|  | 

Сұхбаттар

Майра Мұхаммедқызы: Марқұм әкем Ер Жәнібек бабамызды үлгі ете отырып, тәрбиеледі.

Mayra kerey

ЕЖХҚ: Сәлеметсіз бе, Майра Мұхаммедқызы?! Шығармашылығыңыз қалай? Махаббатыңызды тек сәбиіңізге арнап, шығармашылығыңыз дағдарып қалған жоқ па? Жалпы тыңдармандарыңызды қуантарлық нендей жаңалығыңыз бар?

М. Мұхаммедқызы: Сол сәбиге деген махаббаттың арқасында шығармашылық қабілетім одан әрі жанданып келеді. Баламды дүниеге әкеле сала, Абай атындағы опера және балет театры сахнасына «Көңілді жесір әйел» атты Ф. Легарденг операсындағы Ганнанег рөлін орыс тілінде әрі әнін айтып, қара сөзбен қоса, биін де билеп орындап шыққаным бар. Одан соң да қарап жатпастан Францияға араға 10 жыл салып Дж. Вердидің «Тарвиатта» операсын жаңа заманауи көйлегіммен, жаңа костюммен сахнада айтып шықтым.  Халық өте жақсы  қабылдады. Бұл жұмысты үлкен махаббат, зор құлшыныспен аяқтап, елге орала салысымен Абай атындағы опера және балет театрында араға 40 жыл салып қайтадан Моцарттың «Дон Жуан» операсын италиялық режиссер көмегімен Донна Аннаның рөлін сәтті сомдап шықтым. Отбасы, ошақ қасына аялдап қалмай бұдан әрі «Жұлдызды сәт» тележобасының төрешісі болса, бүгінгі күнде әр сенбі, жексенбі таңындағы Еларнаның «Оян.kz» бағдарламасында тележүргізуші қырымнан көрсетіп жатырмын.

ЕЖХҚ: Кәсіби қазақ операсының жай-күйіне көңіліміз толмай, қазақ операсын айдай әлемге мәшһүр қыларлық «беделді шығарма да, режиссер де жоқтың қасы» деп жүргенімізге де бірталай болды. Қазіргі қазақ операсының бет алысы сізді қанағаттандыра ма? Дауасы неде? Өнерде шекара жоқ дегенмен де, өнер арқылы ұлтың болмысы, беделі артады ғой. Осы тұрғыда қазақ кәсіби операсының дамуына не жетіспейді және өзгелерден оқ бойы озық болар нендей артықшылығы бар? Кәсіби маман ретіндегі көзқарасыңыз қандай екенін айта отырсаңыз.

М. Мұхаммедқызы: Менің талай жылдар бойы ақпарат құралдарына берген сұхбаттарымда әр қашан да операның қандай дәрежеде болу керек екендігін, бізге не керек екендігін, қандай талыпыныс қажет екендігі жөнінде талай жазып, айтып келдім. Алла қабыл етсе керек, елбасының тікелей атсалысуының арқасында Астананың төрінен әлем опера театрларымен тең дәрежеде бой түзеп, қатар тұра алатындай театр салынды. Салтанаттылығымен әлемдегі опералардың ішінде төртінші орынға табан тіреген бұл театрдың ашылуы үлкен қуаныш. Енді тек әлемдік деңгейде басқара алса, өнер көрсете алса деген үміт жетегіндеміз. Театр – ол рухани азық беретін, үлкен ләззат сыйлайтын, ойға жетелейтін қасиетін жоғалтпауы керек деп ойлаймын.

ЕЖХҚ: Репертуарға бай қоржыныңыздағы қай ария жаныңызға жақын? Несімен жақын? Сіз тек қана орындаушысыз ба, өзіңіздің де опера жанрына жазған туындыларыңыз бар шығар, мүмкін…?

М. Мұхаммедқызы: Менің айтқан әрбір ариям, әрбір әнім, әрбір рөлім дәл сол кездегі ең жаныма жақын, ең сүйікті ісім болып табылды. Мен тек қана орындаушымын, операны тек қана кәсіби композитор ғана жаза алады.

ЕЖХҚ: Сіз үшін заманауи өнер деген не? Дж. Пуччини , Дж. Верди,

Р. Вагнер, Ж. Бизе тәрізді ғаламат туындылар жазып қалдырған таланттылар замандастарыңыздың ортасында бар ма? Кімдерді айта аласыз?

М. Мұхаммедқызы: Мен үшін заманауи өнер деген – арзан бейнеклип, жалаңаш қыз бен жігіттің төсекте ән айтқан түрі, адам түсінгісіз суреттер мен қияли дүниелер. Бір жынысты ерлер мен әйелдердің отбасын құруы…Бәрі осы заманауи өнер ма екен деп қаламын?! Бірақ бұлардың барлығының ғұмыры келте болмақ. Уақыт әр нәрсені өз заманының елегінен өткізіп алып, тарихтан тарихқа, келешекке мұра етіп қалдырып келеді. Замандастарымның арасында талантты адамдар бар, бірақ солардың туындылары уақыт таразысынан өте ала ма, жоқ па?! Оны дәлелдейтін де – уақыт.

ЕЖХҚ: Эстрада жанрында ән шырқап көргенсіз бе? Қазіргі қазақ эстрадасының бағыты, бет алысына берер бағаңыз. Эстрадалық әндерді тыңдайсыз ба? Тыңдасаңыз қай әншілердің үні сіздің жан-дүниеңізді тербетеді?

М. Мұхаммедқызы: Эстрада жанрында әндерді орындаймын. Оған бәлендей дауыстың қажеті бола қоймас деп ойлаймын. Эстрадалық жақсы әндерді тыңдаймын әрине. Жанымды тербетер, жүрегімді тебірентер әндер баршылық, бірақ мен олардың орындаушысы кім екен деп үңілмеймін. Мен үшін бренд киім сияқты, яғни бәлен маркалы киім деп алмаймын, жарасқанын кие беремін. Эстрадалық әндер де сол сияқты.

ЕЖХҚ: Германиядағы Берлин театрында 73 жастағы австриялық режиссер Йохана Кресника Villa Verdiдің балет премьерасы осы жылы шілде айында өтті. Сахналық қойылымда үстінде іліп аларлық лыпасы жоқ балет труппасы өнер көрсетеді. Көпшілікке нағыз садисттік қойылым болып көрінген бұл премьера режиссердің айтуынша әлемдік суретшілердің қаяу түскен, мұңды жан-дүниесін көрсетуге тырысқан. Мүмкіндігіңіз болып жатса бұл қойылымға барар ма едіңіз, қалай қабылдайсыз? Бұны өнерге жан-тәнімен берілгендік деп ұға аламыз ба? Сіз қалай ұғасыз? Егер сізге осы сипатта, лыпасыз ән айту  туралы ұсыныс түссе, қабылдайсыз ба ұсынысты?

М. Мұхаммедқызы: Қазіргі уақыта Еуропада режиссерларға көптеген еркіндіктер берілген. Ол қалай қоям десе, өз ойын, өз пікірін жасырмай айта алады. Өз персонаждарын басқа уақыт шегіне қоя алады, басқаша киіндіре алады, шешіндіре алады. Ол режиссердің заманауи қойылымына ешқандай қарсылығым жоқ, өзінің еркі. Бірақ артисті сахнаға жалаңаш шығару – ол  режиссердің басқа айтар ештеңесі қалмаған деп білемін.  Бұл жағдайды өнерге жаны-тәнімен берілгендік деп айта алмаймын. Мағанда өз кезінде  Еуропада Б. Бритиннинг «Жаз айындағы түнгі түс» атты операға «жалаңаш жатып орындап көр» деген ұсынысына қандай ақшаға да жалаңаш денемді сатпайтындығымды айтып қарсы шыққан болатынмын. Кейде осындай жол арқылы атын шығарғысы келетіндер де болады. Бұл меніңше нағыз – құлдырау.

ЕЖХҚ: Өнер адамы сезімтал болып келеді ғой. Ең алғашқы махаббатыңыз жайлы тәтті естелік айтып беріңізші. Артыңыздан ерген қыздар мен жігіттерге айтар ақылыңыз қандай? Ақылды көп өмір сүргеннен емес, көп көргеннен сұра деген екен.

М. Мұхаммедқызы: Ең алғашқы махаббат туралы айтсам таңды таңға ұрармын. Жолдасым Ақсанмен он сегіз жасымда Бейжіңде таныстым. Міне сол махаббат арқасында жұбымыз ажырамай, жұлдызымыз жарасып келеді. Сол махаббатың арқасында өмірдегі барлық қиыншылық пен қызық сәттерді бірге қол ұстасып, тату-тәтті 25 жыл бірге келеміз. Бүгінгі күнде сол махаббат – бауыырмалдыққа, сүйіспеншілікке алмасты. Бір-біріміздің қас-қабағымыздан-ақ не ойлап, не айтатынымызды біліп отырамыз. Жастау кезімізде екеуіміз де өз арман-қалауымызды орыдаумен болсақ, ал қазір сол армандардың белесінен өтіп, енді өмірдің басқа бір белестерін бағындырсақ деген талпыныстамыз. Шүкір, отбасымызға осындай тәтті бала бергені үшін Аллаға мадақ пен шүкір айтудан бір сәт жалыққан емеспіз.Жастарға айтарымыз ең алдымен махаббат отын тұтатып алса, сонда ғана шаңырақ берік болады. Махаббат иелік еткен шаңырақта бақыт та, береке де бейбітшілікте өмір сүреді. Отбасындағы әйел адам өз орынын біліп, сабырлы болса отбасының бақытына сызат түспейді.

ЕЖХҚ: Отбасындағы мейірімді ана, адал жар болған Майраның ендігі арманы қандай екен?  Және соңғы оқыған кітабыңыз жайлы айта кетсеңіз?

М. Мұхаммедқызы:  Майраның ендігі арманы – Алла бүйырса, Аида қызының сіңлісі не інісі болғанын қалайды (күліп). Одан соң жаңа арман, жаңа рөлдер, жаңалыққа толы күндерді жұртшылыққа ұсынсам деген ой.

ЕЖХҚ: Ер Жәнібек батыр туралы естігенсіз бе? Естіген болсаңыз келер 2014 жылы Ер Жәнібек Бердәулетұлының туғанына үш жүз жыл толмақ. Осы «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының бастамасымен  батырға арнап Шығыс Қазақстан обылысында ас берілмек. Бүгінде бірқатар жұмыстар іске  асырлып та жатыр. Мүмкіндігіңіз болса ат салысып, көмек қолын созсаңыз құба құп болар еді.  Сөз соңында «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорына айтар жылы лебізіңіз?

М. Мұхаммедқызы: Марқұм әкем осы аңызға айналған жанның талай ерлікке толы бейнесін бізге әсерлене баяндап, таңды таңға жалғап айтатын әңгімесі әлі көкейімде. Сондай ержүректі болуға, ұлтыңды қалай сүю керектігін, елін-жерін қалай қорғау керек екендігін осы Ер Жәнібек бабамызды үлгі ете отырып, тәрбиеледі. Ол кісінің елге, Отанға деген махаббатынан шабыт алдық. Батыр бабамыз біздің нағыз мақтанышымыз. Ендігі менің қолымнан келері солардың есімін, ерлігін дәріптеп, мақтап, әнге қосып жырлауым. Келер ұрпақ өз тарихын біліп өссе деген тілек.

ЕЖХҚ: Сөз соңында «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорына айтар жылы лебізіңіз?

М. Мұхаммедқызы: Ұлт батырлары мен бабаларын еш қашанда ұмытпай, болашақ ұрпаққа аманат етіп, дәріптеп келе жатқан сіздердің «Ер Жәнібек атындағы» қоры ұжымына, барлық мүшелеріне алығысым зор. Өз тарихын, өз тілін ұмытпаған ұрпақ қана бұл өмірде нағыз ұлт болып қалады. Сондықтан да сіздердің ұлтқа деген махаббаттарыңызға Алла жар болсын. Қолға алған осынау істеріңізге табыс тілеймін. Жан ашырларыңыз көп болып, бабалар аруағы қолдап жүрсін.

Related Articles

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

  • “Қазақстан дұрыс бағытта”. Деколонизация, Украинадағы соғыс және Қаңтар. Балтық елшілерімен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК Балтық мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері (солдан оңға қарай): Ирина Мангуле (Латвия), Эгидиюс Навикас (Литва ) және Тоомас Тирс. Совет одағы ыдырай бастағанда оның құрамынан бірінші болып Балтық елдері шыққан еді. Өзара ерекшеліктері бар болғанымен, сыртқы саясатта бірлігі мықты Латвия, Литва және Эстония мемлекеттері НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше болып, қазір көптеген өлшем бойынша әлемнің ең дамыған елдерінің қатарында тұр. Ресей Украинаға басып кіргенде Киевті бар күшімен қолдап, табандылық танытқан да осы үш ел. Соғыс басталғанына екі жыл толар қарсаңда Азаттық Балтық елдерінің Қазақстандағы елшілерімен сөйлесіп, екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты және адам құқығы тақырыбын талқылады. Сұхбат 8 ақпан күні алынды. “БІЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ДҰРЫС БІЛМЕЙДІ” Азаттық: Сұхбатымызды Балтық елдері мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасы

  • “Саясаткерлер пафоспен сөйлегенді жақсы көреді”. Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының болашағы бар ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы мәртебесіне ие елдердің басшыларының Самарқанда (Өзбекстан) бірігіп түскен суреті. 11 қараша, 2022 жыл Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) оныншы саммиті өтіп жатыр. Бұл кездесу не береді? Түркия Ресейдің Украинамен соғыстан бас көтере алмай жатқанын пайдаланып, аймаққа ықпалын күшейтуге тырыса ма? Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының, әсіресе әскери салада болашағы бар ма? Азаттық осы жөнінде Солтүстік Кипрдегі Таяу Шығыс университеті саясаттану кафедрасының доценті Әсел Тутумлумен әңгімелесті. ТҮРКИЯНЫҢ МҮДДЕСІ МЕН ЫҚПАЛЫ ҚАНДАЙ? – Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) оныншы саммиті өтіп жатыр. Ұйым азаматтық қорғаныстың бірлескен механизмін нығайтуға мүдделі. Сондай-ақ күн тәртібінде аймақтағы және сырттағы саяси-экономикалық оқиғаларды талқылау мәселесі тұр. Саммиттің уақыты мен геосаяси контексі жөнінде

  • АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты өзгерді ме? Елші Дэниел Розенблюммен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК  АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмнің Азаттық радиосына берген сұхбаты АҚШ дипломаты Дэниел Розенблюм Қазақстанға елші болып келгеніне бір жылға жуықтады. Оған дейін ол Өзбекстандағы елші қызметін үш жыл атқарған. Орталық Азияға маманданған дипломат аймақ басшыларының Нью-Йоркте президент Джо Байденмен оңаша кездескені саяси жетістік дейді. Азаттық елшіден сұхбат алып, C5+1 саммитінде адам құқығы тақырыбы қаншалық қозғалғанын, Қазақстанға төнген санкция қаупін және АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты қалай өзгергенін сұрады. НЬЮ-ЙОРКТЕГІ КЕЗДЕСУ ҚАЛАЙ ӨТТІ? – АҚШ президенті Джо Байден жақында Орталық Азия басшыларымен C5+1 форматында кездесті. Саммит алдында құқық қорғау ұйымдары осы жиында адам құқығы басты назарда болса екен деп үміт білдірді. Бұл үміт ақталды ма? – Нью-Йоркте өткен C5+1 саммиті

  • “Украинадағы соғыс ондаған жылға созылуы мүмкін”. Британ генералымен сұхбат

    Важа ТАВБЕРИДЗЕ Украин сарбаздары зенитті қарумен атқылауда. Архив суреті. Ұлыбритания бірлескен күштерінің бұрынғы қолбасшысы, қорғаныс және қауіпсіздік тақырыбында кеңес беріп, дәріс оқитын генерал сэр Ричард Бэрронс майдандағы айла-тәсіл, өндірістік мобилизация және Украина мен Батыс елдері таңдауы соғыстың ондаған жылға жалғасуына қалай әсер ететінін айтып берді.  Генерал сэр Ричард Бэрронс Ұлыбритания бірлескен күштерінің бұрынғы қолбасшысы. Қазір Universal Defense & Security Solutions қорғаныс және күзет компаниясын басқарады. Ол Азаттықтың Грузин қызметімен сөйлесіп, Украинадағы соғыс неге ұзаққа созылатынын талдап берді. Азаттық: Украинада соғыс басталғалы бір жылдан асты. Осы уақыт ішінде қандай сабақ алдық? Ричард Бэрронс: Еуропа үшін жоғары деңгейде сабақ алатын дүниелер болды. Біріншісі, 90-жылдары Қырғиқабақ соғыс аяқталғаннан кейін көбі “енді соғыспайтындай болдық” деп ойлағанымен,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: