|  |  |  |  |  | 

Сұхбаттар Тарих Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

Ә.Қара: Келесі жылы Зуқа батырдың 150 жылдығы тойлану керек

Zuqa batir

2016 жылы Зуқа батыр Сәбитұлының дүниеге келгеніне 150 жыл толады. Шетелдегі қандастарымыз «Қазақтың Робин Гуды» атап кеткен ұлт қайраткері 1866 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданына қарасты Қалба тауының етегіндегі Кендірлік деген жерде дүниеге келіп, Қытайда өмір кешкен.  

Батырдың 150 жылдығына орай Түркиядағы қазақ ғалымы, тарихшы Әбдіуақап Қара жақында Facebook жеке парақшасында былай деп өз үндеуін жариялады:
«Бай-манаптан алып кедейге берген, панасызға қорған болған, жетім-жесірді қорғаған қазақтың Робин Гуды 1886 жылы Шығыс Қазақстанның Қалба деген жерінде туған Зуқа батырға 2016 жылы 150 жыл толмақ. Батырларын, қаһармандарын бағалай алмаған халық мәңгілік ел бола алмайды. Сондықтан 2016 жылы батырымызды атаусыз қалдырмайық. Келесі жылы ол туралы кітаптар шығарайық, еларалық симпозиумдар мен конференциялар өткізейік, тойлар жасайық, айтыс ұйымдастырайық. Батырды еске алып, Шығыс Қазақстанда ескерткішін тұрғызайық».


Бұл үндеуге үн қосқан Қытайдағы қазақ журналистері де батырдың өмірі жайлы деректі фильм түсіруге дайын екендіктерін айтуда.

Зуқа өміріне тоқталар болсақ, Керейдің ноқта ағасы саналатын Ителі руына бас болған діндар әкесі Сәбит Дамолла дүние салғаннан кейін Зуқа отбасын бастап 1883 жылдары Қытай жаққа ауып, Жеменейдің Сауыр өңіріне қоныс тебеді. Сондағы қазақтың төбе биі Жеңісхан діни сауаты терең Зуқаны қасына алып, медресеге мұғалім етіп тағайындайды. Зуқа би ордасында бала оқытып жүріп би төрелігінің әділетсіздігіне куә болады. Ру басыларының қанауына тап болған халықты көріп зығырданы қайнайды. Әділетсіз билікке қарсы шығады. Ол 1904 жылы қажыға барып келген соң, жала жабылып 10 жылға жуық түрмеде отырады. Түрмеден шыққан соң тіпті де ашына түскен батыр би, төрелермен келіспей, әділетсіздікке қарсы тұрып олардың шамына тиеді. Ақыры батыр Сауырдағы ителіні бастап Көктоғайға қоныс аударады. Бұл жақта да байлар мен билердің қысымына тап болған қазақтар батыр маңын паналайды. Тіпті өзге ұлт өкілдері де оның жанына үйіріледі. Бұл жағдай жергілікті биліктің батырға деген қарсылығын күшейте түседі. Сондықтан ол осы қысымдрға қарсы тұру үшін қол жинап, қосын құрады. Орыстардан қару-жарақ алғызып, соғысқа жүйелі жаттығады. Ол жасақтаған қосын шекара аймақтағы қазақтардың малын тартып алып, қыздарын зорлаған моңғол жасақтары мен Қазан төңкерісінен қашып Қытайға өткен ақ орыс әскерлеріне тойтарыс береді. Зуқа қарамағындағы бес жүзден аса отбасын қазақ билеріне де, Қытай үкіметіне де салық төлеуден құтқарады. Қарапайым халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған Зуқа кедей-кепшікке, жетім-жесірге ерекше пана болып, жетім қалған көп баланы бауырына басқан. Ел аузында сол күндердің бірінде Зуқаның молқы елінен жылқы шауып алуға барған 13 батырын бір жас жігіттің ұрып жыққаны айтылады. Ерлігіне тәнті болған Зуқа жас батырды сұрастырып, оның Оспан екенін анықтайды. Содан бастап Зуқа Оспанға «Керейдің кер жақ батыры» деген атақ беріп, өз тәрбиесіне алып, үлкен үміт күткен деседі.
Зуқаның қарулы күшін жою үшін жергілікті билік тарапынан 1924-1926 жылдары 5 рет шабуыл жасалады. Оның қосыны күшейген сайын жергілікті биліктің шамасы келмей, оларға тыңшы жібереді. Оларға Зуқаның дүнгеннен бағып алған ұлы Жақия Алтайдың Сарсүмбесінде тұратын қазақтан әйел алған Ыбырайым атты дүнгенмен тіл біріктіре отырып қызмет етеді. 1928 жылы қазан айында қыстаудан жайлауға жайбырақат көшіп Белқұдық деген жерге қонған Зұқаның елін екі сатқын әскер бастап келіп шейіт қылады. Аман қалған қазаққа сес көрсету үшін жергілікті биліктің тізгінін ұстаған Уижинго батырдың басын Қыран өзеніндегі көпірге іліп қояды. Халықтың кек алуынан қорыққан зұлым билеуші екі аптадай уақыт өткен соң батырдың басын қайтарып береді.
Әкесінің басы алынғаннан кейін ұлы Солтаншәріп қол бастап Гоминдаң үкіметімен шайқасуға дайындалады. Бірақ ақсақалдар қарсы соғысқа жол бермейді. Әкесінің жылдық асын берген соң ұлы Солтаншәріп ителі руын бастап Барколге барып қоныстанады. Баркөлде көп уақыт тұрған ел Тибет арқылы 1950 жылдары Үндістан, Пәкістанға ауады. Ол жақта 10 жылдай тұрақтаған қазақ қауымы Түркияға барып тұрақтайды.

Суретте Қизат қажы мен  Сават қажы Зуқаұлдары әкелерінің бейітінің басында

Қазіргі кезде Алтай мен Көктоғайдың арасындағы Белқұдық деген белде сол түні қырылған 50-ден аса шейіттің қоршалған бейіті бар. Ең алғашында бұл жерге батыр Зуқаның денесі бассыз жерленеді. Тек басы қайтарылған соң ғана, денесіне қосып қайта жерленеді.

 

Зуқа батыр туралы екі роман Үрімжі қаласында жарық көрді. Оның бірі «Зуқа батыр» деп талатын Батырқан Құсбегиннің еңбегі болса, «Пана» атты екінші роман әйгілі жазушы Қажығұмар Шабданұлының қаламынан туған болатын. Бұл екі кітап та Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жанындағы «Атажұрт» баспсынан қайталай жарық көріп, барша қазақ оқырманға ұсынылды.
Қазіргі таңда Зуқаның ұрпақтары барлығы дерлік Түркия мен Еуропа елдерінде тұрады. Батырдың кенже ұлы Қизат қажы 1999 жылы Ыстамбұлда қайтыс болды. Тағы бiр ұлы Сават қажы Алматы iргесiндегi Райымбек ауылында тұрады. Ал, «Қаражорға» биін қазақ жеріне әкелген немересі Арыстан қажы Шәдетұлы Алматы облысы, Қарасай батыр ауданы, Райымбек ауылында 1997 жылы бабасының құрметiне мешіп салып, оған батыр атын берді. Еуропадағы қазақ қоғамын басқарған тағы бір немересі Әбдiрахман Шетін бұл күнде Германияның Кельн қаласында тұрады. Басқа да немере-шөберелерін айтар болсақ, Есiмхан – Вашингтондағы Кеннеди әуежайында жауапты қызметкер, Талғат Көкбұлақ пен Өмiрхан Алтын Мюнхендегi «Азаттық» радиосында ұзақ жыл жұмыс жасаған. Танымал дiнтанушы-ғалым Шыңғыс Зуқаұлы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан жұртшылығына теледидар арқылы діни сабақтар жүргізіп, ислам жолында көп еңбек етті. Сондай-ақ, шетел қазақтары арасынан тұңғыш рет ҚР Жоғары Кеңесіне депутат болып сайланып, жеке меншік «Оғытай» банкісін құрған Ибраһим Гүллер де батырдың ұрпағы. Алматыда тұратын шөбересі Қалман Қосжiгiт болса қаламы қарымды халықаралық журналист.
Дайындаған Майгүл СҰЛТАН

baq.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: