі еуропалық ғылымға негіз қалады. Бұл үрдіс түркі халықтары қоныстанған аймақтарға да әсер етті.

Қазақ даласында математикалық білімнің өзіндік ерекшеліктері болды. Көшпелі өркениет тұрмыс-тіршіліктің қажеттіліктеріне негізделген математикамен тығыз байланыста дамыды. Қазақ халқы астрономиялық есептеулерге сүйене отырып, уақытты анықтау әдістерін қолданды, геометриялық принциптерді жер өлшеуде, құрылыс салуда, мал шаруашылығы мен сауда-саттықта пайдаланды. Орта ғасырларда Отырар, Сайрам, Тараз, Түркістан сынды қалаларда ірі оқу орындары ашылып, онда математика мен жаратылыстану ғылымдары оқытылды. Әсіресе әл-Фараби сынды ұлы ғұламалардың еңбектері қазақ жерінде ғылым мен білімнің тамыры тереңде жатқанын дәлелдейді.

Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында математикамен байланысты ұғымдар көне заманнан бері қолданылып келді. Мысал ретінде санамақты айтсақ болады. Бірден онға дейінгі сандардың бойында жалпы жер-жаһанның жаратылу құбылыстары жасырынған. Осы күнге дейін санамақтың құпиясы толығымен ашылмады. Алайда ғылыми негіздегі математикалық білімнің қалыптасуы Қазақстанда Ресей империясының білім беру жүйесінің енгізілуімен тығыз байланысты болды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей үкіметі Қазақстанда жаңа әкімшілік-басқару жүйесін қалыптастыру барысында жергілікті халықтың білім алуына мүмкіндік беретін оқу орындарын аша бастады. Бұл білім ордалары көбінесе Орынбор, Омбы, Ташкент, Семей, Қазан сияқты қалаларда шоғырланды. Осы кезеңде қазақ жастары Ресейдің жоғары оқу орындарына түсе бастады.

Айрықша ескеретін бір жайт, қазақ даласында жаңа сапада білім алуға бірінші кезекте жоғары жік қоғам өкілдері белсенділік танытты. Атап айтқанда, төре-сұлтандар және бақуатты әулеттер ерекше құлықты болды. Жаңа білім беру жүйесі, яғни дәстүрлі шығыстық діни оқудан бөлек, жәдиттік білім әдістемелері қазақ қоғамында бірінші кезекте жоғары жік қоғам өкілдері арасында пайда болды. Мысалы, кешегі Жәңгір хан, Шоқанның әкесі Уәли немесе Абайдың әкесі Құнанбайларды қарасаңыз, олар бірінші кезекте өз дәуірінің жоғары жік қоғам өкілдері еді. Қолындағы бар саяси һәм әкімшілік ресурсты бірінші кезекте ұрпағын оқытуға және айналасын жаңа білім арнасынан сусындауға жағдай жасауға жұмсады. Соның негізінде қазақ даласында батысша білім беру жүйесімен оқыған бір топ алғашқы азаматтар пайда болды.

1
1963 жылы 19-31 тамыз аралығында өткен АҚШ-Кеңес Одағы симпозиумына қатысушылар

МГУ-дің алғашқы математик түлегі

Қазақтан шыққан алғашқы кәсіби математиктер ХХ ғасырдың басынан қалыптаса бастады. Ресей империясының құрамында болған кезде қазақ жастары Петербург, Қазан, Мәскеу сияқты ірі оқу орындарында білім алып, математиканың теориялық және қолданбалы салаларын меңгере бастады. Кеңес Одағы тұсында ғылым жүйелі дамып, Қазақстанда жоғары оқу орындары ашылып, алғашқы математикалық зерттеулер жүргізіле бастады. 1960-1980 жылдары Қазақстанда математика ғылымы үлкен серпіліс алып, іргелі еңбектер жазылып, математикалық мектептер қалыптасты.

ХІХ ғасырдың соңы – қазақтан шыққан алғашқы математиктердің қалыптаса бастаған кезеңі. Бұл кезеңде қазақ жастары әскери, педагогикалық және техникалық оқу орындарында білім алып, математикалық білімнің негіздерін меңгерді. Міне, сондай жоғары жік қоғам өкілі, хандардың бел ұрпағы Сәлімгерей Жантөрин еді. Әкесі зерттеуші Сейітхан Ахметұлы (1837 – ө.ж.б.) Ресей географиялық қоғамының мүшесі, арғы атасы атақты Есім ханнан тарайтын Қайып хан әулеті. Нағашы жұрты Бөкей ордасының ханы Жәңгір хан. Орынбор гимназиясында орта білім алған.

Сәлімгерей Жантөрин МГУ-дің (Мәскеу мемлекеттік университеті 1755 жылы құрылған) физика-математика факультетінде 1886-1889 жылдары аралығында оқып, білім алды. Ол кезде факультетті математика ғылымының докторы Николай Бугаев (1837-1903) басқарып тұрды. Бугаев атақты герман математигі, ғалым Карл Вейерштрастың төл шәкірті (Вейерштрастың орыстан екінші шәкірті Софья Ковалевская). Бугаев декан болған кезде факультетте таза математика, механика, астрономия, физика және химия пәндері оқытылды. Ол Мәскеу университетінің (МГУ) физика-математика факультетін тәмамдап, қазақ арасында жоғары математикалық білім алған алғашқы тұлғалардың бірі атанды. Оның білімі мемлекеттік қызметте қолданылғанымен, қазақ жастарының ғылымға бет бұруына ықпал етті.

Осы кезеңде Омбы, Орынбор, Семей сияқты қалаларда ашылған гимназиялар мен әскери мектептер математикалық білімнің таралуына негіз қалады. Бұл оқу орындарында еуропалық математикалық жүйе оқытылып, қазақ жастары алғашқы рет алгебра, геометрия, тригонометрия сияқты пәндермен танысты.

Сәлімгерей Жантөрин – сонымен бірге білікті заңгер һәм аса ірі қоғам қайраткері. Ол Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген. Ресейдегі Думаның мұсылман депутаттары туралы Қазанда шыққан татарша еңбекте С.Жантөринді айрықша суреттеп, оның халық арасындағы әлеуеті мен ықпалын ерекше тілге тиек етеді. Сол кезеңдегі тарихи маңызы бар саяси оқиғаларға белсене қатысқан және ресейлік мұсылмандардың мүддесін барынша қорғаған.

С.Жантөрин бірінші орыс революциясы жылдары бүкілресейлік мұсылмандар съезін өткізуді ұйымдастырушылардың бірі болды. «Ғалия» медресесіне қаржылай жәрдем беруші. Алашорда үкіметіне қолдау танытып, оның жетекшілерімен тығыз қарым-қатынаста болды. XX ғасыр басындағы қазақ ұлт көсемдерінің нақты мамандықтары болған Сәлімгерей Жантөрин діни қозғалыстарды көзсіз қолдаушы емес, сол кезеңдегі тарихи сәттерді есепке ала білген саяси қайраткер. Қоғамның шынайы бет-бейнесін бағамдай алған түркі мұсылмандарына ортақ ұлт жанашыры.

Жазушы, қоғам қайраткері, «Азаттық» радиосын ұзақ жыл басқарған Хасан Оралтай өзінің «Елім-айлап өткен өмір» атты естелік мемуарында Сәлімгерей Жантөриннің Ыстамбұлдағы ең атақты Адалар районында жекеменшік сарайы болғанын тілге тиек еткен. Журналист Асылхан Мамашұлының дерегінше, 1920 жылдардан бастап Сәлімгерей Жантөриннің саяси белсенділігі азайған және Иркутскіде статист қызметін атқарған. 1924 жылдары Мәскеуге ауысқан. Мәскеуде бір жылдай тұрып, келесі жылы Татар АССР Сауда халық комиссариатында жұмыс істеу үшін Қазанға қоныс аударған. 1926 жылы мамырдың 14-інде жұмбақ жағдайда көз жұмған.

Тұңғыш математика профессоры

ХХ ғасырдың басында қазақтың кәсіби математиктерінің алғашқы буыны қалыптаса бастады. Бұл кезеңде жәдиттік білім беру жүйесі арқылы жергілікті халық арасында жаратылыстану ғылымдары, соның ішінде математика пәні кеңінен оқытылды. Сонымен қатар Ресей империясындағы ірі университеттерде оқыған қазақ жастары елге оралып, ғылым мен білім саласында қызмет атқарды. Бұл кезеңде қазақ зиялылары арасында математика ғылымының маңызын түсіну артып, ұлттық білім жүйесінде математика пәнінің орны ерекше бола бастады. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Кеңес өкіметі тұсында алғашқы математикалық оқулықтар қазақ тіліне аударылып, жоғары оқу орындарында математикалық білім беру жүйелі түрде жүргізіле бастады.

Қазақ математикасының атасы деп аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің жетекшілерінің бірі, тұңғыш математик, профессор, белгілі ағартушы, қазақ тілінде тұңғыш рет «Жоғарғы математика курсы» оқулығын жазған Әлімхан Ермековті айтқанымыз жөн.

Әлімхан Ермеков Қарқаралыда үш кластық училище (1905) мен Семей ерлер гимназиясын (1912) бітіріп, Томск технологиялық институтының тау-кен факультетіне оқуға түскен. 1917 жылы Алаш автономиясы құрылғанда жаңа үкіметтің премьер-министрінің орынбасары, әрі ел шаруашылығын жоспарлау комитетінің төрағасы болып тағайындалған. Сол жылы II Бүкілқазақтық съезіне Семей облысынан арнайы қатысып, Алашорда үкіметіне мүшелікке өткен.

Ең кереметі – жап-жас Әлекең қоғамдық, саяси келелі істерге білек сыбана кірісіп, аға буын ұлт зиялылары қатарында 1917-1918 жылдары Алаш автономиясы, уақытша Сібір үкіметі, Комуч, Башқұрт үкіметі, Сібір облыстық думасы, Уфа директориясы атынан Колчактың Омбы үкіметімен келіссөздер жүргізген. Кеңес өкіметі орнаған соң қазақ жерінің тұтастығын сақтау, шекарасын анықтап, бекемдеу сияқты маңызды жұмыстар атқарып, қазақ жерлерін Қазақ АКСР-і шеңберінде тұтас дерлік топтастыруда айрықша еңбек сіңірген ерекше тұлға.

Қиын-қыстау сол жылдары Әлімхан Ермеков Томск технологиялық институтын бітіріп (1923), геолог-барлаушы инженері мамандығын алып шығады. 1926 жылы ғылыми-педагогикалық қызметке ауысып, 1926-1928 жылдары Ташкент шаһарындағы қазақтың жоғары тұңғыш педагогикалық институтының жоғары математика кафедрасының оқытушысы әрі жаратылыстану-математика факультетінің деканы міндеттерін атқарады.

Кейін Қазақ педагогикалық институтында (қазіргі Алматы Мемлекеттік университеті) доцент (1929) және 1932-1935 жылдары Қазақ мемлекеттік зоотехникалық мал дәрігерлік институтында доцент, профессор міндетін атқарып, кафедра басшысы болады.

Әлімхан Ермековтің өміріндегі ең керемет шағы 1935 жыл дер едік, атап айтқанда, мал дәрігерлік институтта кафедра басқарып жүріп, институт ғылыми кеңесінің ұйғарымымен (ВАК шешімі бойынша) тұңғыш рет математика саласынан профессор атағын алды. Сонымен бірге 1935 жылы қазақ тілінде тұңғыш рет «Ұлы математика курсы» кітабын, 1936 жылы «Қазақ тілінің математика терминдері» атты түсіндірме сөздігін жарыққа шығарды. 1935-1937 жылдары Алматы Кен-металлургия институтында (қазіргі ҚазҰТУ) математика және теориялық механика кафедрасының меңгерушісі, техникалық факультеттің деканы сияқты қызметтерді атқарды.

Ең ерекше есте қаларлық оқиға, Әлімхан Ермеков 1932-1936 жылдары ҚазАССР оқу ағарту халық комиссариатының арнаулы тапсырмасымен қазақ тілінде математика терминологиясын арнайы жасап шығарды. 1937 жылы кеңестік саяси озбырлыққа түсіп, Ресейге барып бой тасалады, 1938 жылы шамалы уақыт Куйбышев қаласындағы жоспарлау институтында кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.

Кейбір деректер бойынша Ә.Ермеков 1938 жылдың наурыз айына дейін ғана жұмыс істеген. Әлдебіреулердің жаласымен сол жылы 58-бап бойынша тұтқындалады да, 10 жылға сотталады, бірақ кейін жазаны 6 жылға дейін қысқартады. Екінші дүниежүзілік соғысына байланысты 1947 жылға дейін 9 жыл лагерьде болды. Алайда 1948 жылы қайтадан 10 жылға тұтқындалды. Сталин қайтыс болған соң, 1955 жылы босатылды. 1955 жылдан бастап Қарағанды политехникалық институтында қызмет атқарды. 1958 жылы зейнетке шықты. 1970 жылы өмірден озды.

Енді қазақ математикасының тарихындағы тұлғаларға қысқаша шолу жасасақ: Әлімхан Ермеков 1935 жылы қаңтарда профессор болды. Ол 1923-жылы Томск технологиялық университетін бітірген. «Ұлы математика» деген кітап жазған. Алаш қайраткері.

Сәдуақас Боқаев кандидаттық диссертациясын МГУ-де 1935 жылы қорғады. Ол 1932 жылы Томск технологиялық университетін бітірген.

Ибадулла Ақбергенов 1935 жылы физика-математика ғылымының кандидаты болды. Ол 1931 жылы Ташкент Орта Азия университетін бітірген. Нобель сыйлығының иегері Канторовичтің шәкірті. Егер Ибадулла Ақбергеновті кеңес одағы өлтірмегенде, мүмкін Нобель сыйлығын алар еді.

Уразбаев Базарбай 1941 жылы ғылым кандидаты болды. 1964 жылы докторлығын қорғады. Ол 1935 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітірген.

Орымбек Жәутіков 1944 жылы ғылым кандидаты болды.

Асқар Закарин 1948 жылы қорғады. 1937 жылы МГУ-ді бітірді.

Төлеубай Аманов 1953 жылы кандидаттық, 1968 жылы докторлық диссертациясын қорғады. Аманов 1963 жылы 19-31 тамыз аралығында өткен АҚШ-Кеңес одағы симпозиумына қатысты.

Қорыта айтқанда, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамында математикалық білім жүйесі алғаш рет жүйелі түрде қалыптасты. Ресей империясының білім беру жүйесі қазақ жастарының математика ғылымына келуіне ықпал етті, ал ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде кәсіби қазақ математиктері қалыптаса бастады. Бұл кезеңдегі математикалық білімнің дамуы ұлттық интеллигенцияның қалыптасуымен және қазақ жастарының еуропалық білім жүйесіне енуімен тығыз байланысты еді. Осылайша, қазақ халқының математика ғылымына келуі біртіндеп жүзеге асқан тарихи үдеріс болды.

Жұмабай Мәдібайұлы

ҚазУҰ-дің PhD докторы

https://zhasalash.kz/news/alashtin-algashki-matematikter-630c86/

zhasalash.kz

Республикалық қоғамдық-саяси газеті

Related Articles

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

  • Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Елдес Орда Сурет: Автордың жеке архивінен алынды. Қазақ қоғамында жаңа интеллектуалдық кезең туып келеді. Бірінші, қазіргі қазақ қоғамында сенім мәселесіне қатысты пікірталастардың күшеюі кездейсоқ құбылыс емес. Бұл дегеніңіз әлеуметтік желілердің, ашық ақпараттық кеңістіктің және жаһандық интеллектуалдық ағымдардың ықпалымен қалыптасқан жаңа қоғамдық ойлау формасының көрінісі. Атеистік көзқарастардың ашық айтылуы, тәңіршілдік идеялардың қайта жаңғыруы және дәстүрлі діни орта арасындағы пікір қақтығысы зиялы ортада алаңдаушылық тудырғанымен, шын мәнінде бұл құбылыс қоғамның рухани әлсіреуін емес, саналы ізденіске бет бұрғанын көрсетеді. Екінші, ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамындағы діни дискурс негізінен МОНОЛОГТЫҚсипатта болды. Уағыз айтылды, ал тыңдаушы тарап оны талқылаусыз қабылдауға тиіс еді. Сұрақ қою күмәнмен, күмән әлсіз иманмен теңестірілді. Мұндай ортада сенім дәлелдеуді емес, қайталауды талап етті. Ғылыми

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қазір әлеуметтік желіде кейбір қазақ зиялыларының қазақ тілін сынаған пікірі тарап жүр. Есіме бір кездері Қытай интеллигенциясының қытай иероглифін сынағаны түсіп кетті. 20- ғасырдың алғашқы ширегінде қытайдың дәстүрлі иероглифтерін сынамаған зиялы кемде кем. *** *** *** “Иероглифтерде заманауи идеялар мен теорияларды жеткізетін сөздік қор жоқ, әрі олар зиянды ойлардың ұясына айналады. Оларды жоюда ұят жоқ” деп жазды 1918 жылы Қытай Коммунистік партиясының негізін қалаушылардың бірі әрі Жаңа мәдениет қозғалысының жетекші қайраткері Чэнь Дусю (陈独秀). Қытай иероглифін қатты сынаушылардың қатарында тағы да Қытай коммунистік қозғалыстың жетекшілерінің бірі Цюй Цюбай (瞿秋白) де болған. Ол тіпті 1931 жылы “Қытай иероглифтері шын мәнінде әлемдегі ең лас, ең жексұрын әрі ең жиренішті нәрсе. Тіпті ортағасырлық

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: