|  | 

Суреттер сөйлейді

“Атылған көл”

Саржал ауылынан 20 километрдей жерде атом бомбасы сыналған қазаншұңқырды жергілікті халық “Атылған көл” деп атайды. Бұл жерде 1968 жылы жарылыс болған. Совет уақытында жарылыс орнында қалған бұл шұңқырды “Телькем-2″ деп атаған. Қазір оны ешкім бақыламайды. Көлді ешқандай жәндік мекендемейді. Бірақ көл маңында мал бағатын адамдар тұрады.

1

“Атылған көлдің” ар жағынан Семей полигонындағы сынақ алаңдарының бірі болған Дегелең тауы көрініп тұр. Көл мен Саржал ауылының арасы 20 километрдей жер.

2

Саржалдан Дегелеңге қарай шыққан соң үш километрден кейін осындай ескерту белгісі бар бағандар кездесе бастайды.

3

Дегелең тауының бергі жағындағы төбешік – “Атылған көл”. Сынақ кезіндегі бомба жарылысынан жер қыртысы қопарылып, осындай төбешік пайда болған. Төбешік ортасындағы шұңқыр әлі суға толып тұр.

4

Ертеректе беделді адамның бірі жерленген күмбезді бейіт. Жергілікті халық онда Шүрек батыр жерленген деп есептейді.

5

Шүрек қыстауындағы үй. Бұл – “Атылған көлге” ең жақын елді қоныс.

6

“Атылған көл” маңында шашылып жатқан кабель сымдары. 1991 жылы полигон жабылғаннан кейін жергілікті адамдар қараусыз қалған сынақ алаңдарына барып сондағы кабель сымдарын сатумен айналысты. Кабель жинайтындар оның сыртқы пластик қабығын өртеп, өзегіндегі мыс сымдарын алып, сататын.

7

“Атылған көл” жиегіндегі төбешікке шығып бара жатқанда уатылып жатқан тастар назар аудартады.

8

“Атылған көлге” адамдар әдетте көлдің солтүстік-батысынан келеді. Өйткені көлдің осы бөлігінде төбешік жоқ. Көлдің бұл тұсы қақпа сияқты әсер береді.

9

Көлдің шығыс және оңтүстік жиегіндегі төбешікте осындай бірнеше шахта бар. Саржалдықтардың айтуынша, бұл шахталар топырақтан сынама алу үшін пайдаланылады.

10

Шахталардың тереңдігі де әрқилы.

11

Жел соғып тұрған кездегі көл беті.

12

Көл ортасында және жағасында сорайып әртүрлі темірлер көрініп тұрады.

13

“Атылған көлдің” батыс бетінен қарағандағы көрінісі. Осы маңда жел әдетте, батыстан соғады. Көлдің ық, шығыс жағында ауылдар қоныстанған.

14

“Атылған көлдің” солтүстік жағында бірнеше километр жердегі екінші шұңқырдың сұлбасы. Совет кезінде ол шұңқыр “Телькем-1″ бір деп аталған. Осы екі жерде 1968 жылы арасы бір айдан екі жарылыс жасалған. Бұл күндері жаздағы дала өртінен кейін төңірек қарайып жатыр. Тек шұңқыр маңындағы төбешіктерге ғана от тимеген.

15

“Атылған көл” жиегінде қопарылған жер қыртысы біртіндеп үігітіліп жатыр.

16

“Атылған көл” жиегіндегі төбешіктің солтүстік бетінде әлдебір жәндіктің жаңадан қазған іні бар.

17

Қопарылыстан кейінгі жер қыртысының түсі әртүрлі.

18

“Атылған көл” маңындағы радиация көрсеткіші әртүрлі екендігі байқалады. Төбешік басында жел соғып тұрғанда радиацияның азайғаны, ал өзге бөліктерде радиация мөлшері көбейгені көрінеді.

20

“Атылған көлдің” батыс жақ жиегіндегі ойпаңдау тұста радиация мөлшерден тым көп екені байқалды. Дозиметр құрылғысы мұндайда ерекше сигнал береді.

Азаттық радиосы

Related Articles

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Қуанышты, сүйінішті жаңалық! Алаштың беймәлім бейнесі табылды Арма, қадірлі оқырман! «Искры» журналдың 1907 жылғы бір санында қазақ қайраткерлерінің бізге беймәлім бейнесі сақталған. Айта кетейік, «Искры» суретті журналы 1901-1917 жылдары «Русское слово» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрған. “Думадағы мұсылман фракциясы” деп аталатын суретті хабарда патшалық Ресей құрамындағы мұсылман депутаттарының бейнесі көрсетілген. Ішінде думаға мүше болған қазақ депутаттары да бар. Атап айтсақ төрт тарихи тұлғаның бейнесі сақталыпты: Бірінші сурет: М. Тынышбайұлы, Жетісу облысы; Екінші сурет: Б. Қаратайұлы, Орал облысы; Үшінші сурет: А. Бірімжанұлы, Торғай облысы; Төртінші сурет: Ш. Қосшығұлұлы, Ақмола облысынан. Ұлыстың ұлы мерекесі құтты болсын! Елдес ОРДА 19.03.2025

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: