|  | 

Әлеумет

Автоүйімен сапарға шыққан қазақстандық депутат елі үшін ұялып кетті

Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Бегентаев қысқаша үзілістен кейін Қазақстанның шексіз даласын жылжымалы үйімен аралауды жалғастырды. Ол өзінің сапары жөнінде Facebook желісіндегі парақшасына жазады, сол жерде өз толғанысымен бөліседі. Мысалы, депутатты жолдардың сапасы, кэмпингке жасалған жағдайлардың нашарлығы мен әдемі жерлердегі толып жатқан қоқыс толғандырады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Автосаяхатты жалғастырдық. Кеше Қарағандыға жол тарттық, содан кейін Балқашқа. Балалар жолда бірден ұйықтап қалды. Таңертең ерте сағат 06.00-де шықсақ та, тас жолда көлік көп. Жолдың қарсы бағытына шығатын жергілікті көліктер жетерлік. Жол бойы жүк көліктерге толы жерлерге жиі кездестім, тас жол жап-жаңа. Мұның екі себебі болуы мүмкін: жол жабындысы сапасыз немесе көлік инспекциясы байқамай 25 тоннаға артық тиелген қытайдың 40 тонналық көліктерін тас жолға жіберген. Менің білуімше, олар карьерлерде жұмыс істеуге арналған. Біз жолдар көтермейтін жүктерді тас жолдар арқылы тасымалдап, өз ыдысымызға өзіміз түкіреміз. Бір қолымызбен жасап, екінші қолымызбен бүлдіреміз”, – деп өз ойымен бөлісті Бегентаев және өз толғанысын суретімен түйіндеді.

Мейрам Бегентаевтың Facebook желісіндегі парақшасынан алынған сурет

“Рульде отырғанда ой көп келеді. Менің ойыма мынау келді. Жолдар – кез келген елдің күретамыры. Біз жолда бір-бірімізге жүргізушілік дәстүрмен көмегімізді көрсетеміз, жолда МАИ қызметкерлері тұрса белгі береміз. Бірақ бұл өзара көмек пе? Жақында маған біреу бір оқиғаны айтып берді, бір беделді адам жылдамдықты асырғаны үшін ұсталған баласын кезекті рет ақтап алыпты. Ең сорақысы, жігіт босап шыққаннан кейін 20 минут өткенде жол апатына түскен. Айтуынша, әкесі баласын өз қолыммен өлтірдім деп өзін жазғырады екен. Сондықтан жолдағы кезекті бір мажорды көріп, ата-анасына жаным ашып кетті”, – деп жазды депутат.

Одан әрі ол демалыс орындарындағы қоқыс мәселесі туралы айтты.

“Бинго, біз Балқаш көліне қарай жол тарттық! Бұған дейін айтқанымдай – демалыс төңіректі тазартудан басталды. Қасымызда демалып жатқандардың қолдау көрсеткенін айта кетудің өзі жағымды (тіпті үлкен қызым сыпырды, біз оларға осылайша үлгі болған шығармыз?)”, – деп өз ойымен бөлісті Бегентаев.

Ол Челябинсктен келген туристермен айтқан әңгімесі туралы жазды, депутат олармен Балқашта жолығыпты.

“Шаяндарды ұстағанша әңгімелесудің сәті түсті. Жігіттердің ол жерде үш күн бойы тұрып жатқандары анықталды. Басында олар демалыс орындарының біріне тоқтапты, ал келесі күні ол жерден кетіп қалған. Сонымен қатар, Балқаш жағалауында да тағылыққа тап болыпты, олар да айналаны қоқыстан ұзақ тазартқан. Олардың алтауы ересек адамдар және төрт бала бар (үш отбасы – үш бауыр жұбайларымен және балаларымен). Айтуларынша, жағалаудан сыраның жүз шөлмегін теріп алыпты, олар бір қарудан атылған екен (бұл дегеніңіз жағажайда сұмдық қой!!!) Елім үшін қатты ұялдым, себебі олар біздің қонақ қой, оны өздеріне айтып, мойындадым да. Олар былай деп жауап берді: “Ештеңе етпейді, мұндай көптеген жерде кездеседі”, – деп аяқтады әңгімесін депутат.

Мейрам Бегентаевтың Facebook желісіндегі парақшасынан алынған сурет

Еске сала кетейік, депутат өзінің саяхаты жөнінде 23 шілде күні әлеуметтік желі арқылы хабарлады. Содан бері ол барлық әсерімен әлеуметтік желі арқылы бөлісіп жүр.

Мейрам Бегентаевтың Facebook желісіндегі парақшасынан алынған сурет

Tengrinews.kz

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: