|  | 

Саясат

Бізге Саакашвили сияқты әкімдер керек!

sakashuylyУкраинаның Одессасына әкім болып барған Михаил Саакашвили өткенде базар аралап, сатушылармен әңгімелесіп жүрген еді. Бүгін “маршруткаға” отырып алып, бір ауылға кетті. Жол үстінде жолаушылармен әңгімелесіп, елдің нақты жағдайын біліп алды. Осыны көріп отырып өзімнің біраз қылықтарым есіме түскені. wink emoticon
2005-жыл. “Қазақстан” Ұлттық телеарнасының ШҚО бойынша меншікті тілшісімін. Сөз бостандығы аздап болсын бартұғын. Облыстық мәслихат сессиясына қатысамын. Әр тақырыпқа орай құжаттарды алып кетемін.
Тәкс… Жарма ауданына “Таза су” бағдарламасы бойынша бәлембай млн. теңге бөлініпті. Оның осыншасы Қалбатауға бөлінген. Жол бойына құбыр тартып, колонкалар орнатылған деген есеп те әкімнен беріліп қойған.
Тәк-тәк… ал мынау не… мынау Зайсан ауданы туралы. Сары ши мен Қаратал ауылына электр сымын тартуға бәлембай млн. бөлінген. (Діңгектері тұр. Ал сымды 90-жылдары қытай асырып жібергенбіз).
Салып ұрып Өскеменнен 110 шақырым жердегі Жарма ауданына барамын. Әкімнің қолы тимейді. Қабылдамайтынын біліп отырмын. Базарға барам. Ашулы әйелдер екі қолын бүйіріне таянып тұрып, “су көрсек көзіміз шықсын” деп бастап, аудандағы бүкіл мәселені айтып береді. Біреу ана жаққа жеткізе қояды. Ол жақтан аудан әкімінің орынбасары да дереу жетіп келеді. “Айеке, әкім Сізді күтіп отыр. Шаршап келген шығарсыз. Мейрамханада дастарқан жаюлы. Біз онда барғанша, шопырыңызды жанармай бекетіне жібере салыңыз. Бензин құйып алсын.” Енді мен қырсыға қаламын. Әкімнің “қолы тимегені” есіме түсе кетеді. Қырсығатын жөнім бар. Өйткені, қолда бопсалайтын материал тұр. Сол шалқайған қалпы Зайсанға тартамын. Қаратал ауылына қараңғы түсе жетеміз. Ертеңінде ауылдың бір ақсақалын тауып аламын. “Бір таудың қуысында, бір Құдайдың уысында жатқан елміз” деп бастайды. “Мынау немене нәрсе?”. “Бұл “күнжарық” деген нәрсе” дейді қариямыз. Қытайдан әкелген. Күннен қуат алады. Үйге жарық беруге күші жетеді. “Электр сымы қайда, осынша ақша бөлініпті ғой” деймін мен. “Қайдағы электр сымы?!” деп өзіме ұрсады. Мұның бәрін камераға жазып аламын.
Ой, барлық ауданды араладық қой. Бородулиха ауданына да талай бардым. Қазақты емге таппайсың. Тапқаның тілін ұмытып қалған. “5 семья оралман келген қытайдан. Қашып кетті Семей жаққа” деп жамандайды әкімі. “Неге?” деймін ғой. “Білмеймін. Үй бердік. Бәрін бердік” дейді. “Қашқындарды” қуалап жүріп тауып аламын. “500 шақырым жердегі Өскемендегі интернатқа балаларымызды беріп қойдық” деп бастайды жігіт ағасы. “Неге” деймін тағы. “Мұнда қазақ мектеп жоқ. Жалпы қазақ жоқ. Ешкіммен адамша сөйлесе алмаймын. Құса болдым” дейді.
Бұл материалдарды Астанаға жібереміз. Көрсетсе көрсетті, көрсетпесе қойды. Көбінесе көрсетіп жатады. Көрсетуінің себебі, жаңалықтар бөлімін басқарып Galym Bokash деген жігіт отыр. Айтпақшы, туған күніңіз құтты болсын! Қайда жүрсеңіз де, аман болыңыз!
Сонымен… аудан әкімдері мені көрсе қашады. Мен олардан қашып базарға барамын.
Айтайын дегенім, бізге Саакашвили сияқты әкімдер керек. Әр қалаға. Әр ауданға. Әр ауылға. Сонда жемқорлықпен күрес агенттігі жұмыссыз қалар еді.

Өскеменен Айдос Жұқанұлы, Александр Петелин. “Қазақстан” ҰЛТТЫҚ телеарнасы. smile emoticon

Айдос Жұқанұлы facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • ОА қорғанысқа қаржыны не себепті арттырды? Каспийден Украинаға зымыран ұшырған Ресей суды ластап жатыр ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан әскері бірігіп өткізген «Бірлестік-2024» жаттығуы. Маңғыстау облысы, шілде 2024 жыл. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет.  Орталық Азия елдері қорғаныс шығынын арттырды, мұның астарында не жатыр? «Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін екі есе көп өндіруді жоспарлап отыр, алайда үкімет бұл салада жұмыс күшінің азайғанын есепке алмаған». «Каспий теңізінен Украинаға зымыран ұшырып жатқан Ресей теңіздің экологиялық ахуалын ушықтырып жатыр». Батыс басылымдары бұл аптада осы тақырыптарға кеңірек тоқталды. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚОРҒАНЫС ШЫҒЫНЫН АРТТЫРДЫ. МҰНЫҢ АСТАРЫНДА НЕ ЖАТЫР? АҚШ-тағы «Америка дауысы» сайты Украинадағы соғыс тәрізді аймақтағы қақтығыстар күшейген тұста Орталық Азия елдері қорғаныс саласына жұмсайтын ақшаны арттырғанына назар аударды. Бірақ сарапшылар мұндай шығын тұрақтылыққа септесетініне күмән келтірді. Стокгольмдегі бейбітшілікті

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

  • “Қазақстан дұрыс бағытта”. Деколонизация, Украинадағы соғыс және Қаңтар. Балтық елшілерімен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК Балтық мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері (солдан оңға қарай): Ирина Мангуле (Латвия), Эгидиюс Навикас (Литва ) және Тоомас Тирс. Совет одағы ыдырай бастағанда оның құрамынан бірінші болып Балтық елдері шыққан еді. Өзара ерекшеліктері бар болғанымен, сыртқы саясатта бірлігі мықты Латвия, Литва және Эстония мемлекеттері НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше болып, қазір көптеген өлшем бойынша әлемнің ең дамыған елдерінің қатарында тұр. Ресей Украинаға басып кіргенде Киевті бар күшімен қолдап, табандылық танытқан да осы үш ел. Соғыс басталғанына екі жыл толар қарсаңда Азаттық Балтық елдерінің Қазақстандағы елшілерімен сөйлесіп, екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты және адам құқығы тақырыбын талқылады. Сұхбат 8 ақпан күні алынды. “БІЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ДҰРЫС БІЛМЕЙДІ” Азаттық: Сұхбатымызды Балтық елдері мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасы

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: