Абақ керей
Абақ керей 12 атаға бөлінеді.
АБАҚ – бұдан сегіз жүз жыл бұрын, яғни Шыңғыс хан заманына дейін-ақ Байқал көлінің оңтүстігінде АЛТАЙ тауларында өмір сүрген, КЕРЕЙ елінің белды таипасы болған, қуатты жеке билік құрған ел. сол кезде абақтарды АБАҚ тың бір РУЫ меркттер билеп түрған кез еді. .. Шыңғыстың абақтардың билеушілеріне деген жеке бастық өшпенділігі салдарынан 1204 жылы қырғынға ұшырап, жеңілген абақтар Сарыарқаға қашқандығына, 1216 жылы Жошы әскері қазіргі Ырғыз-Торғай өлкесінде Сүбедей әскерінің абақтарді толық талқандағанды өз қүзырларына қаратты. абақтар кейінен керейдің құрамына қаита қосылп АБАҚКЕРЕЙ деп аталды.
12 Абақкерей болып бертінгі кезде бөлінді..
Бұл бөлініс Қытай қарамағына өткен кезден басталады. Абақ керейдің қайдан, қалай таратылатыны туралы шежірелер көп және оларда бірізділік жоқ, яғни «әркімдікі өзіне жөн» дегенге саяды. Ойғырлық Мәсәли, Дөйтен, Сахария қариялардың мақұлдауы негізіндегі атам Жанаттың (А.Ж) жазып қалдырған шежіресінде Абақтан Изен, Жусан. Изеннен Мағыналы, Сидалы, Жабайды таратады. Мағаналыдан Қойлау, Байлау делінеді. Қойлаудан-Ителі. Абақ Керейдің ішінде ителі руы «ноқта аға» аталады. Абақ керейдің ата-тек шежіресіНоқта ағаның жолы- ертеде ел көшкенде көсем түйені жетелейді және дастарқанға бата беру, табақтағы сыйлы мүшені кесуде басымдылық беріледі. Байлаудан жәнтекей, жәдік, шеруші рулары тарайды. Сидалыдан жастабан, шимойын, көнсадақ рулары тараған. Жастабан руы негізінен Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы Шұбартау (қазір Аягөз ауданының құрамында) ауданын мекендейді. Керей Алтайға бет алғанда Қабанбай батыр мен Ақтамберді батыр жыраумен дос-жар Шақантай, Нұралы батырлар найманнан қоныс алып, мекендеп қалған делінеді. Кейіннен бұл өлкеде Абай елі тобықтылар қоңсылас болады. Жастабан-белгілі ғалым-жазушы Мұхтар Мағауиннің елі.Жабайдан қарақас, молқы, сарбас рулары тарайды. Мағыналының қызы Мәулімнен шұбарайғыр тарайды делінеді. Шежірешілер шұбарайғырды керейдің жиені, Он екі руға бөліну Көгедай төре тұсында, Мәнжі қытайға бағыну кезеңінен бері пайда болса керек. Шындығына келгенде Он екі керейге бірде шимойынды, бірде, жәнтекей ішіндегі құлтайболатты жатқызуы осыны меңзейді. Әр рудың өз таңбасы, ұраны бар. Олар әр рудың жоңғарларға, кейіннен қалмақтарға қарсы күрескен батырларының есімдері:
1. Ителі (Бұқарбай)
2. Жәнтекей (Шақабай)
3. Шеруші (Байтайлақ)
4. Молқы (Машан)
5. Қарақас (Қаптағай)
6. Меркіт (Құлсары)
7. Жастабан (Жобалай)
8. Көнсадақ (Жабай)
9. Шұбарайғыр (Қожаберген)
10. Сарбас (Сарытоқай)
11. Жәдік (Жанат)
12. Шимойын (Әлмембет)
2 Comments
Калибеков Айбек
Абақ Жәдік Жанат Тілеке Жарасапай Жанұзақ Бәйтерек Жолбарыс Шөкі Үрпежан Ыбыған Қалибек Қайнар Айбек
Anonymous
тугырыл ханның кезі 1100 ші жылдардан басталады