|  | 

Көз қарас

Қараүлек һәм қазіргі құлдар

qaralar

Астананың вокзалына бардым. Көкшетауға бармақпын. Тізіліп тұрған таксилерге беттедім. Жан-жағымда «Караганда», «Какчатав» («Қарағанды», «Көкшетау» деп емес) деген қарлыққан құзғын дауыстар зар иелейді. Қазақша «Қарағанды» немесе «Көкшетау» дей салса тілі тартылып қала ма бұлардың. Қышқырып тұрғанның бәрі қазақ. Неге бұлай? Жауап біреу: қанға өтіп, сары сүйекке сіңіп кеткен құлдық сана, яғни құлдық болмыстың өмірдегі жарқын көрінісі. Мына қарақтардың «Қарағанды», «Көкшетау» дегенге тілі келмей тұрған жоқ. Айтуға қуаты жетпейді. Көлденең кетіп бар жатқан бір орысты көрсе тілін жұтып қояды. Хош сонымен…

«Какчатаулап» қаралығып тұрған бір қазаққа таяп бардым. Еңгезердей шомбыл қара. Салмағы (көз мөлшермен) бері айтқанда – 120 килә. Жұдырығы шойын. Беті бұжыр-бұжыр  Кенесары батырдың дүлей құлы Қараүлек сияқты. Машинасы жеңіл «тойота» екен. Бұл қарақ қазіргі заманың батыры болар деген риза кейіппен сұр машинаның алдына барып жайғастым.

Машинаның артқы орындығына сирағы метр жарым орыстың екі бойжеткені келіп жайғасты. Тағы бір Қараүлектің күшігі сияқты бойы аласа болғанымен тығыршықтай шомбыл қазақ жігіті үшінші болып қосылды. Күн тапа-тал түс. Кіші Қараүлектің көзінде ұйқы, қалғып жүр. Отырмай жатып ұйықтап кетті.

Машина орнынан қозғалды. Еңгердей шопыр басқарған тойотаның мінер жағы қисайып жолға шықтық. Ойлап келем: мынадай (шопырға қарап) қазақтың жігіттері көп болса ғой. Ертең елдің басына күн туса осылар қорғайды-ау… Ойымды даңғырлаған музыка үні бөліп жіберді. Кабинаның ішін орысша жынды әуені кернеп кетті. Басы-көзден ұрғылап өлтіріп барады. Тіпті дем алдырар емес. Арттағы екі қыз изек-изек. Ана кіші Қараүлек атып жіберсе де оянар емес. Қыздар изектеген сайын үлкен Қараүлектің жүзі жадырай түседі. Содан шопырға айттым, «мына музыканы өзгертуге болмас па екен, қазақша әуен қоймайсыз ба?!». Менің сөзімді естіген шопыр шайқалып кетті. Машина жолдан шығып кетуге шақ қалып, әрең түзелді. Сондағы үлкен Қараүлектің айтқаны: «Сиз ондай айтпаныз, мына кыздардан уят болады».

Мәссаған!!! Қазақтың елін-жерін қорғайды деген мына батыр, машинаның артында отырған орыстың екі қызынан зәре-құты қалмай шошып келеді. Бар ойы: соларға жағу, солардың көңілін табу, солардың бір ауыз «спасибо» деген сөзін есту… Осындай да құлдық болады екен-ау.

Мына бір бейбақ бауырыма жаным ашыды. Басқа не істеуге болады. Жынды әуенді сәл бәсеңдетіп (менің жалынды өтінішім бойынша) қойып зырлап келеміз. Алпыс шақырымды артқа тастадық. Жолай бір ауданнан өттік. Бұл үлкен Қараүлектің туған жері екен. Алдымызда Ақкөл. Кенет… шопыр музыканың үнін өшіре қойды да, аяғын тормозға жүгіртті. Үрейлі кейіппен бірдемені күбірлеп, бос қолымен тұмсығын сипап жіберді. «Бұған не болды?» деп,  жан-жағыма барлай қарасам, «Мықтыкөл» деген ауылдан өтіп барады екенбіз. Оң жақта, жол жиегінде зираттар тұр. Қараүлек зираттан қорқады екен. Күбірлеп, сыйпаланып жатқаны сол. Қараүлектің ойынша; «жынды музыка өлі аруақтарды шамдандырады-мыс». Олар шамданса; машинаның дөңгелегін жарады, тіпті тоңқалаң асырып аударып тастауы да мүмкін… Ойбай-ау жынды музыка тірі мені азаптап келе жатқан жоқ па, аруақта несі бар, мына жазған өлген мүрдеден қорыққанша, ақыл-есі болса, тірі менен кешірім сұрар еді-ау. Содан мен айттым: «Сенің машинаңның ішіндегі музыка ай даладағы аруақтарды шошытқаны қалай, зың еткен шуылдан аруақтар шамданатын болса, мына күні-түні зулап жатқан шетелдің «Камаздары» өзі өлген аруақты тағы да өлтіретін болды ғой…».  Менің сөзімді тура мағынасында түсінген Қараүлек қабағын түйіп «қынжылыс» танытты. Күңк етіп «оңбаған» Камаздарды бір сықпытты.

Зираттан өткен соң, жынды әуенді аңыратып қойып, изектеп тарта жөнелдік. Апыл-тапыл Макинкаға да жеттік. Бір жарым шақырымдай бұрылып мені автостансаға жеткізуге шопыр бұрыла беріп еді, артағы екі сары қыз: «Қайда барасың?» деп дік етті. Баяғы көрініс, машина шайқалып кетті, Қараүлек сұп-сұр: «мына кісі…» деп мені көрсетіп, міңгірлеп еді. Қыздар, сұқ саусағын шошайтып «жолға түс!» дегендей ишара жасады. Бейбақ Қараүлек жыпылықтап маған қарады. Мені машинадан өз еркіммен шықтым да қара жолды бойлап, жөней бердім.

Аяңдап келем… ойланып келем. Еңгезердей жігіт. Әрі спорт шебері екен. Күллі әлемді жаратқан бір Алладан қорықпайды. Тірі орыстың қызынан және өліп жатқан аруақтан қорқады. Астағыпыраллаһ. Шынында қалай ел болып тұрмыз?! Батырдың сыйқы мынау. Кіші Қараүлек сол оянбаған күйі кетті. Кім екені, қайдан шыққаны белгісіз. Бірақ түрі-түсі қазақ.

Бекен Қайратұлы

Namys.kz

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: