|  | 

Жаңалықтар

Ел басы Шамғон Қажығалиевтің қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Qajigaldy

Жеделхатта Елбасы қазақ өнерінің аса көрнекті өкілі, барша халқымыздың мақтанышы болған Ш.Қажығалиевтің дүние салуына байланысты көңіл айтты-деп хабарлайды ақорда баспа сөз қызметі.

«Шамғон Сағаддинұлы халқымыздың арасынан шыққан алғашқы кәсіби дирижерлердің бірі, домбырашы, педагог ретінде өнеріміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Өзі басқарған Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрін әлемге танытып, талантты шәкірттердің бірнеше буынын тәрбиеледі. Ол ұлттық бай мұрамыз бен классикалық шығармаларды насихаттауға аса зор еңбек сіңірді», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев соңына мол мұра қалдырған Ш.Қажығалиевтің жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

 

Шамғон Сағаддинұлы Қажығалиев(15.6.1927 жылы туылған, Қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы) – дирижер, Қазақстанның (1967) және КСРО (1985) халық артисі. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, 1950),Санкт-Петербург консерваториясының опера-симфония дирижері факультін бітірген (1964). 1950 -60, 1964 – 68 жылдары және 1971 жылдан Қазақ халық аспаптары оркестрінің, 1968 -71 жылдары Қазақ симф. оркестрінің көркемдік жағын басқарушы және бас дирижері қызметін атқарды. 1970 жылдан Алматы консервато-риясында пед. қызметтен шұғылданды. Қажығалиевтың басқаруымен оркестр М.Глинка, Л.Бетховен, В.Моцарт, Г.Берлиоз, В.Моцарт, П.И. Чайков-ский, С.В. Рахманинов, С.С. Прокофьев, А.И. Хачатурян, Д.Д. Шостақович, А.Жүбанов, М.Төлебаев, Ғ.Жұбанова, С.Мұхамеджанов, т.б. қомпозиторлардың шығармаларын рындап, әлемнің көптеген елдерінде өнер көрсетті. Қазақ халық аспаптары оркестрі Қажығалиев жетекшілігімен Қытайда, Румынияда, Венгрияда, Финляндияда, Польшада, Италияда, Португалияда, Данияда, т.б.елдерде өнер сапарларында болды. Қазақстан Мемлекеттік сыйлық иегері (1982), Жастар мен студенттердің Бухаресте өткен дүниежүз, фес-тивалінің жеңімпазы (1953). Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі”, “Халықтар достығы” ордендерімен марапатталған.

Елбасы мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі Қилыбай Медеубековтің қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Жеделхатта қазақ ғылымының көрнекті өкілі Қ.Медеубековтің Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының (ВАСХНИЛ) вице-президенті, оның Шығыс бөлімшесі төралқасының төрағасы, білікті ғалым ретінде еліміздің өркендеуіне зор үлес қосқаны атап өтілген.

«Қилыбай Үсенұлы ауыл шаруашылығы саласына арнап көптеген мамандар мен ғалым шәкірттер даярлап, өзіндік мектебін қалыптастырды. Оның маңызды ғылыми еңбектері және жолын жалғастырушы ізбасарлары алдағы уақытта да ел игілігіне қызмет ете береді деп сенемін», – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті республикамыздың дамуына көп еңбек сіңіріп, ғылымда айрықша із қалдырған Қ.Медеубековтің жарқын бейнесі халқымыздың жадында әрдайым сақталатынын айтты.

Қилыбай Үсенұлы Медеубеков[1] (15.5.1929 жылы туылған, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Абай ауылы) — ғалым, қоғам қайраткері, ауыл шаруашылғы ғылым докторы (1978), профессор. (1979), ҚР ҰА-ның академигі (1996), Қазақстанның ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткері (1997). К.А. Тимирязев атындағыМәскеу ауыл шаруашылғы академиясын бітірген (1953). Республиканың ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғылыми жұмыстарымен айналысып, басшылық қызметтер атқарды. 1997 жылдан Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығында. Медеубековтың академик Ә.Еламановпен бірге жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде республикадағы биязы жүнді, жоғары өнімді қой тұқымы — солтүстік қазақ мериносы шығарылды. Ол академик В.А. Больмонттың бастамасымен қолға алынған ағылшынның биязылау кроссбред жүнді қойларын жерсіндіру, сондай-ақ линкольн, ромни-марш, бордер-лейстер бітімдес қойлардың отандық репродукторларын құру жұмыстарын жалғастырды. Оның негізгі ғылыми ізденістері бағалы қой тұқымдарының гендік қорын сақтауға, жетілдіру және көбейтуге, таза тұқымды австралия мериностарының репродукторын құруға, солтүстік қазақ мериносын асылдандыруға және биязылау жүнді, төлді көп беретін қой тұқымын шығаруға бағытталған. 500-ден астам ғылыми еңбек жазған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1974). Октябрь революциясы, “Халықтар достығы” және екі мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

  • Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    “Слован” командасының қақпасына гол соққаннан кейінгі сәт. Дастан Сәтпаев (сол жақта). “Қайрат” футбол клубының парақшасы. 6 тамыз 2025 жыл. Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды. Матч кестесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Алматының “Қайрат” командасы чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты “Қайрат” футбол командасының мүшелері жеңісті тойлап жатыр. 26 тамыз, 2025 “Қайрат” фк Instagram парақшасынан алынған скриншот.  Футболдан Алматының “Қайрат” командасы Еуропа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның “Селтик” командасын пенальти сериясы арқылы жеңді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: