|  |  |  | 

Мәдениет Руханият Әдеби әлем

Кітапқұмар жасқа тегін оқу бақыты бұйырды

454716327_1877241566085579_2390164402611445048_n
Адамзат кітапқа ғұмыр бойы қарыздар. Кітапсыз келешектің алтын
кілтін ешкім қолына мықтап ұстай алмаған. Мардан Рахматулла –
кітапқұмар он жеті жасар жігіттің бойында өз қатарластарының
бойынан табыла бермейтін ұлы қасиет бар. Ол – кітапқа деген махаббат.
Бұл махаббаттың сәт санап артуының да сыры бар. Мардан – Асылы
Осман, Дархан Қыдырәлі сынды бүгінгі қазақ руханиятының тірегі

саналатын азаматтар туған топырақт туып-өскен.

Топырақтың киесін дәл осы кезде еріксіз мойындай түсесің. Қоғамдағы
«жастар кітап оқымайды» деген қасаң пікірді жоққа шығаруға тырысқан
жастардың да саны басым. Күн санап олардың саны артып, кітаптың
құдіретін жер-жерде дәлелдеп бағуда. Кітапқа жаны құмар жан бір күнін
кітапсыз елестете алмайды. Ғұмыры кітаппен етене байланған, оқу
ғұмырының мәніне айналған жастарды қолдаудың сан түрі бар.
Білімді жастарға мыңдаған оқу гранты берілуде. Соның бірегейі — кітапқа
деген маздаған махаббаты мен кітапты қазына деп білгені үшін берілген
грант. Алғаш бұл оқу грантын естіген шақта сену қиын болды. Ақпараты сәт
алмасып, көбі телефонға телміруден әрі аса алмай уақытта кітап оқып грант
иеленген жанды көргім келді. Көрдім! Сұңғақ бойлы, еңбекке әбден
шыныққан өз-өзіне сенімді жаспен таныстым.
Ойы ұшқыр,арманы заңғар азамат тоғыз жасынан түрік, орыс, қазақ тілдерін
жетік сөйлеп, сол халықтардың көркем әдебиетін оқуға дағдыланып алған
жанмен сөйлесу қиынға соқпады. Жас бұтақтай енді өмірге төселе бастағанда
алдында өнеге болмаса — жас көңіл тура жол деп көп адасады. Марданға
кітап оқу әдебін үйретіп үлгі көрсеткен атасы — Әлиев Рахматулла. Өз
заманының белді оқыған азаматы болған қария әлі күнге дейін елдің жоғын
жоқтап, барына болысып ауыл биі ретінде халыққа пайдасын тигізуде.
Атасының тәлімімен жүріп кітап кеміруді саналы түрде қолға алған жасқа
оқу грантын тағайындаған Түркістан және Шымкент қалаларының мыңдаған
жастарына білім беріп отырған заманауи жоғарғы оқу орны – Академик
Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті.
«Достықтың алтын көпірі» деген атқа ие аталымыш жоғарғы оқу орнында
бүгінгі таңда он үш мыңнан астам студент келешегіне даңғыл жол салу үшін
білім жиюда. Өткен аптада тағайындалған ректор гранты жөнінде
университеттің ректоры Рабиға Қуатбекова және Рахматулла Марданмен
тілдесудің де сәті түсті.
Рабиға Қуатбекова:
– Жастардың оқу-білімге құштарлығын арттыру – бүгінгі ақпарат заманында
өткір мәселе. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың оқитын ұлтты құру идеясын
іске асыруға баршамыз мүдделіміз. Бүгінгі кітап оқыған азамат – ертеңгі
елдің тұтқасын ұстанған азамат. 2011 жылы Қазақстан Халықтар достығы
университетінің негізін салушы Әбдімұса Мұратұлы алғаш кітапқа құмар
жастарды қолдау үшін арнайы өз қаржысынан оқу грантын тағайындау
жұмысын бастаған болатын. «Жақсының аты — ғасырлық, жақсының ісі –

ізгілік» деген Әлішер Науаидың сөзін жиі айтатын. Бұл үлкен – сенім. Менің
ғана емес, университеттің сенімі. Сондай үлкен сенімге ие болған болашақ
студентіміз – Мардан Қанатұлы. «Түлкібас ауданының үздік оқырманы-
2023» атанған. Республикадағы үздік жүз оқырманның бірі. Оның таңдаған
мамандығы – дене шынықтыру және спорт. Мықты спорт пен білімді қатар
алып жүретін студент ретінде өзін дәлелдейтініне сенім артамын!
— Мен өмірде барлық жетістікті, жақсылықты кітаппен
байланыстырамын. Жетістікке әлі де бастай беретініне сенем.
Кітапхананы сүюді атам үйретті. Құдай қосқан көршіміз – Тамаша
Османова мен биыл аяқтаған Олег Кошевой жалпы білім беретін білім
мекемесінің кітапханашысы. Өте білікті маман. Кітапқа қол жеткізу сол
үшін маған жиырма төрт сағат бойы қол жетімді болды. Ауылдық
кітапханада оқырманға ілтипат пен махаббатпен қызмет көрсетеді.
Қолдайды. Түрлі танымдық іс-шаралар ұйымдастырады. Маған біліммен
бұдан ары жетілуге үлкен мүмкіндік сыйлаған Академик Әбдімұса
Қуатбеков университетінің ректоры Рабиға Әбдімұсақызына үлкен

алғысымды білдіремін!

Біздің Тастұмсық ауылдық кітапханамызда оқырманды шыңдау үшін бар
жағдай жасалған. Соңғы оқыған кітабым – Сейдахмет Бердіқұловтың
таңдамалы шығармалар жинағы, – дейді Мардан Рахматулла.
Мардан қолына түскен кітапты оқи бермейді. Талғам бар. Қолына түскен
кітаптың екі бетін оқып қарап, мазмұны ұнаса, оқи жөнелетін қасиеті бар.
«Кітапханаға құрметі биік адамның мәртебесі биік болмаса, төмендемейді»
деген осы ойға мықтап бекінген. Мардандай мақсаты айқын жастарды қолдау
– оқитын ұлтты құрудың басты қағидасы. Құр сөзден ада, нақты іспен кітап
құмар жастардың жолын ашуға тырысқан жоғарғы оқу орнының негізгі
мақсаты – талғамы биік жас оқырмандардың санын арттыру. Өзінің бегзада
болмысымен дараланған Мардан баламыздың болашағы жарық күндей
жарқын болсын! Кітапты таңдап хәм талғап оқитын жастардың саны артуына
күллі қоғам мүдделі.

Демет БАЙРАМОВА,
филология ғылымдарының кандидаты

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: