|  | 

Саясат

НАЗАРБАЕВТАН КЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАНДЫ АННЕКСИЯ КҮТІП ТҰР

Ағылшынның Guardian газеті Қазақстанның солтүстік аймағындағы саяси-этникалық ахуалға мән бере келіп, «биліктен Назарбаев кеткен соң қазақ жері Ресей тарапынан бөлшектенуі мүмкін» деген болжам жасайды. Газет бұл ретте мемлекетте тілдік тұтастықтың қалыптаспай тұрғанына көңіл аударады.

Петропавл елдің солтүстік өңіріне тән кәдімгі қалалардың бірі деп жазады Guardian. Бұл қаланың тұрғындары негізінен этникалық орыстар, экономикадағы тежелістің шегінде өмір сүріп жатқан олар бұрынғы совет одағын еріксіз аңсайды.

Солтүстікте болғанымен Петропавл Ресейдің емес, Қазақстанның территориясына кіреді. Солтүстікте орыстілділер көп, осының өзі «қауіп-қатерді молайтып», Кремль тарапынан «этникалық толқулар тудыратын кепке  ұшырап, экспанцияға ұрынуы мүмкін», сөйтіп «екінші Украинаға» айналуы ықтимал.

Guardian мұның себебін былайша түсіндіреді: Ресейдің радикалды бағыт ұстанған саясаткерлері тұрақты түрде Қазақстанның солтүстік аймағын басып алуды сөз қылудан шаршамайды. Алайда, сарапшылардың дені аймаққа қандай да бір қауіп төніп тұрмағанын бірауыздан келісіп алғандай айтады.

Ағылшын газеті тұтас Қазақстан халқының, оның ішінде, әсіресе, солтүстік аймақтағы жұрттың ақпарат атаулыны тек Ресейден, Ресейдің телеараналары мен газет-журналдарынан алып отырғанына мән береді.

Бұл аймақ (Солтүстік Қазақстан облысын айтады. – ред) Украинаның шығысына көбірек ұқсайды. Орыстілді орта мен орыс қоғамы барлық ақпаратты Ресейден алады, «сондықтан өңірде орыс ұлтшылдығының оянуы әбден мүмкін».

Қазақ баспасөзі сан рет қақсап айтқан, жазған, өлгенше ескертіп баққан мәселенің үстінен алыстағы ағылшын газетінің тілішісі тура түсіп отыр. Байқағанымыздай, Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздік пен ақпараттық тұтастықтың жоқтығы бізді қойып, міне, енді Батыс қоғамын да алаңдата бастады.

Guardian орыс жастарының қазақ тілінде сөйлемейтіндігін, тіпті, сөйлегісі де келмейтіндігін аңғарыпты. Газет тілшісі Кирилл деген 26 жастағы жігітпен жолығысқан екен, ол былай депті:

-         Қазақтар қазақ тілін тықпалап қанымызды қарайтып жүр. Шындығында, қазақ тілі кімге керек? Қазақ тілінде сөйлейін десең тамағыңа бір нәрсе тығылып қалған сияқты болады да тұрады. СССР-дің құлағаны қандай өкінішті? Нағыз мемлекет СССР болған ғой.

Кирилл сияқты өзге де орыс жастарын сөйлете келіп Guardian «Алайда, солтүстікқазақстандықтарға Назарбаев ұнайды. Ол кез-келген кезде тұтанып кетуі ықтимал этникалық қақтығыстарды қатаң бақылауында ұстап отыр. Петропавл қаласының орталық көшелерінде Назарбаевтың «Барлық қазақстандықтар – бір Отанның ұлы мен қызы» деген сөздері мен суреті үлкен билбордтарда тұр» деп жазады газет.

Қазақстандық биліктің орыстілінде сөйлейтіндігіне де мән берген газет: Назарбаевпен құралпас адамдарға орыс тілінде сөйлеу ыңғайлы дейді.

Кезекті рет сайлауда жеңіске жеткен Назарбаев әлі өзінің мұрагерін анықтай алған жоқ дегенді де қосып қояды  Guardian. Ал, қазір оның жасы 74-те. Осының өзі болашақ туралы терең ойлануға мәжбүрлейді.

Петропавл тұрғындары Назарбаевтан кейін билікке тегеурінді ұлтшыл адам келуі мүмкін деп үрейленетін көрінеді. Бірақ, Guardian газетінің тілшісімен сұхбаттасқан еліміздің саясаттанушы сарапшылары бұлай болуы екіталай, өйткені Қазақстан қазір Ресеймен бірге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше. Бұл одақтан шығуға талпынатын тұлғаны Кремль Қазақстандағы бірінші биліктің басына келтіре қоюы екіталай депті.

Қазақстандағы этникалық ахуал өзгеріп барады. Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанда қазақтар жалпы халықтың 30 пайызын құраса, қазір 70 пайыз болып отыр. Бұл жайт елдің солтүстік өңірлерінде де көрініс табуда. Путин былтыр Назарбаевты мақтай келіп, «ол тақыр жерден мемлекет жасады. Қазақтарда бұрын мемлекет болмаған» дегелі бері қазақ билігі шетелдердегі этникалық қазақтарды көшіріп алуға барын салып, қазақ хандығының 550 жылдығын тойлайтын болып құлшынып шыға келді дейді Guardian. Ал, Путиннің сөзі өте астарлы сөз. Ол «қазақта мемлекет болмаған» дей отырып, Назарбаев биліктен кеткеннен кейін жағдайдың күрт өзгеруі мүмкін екендігін меңзеді» деп жазады ағылшын газеті.

Abai.kz

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: