|  | 

Әлеумет

Ресей қазағы: Балаларымыз ана тілін пән ретінде оқиды

FF2EEF6E-2986-4058-BBDB-D619876ACACC_w640_r1_s_cx0_cy5_cw91

Ресейдің Астрахань облысында тұратын этникалық қазақ Балсұлу Қисыметқызы сол аймақтағы қандастарының мәдени-әлеуметтік ахуалы жайын «Азаттық» тілшісіне әңгімелеп берді.

Астраханьдағы қазақтардың «Жолдастық» мәдени қоғамының мүшесі Балсұлу Қисыметқызы Атырау облысында туған. Ол Алматыдағы Жүргенов атындағы өнер академиясын бітіріп, 1990 жылы Астрахань облысы Володар ауданына жұмысқа барып, сол жақта тұрақтап қалған.

– Астраханьға барған кезде әуелі аудандық орта мектепте қазақ тілінен сабақ берген екенсіз. Кейін қандай кәсіп атқардыңыз?

– 1990 жылы Астрахань қазақтарының мәдениеті мен дәстүрін дамыту мақсатында «Жолдастық» қоғамы құрылған еді. Одан кейін бір жылдан соң «Шалқыма» атты қазақ ұлттық аспаптар ансамбль құрылғанда сонда биші болып жұмыс жасадым. Кейін сол қоғамның жанында «Атамекен» атты телебағдарлама ашылып, соны жүргіздім. 1995 жылы Володарда екі тілде хабар тарататын аудандық телеарна ашылғанда сонда қазақша бағдарлама жүргіздім. Аудандық «Ақ арна» газетінің жанынан ашылған телеарна кейін лицензиялық бағытына байланысты тоқтап қалды. Ал газет әлі күнге дейін шығып келеді. Қазір Астрахань қазақтары қазақша хабарларды Қазақстаннан таратылатын «Отау-ТВ» спутниктік теларнасынан көреді.

– Астрахань қазақтарының «Жолдастық» қоғамына 25 жыл толғанын айттыңыз. Бұл қоғам ширек ғасырда қандай жұмыстар атқарды?
– 25 жылда өте көп жұмыстар атқардық. «Жолдастық» қоғамының ұйытқы болуымен Құрманғазы Сағырбайұлына кесене салынды. Кейін күйшінің атындағы музей, орталық, саз мектебі ашылды. Одан басқа облыстық педагогикалық колледжде қазақ тілі бөлімі ашылды. Ауылдық жерлердегі орта мектептерде де қазақ сыныптары тұрақты жұмыс істеп келеді. Мектептерде домбыра үйірмелері жұмыс істейді. Сондай-ақ, қазақ тілінен облыстық, аудандық олимпиядалар өткізіліп тұрады. Мұның бәрі – осы «Жолдастық» қоғамының тындырып жатқан жұмыстары.

– Астраханьда қазір қанша қазақ тұрады? Олардың әлеуметтік және мәдени ахуалдары қандай?

– 2012 жылғы санақ бойынша, Астраханьда 170 мыңдай қазақ бар. Олардың арасында Қазақстанға оралып жұмыс істегісі келетіндер де, көшіп жатқандары да бар. Ондағы қазақтардың әлеуметтік жағдайы жақсы. Студенттер оқуын оқып, [жұмысы барлар] жұмыстарын жасап, жұмыссыздар биржа арқылы жұмыс тауып, әркім өзінің әлеуметтік жағдайын әртүрлі шешіп жатыр.

Астраханьда оқушылар бастауыш сыныптан бастап 9-сыныпқа дейін қазақ тілін пән ретінде оқиды. Әрине, балалар қазақ тілінің керемет маманы болып шықпаса да, ана тілдерін жақсы көріп, мерекелерде ән салып, би билейтін деңгейлері бар.

– Тарихи отаныңыздан шетте жүргеннің кесірінен орындалмай қалған армандарыңыз бар ма?

Балсұлу Қисыметқызы: – Мамандығым актерлік еді. Астраханьда қазақ театры болмағандықтан актриса болсам деген арманым орындалмай қалды. Индира мен Эльмира есімді егіз қыздарымнан кейін туған Махамбет есімді өнерге жақын ұлым бар. Өзі Алматыдағы өнер академиясында оқығысы келеді. Болашақта менің орындалмаған арманымды сол балам орындауы мүмкін. Қазір «Астраханьда қазақ театрын ашсам» деген мақсатым бар. Ол жоспарым уақытында іске аса жатар.

– Сұхбатыңызға рахмет.

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: