|  | 

Жаһан жаңалықтары

АҚШ НАТО-дағы жоғарғы әскери қолбасшылық тізгінін бас тарта ма?

488936872_2210042779452866_1453578510892982034_n
Қай заманда да әскери доктринаның жүрегінде сенім тұрады. Сенімсіз одақ – қабырғасы қаланбаған қамал. Соңғы кездері АҚШ-тың НАТО-дағы жоғарғы әскери қолбасшылық тізгінін өзге елге беруі мүмкін деген сыбыс Вашингтон мен Брюссельдің арасындағы сенімге сызат түсіргендей…
Дәл осы мәселеге қатысты генерал Кристофер Каволидің Сенаттағы сөзін Америкадағы стратегиялық ойынның беташары деуге болады.
Каволи – жай ғана генерал емес, қазір НАТО-ның Жоғарғы одақтық қолбасшысы (SACEUR). Бұл титул 1950 жылдан бері тек америкалық генералдарға ғана тиесілі болып келеді. Әуелі Дуайт Эйзенхауэрдің қолына тиген бұл тізгін, АҚШ-тың Еуропадағы қауіпсіздік архитектурасындағы үстем ролін білдіретін символ ғана емес, ядролық тежеу мен стратегиялық үйлестірудің кілті болғанын білеміз.
Каволи СACEUR лауазымының басқа елге берілуі – ядролық командалық жүйенің бүтіндігін бұзатынын нақты айтты. Өйткені қазір АҚШ-тың ядролық қалқаны НАТО елдеріне ортақ. Қақтығыс кезінде бұл қару СACEUR-дің қолына өтеді, ал егер бұл адам америкалық болмаса, онда бұл тізбекті қайта құруға тура келеді. Ол – қауіпті. Генералдың сөзінше, «біз SACEUR-дің айналасындағы американдық құраммен НАТО-ның бас штабына тығыз кірігіп кеткенбіз, сондықтан біз осы жүйенің үзілмеуін қамтамасыз етеміз» деді.
Бұл бір ғана лауазым емес. Америка өзінің әскери логистикасын, ядролық стратегиясын және саяси ықпалын дәл осы SACEUR институты арқылы Еуропаға таратты. Оны өзгеге беру АҚШ-тың Еуропадағы моральдық және институционалдық беделін әлсірететіні сөзсіз.
Әрине, бұл бастамаға қарсы үн де, қолдау да болды. Сенатор Эрик Шмитттің: «Америкалықтар бұл рөлді Эйзенхауэрмен бірге жоғалтқан деп ойлайды» деген сөзі ішкі саяси риторикаға құрылғанымен, тереңде жатқан электоралдық көңіл-күйді аңғартса керек.
Бұл дау тек бір лауазым төңірегінде ғана болып жатқан жоқ. Ақ үй әкімшілігі Еуропа мен Африканың әскери командаларын біріктіру туралы да ойлап отыр. Егер Еуропа қолбасшылығына Африка да жүктелсе, онда Каволи 50 елге жауап бермек. Оның өзі айтқандай, «бұл – шегіне жеткен шеңбер». Әзірге Африка қолбасшылығы Штутгартта орналасқанымен, оның қалыптасу тарихы 2007 жылдан бері АҚШ-тың террористік қатерге қарсы құрған басты стратегиялық қадамдарының бірі еді. Сондықтан оны жойып, Еуропа командованиесіне жұтқызатын болса, АҚШ Африкадағы ықпал тетіктерінен айырылуы мүмкін.
Бұл мәселелер Қазақстан үшін де өзекті. Өйткені біздің ел жаһандық қауіпсіздік архитектурасынан тыс өмір сүре алмайды. Қазақстан ядролық қарусыздану тарихын дәріптегенімен, геосаяси картада қауіпсіздік кепілдігіне әлі де мұқтаж. Егер НАТО ішіндегі басқару құрылымы өзгеріп, Вашингтон ықпалынан айрылатын болса, онда бұл жаңа альянстардың құрылуына, жаңа қырғи-қабақ ойынның басталуына әкелуі ықтимал.
Қазақ қоғамы үшін де бұл сигнал маңызды. Біз жаһандық тенденцияларды сырттан бақылап қана қоймай, одан қорытынды шығаратын кезеңге өтуіміз керек. Қазақстан секілді орта держава үшін SACEUR сынды институттар – тұрақты жұмыс істеуі маңызды.
Сөз соңында айтарымыз, егер АҚШ SACEUR тізгінін өзгеге берсе, бұл тек НАТО-ның емес, трансатлантикалық әріптестіктің тағдырына балта шабу болып табылады. Бұл – бір ғана тұлға ауысымы емес, бұл – бүтін идеологияның өзгеруі. Ал идеология өзгерсе, әлемнің әскери картасы да өзгереді. Енді бәрі Вашингтонның саяси шешіміне қарап тұр. Қалай ойлайсыз, тарих тағы бір бұрылыста тұрғандай?

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: